ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
95
- құлайтын салмақ (динамикалық жүктеме) статикалық массаға қарағанда көбірек
күш шығаратын болады (статикалық жүктеме);
- потенциалды құлау қашықтығы, сондай-ақ генерацияланатын соққы күші ескерілуі
тиіс;
- жабдықтың дұрыс пайдаланылмауы жүктеме құрылғы немесе жүйеге есептелген
жүктемеден біршама аз болған уақытта апатқа әкелуі мүмкін;
- жүйенің әртүрлі бөлігіне әсер ететін күш жүйенің конфигурациясына байланысты
өзгеруі мүмкін.
25.9 Өнеркәсіптік альпинистер пайдаланатын жұмыс жабдықтарының барлығы
орындалатын жұмыстарға сай келуі тиіс.
Биіктікте жүргізілетін жұмыстарға арналған жұмыс істейтін жабдықты таңдаған
уақытта төмендегілерді ескеру қажет:
- жұмыстардың орындалу жағдайы мен жұмыс жабдығы пайдаланылуы тиіс жерде
жұмыскерлер мен үшінші тұлғалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп;
- қол жеткізу және шығару үшін жұмыс жабдығы үшін – көмегімен жету тиіс ара-
қашықтық;
- ара-қашықтық және жұмыскерлердің потенциалды құлауының (үзілуінің) салдары;
- жұмыс жабдығының пайдалану уақыты
мен жиілігі;
- апатты жағдайда жеңіл әрі уақытылы шығару және құтқару қажеттілігі;
- жұмыс жабдығын пайдаланумен, орнатумен немесе алынып тастаумен не болмаса
жұмыскерлерді шығарумен және құтқарумен байланысты кез келген қосымша тәуекелдер.
25.10 Жұмыс жабдығы әр пайдаланудың алдында тексерілуі және дайындаушы
зауыттардың немесе жеткізушілердің талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде сыналуы
тиіс. Сынақ нәтижелері альпинистік жабдық пен аспаптардың арнайы сынақ
журналдарына жазылуы тиіс. Жұмыс жабдығы өндірушінің немесе жеткізушінің
талаптарына сәйкес сақталады.
25.11 Өнеркәсіптік альпинизм әдістерімен биіктікте жүргізілетін жұмыстарға
18 жасқа толған және 60 жастан аспаған, биіктікте жүргізілетін жұмыстарға
жарамдылыққа медициналық куәландырудан өткен, кемінде 3-разрядтағы монтаждаушы
біліктілігі бар, биіктікте жүргізілетін жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелеріне
үйретілген, мұндай жұмыстарды жүргізуге машықтанған және тәжірибелік дағдысы бар,
әр жұмыс алтында берілетін арнайы нұсқамаларды алған, биіктікте жүргізілетін
жұмыстарға жіберілу туралы тиісті куәлігі бар тұлғалар жіберіледі.
Өнеркәсіптік альпинистерді медициналық куәландыру «Зиянды, қауіпті және
қолайсыз өндіріс ықпалдарының әсеріне ұшырайтын жұмыскерлерді міндетті алдын ала
және мерзімді медициналық тексеруден өткізу бойынша нұсқау» талаптарына сәйкес
жүргізіледі.
Жұмыскерлердің дені күші жеткілікті болуы және жұмысты қауіпсіз орындауға
кедергі келтіруі мүмкін қандай да бір жарақаты немесе сырқаты жоқ болуы тиіс.
25.12 Жұмыскерлер арнайы оқытудан өтіп, апатты жағдайларда қасындағы серігін
құтқару/жіптен босату шараларын қосқанда, орындауы тиіс болатын өнеркәсіптік
альпинизм жұмыстарын орындау үшін білікті және білгір болуы тиіс.