1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 117,34 Kb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата27.12.2019
өлшемі117,34 Kb.
#25065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін мынадай санаттағы:

      1) жұмыс іздеген адамдардың;

      2) жұмыссыздардың;

      3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты 

жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.

      3. Жұмысқа орналасу үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында жаңа 

тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:

      1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен 

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған 

мектеп-интернаттардың түлектері;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын оралмандар;

      3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан 

кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;

      4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің 

тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық 

жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін 

қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты 

пайдаланады.

      4. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде ерікті қоныс аударатын 

адамдарды мемлекеттік қолдау:

      1) жұмыскердің қоныс аударуы жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 

жағдайларды қоспағанда, адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуына, соған 

байланысты шығыстардың орнын толтыруға субсидиялар беруді;

      2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй, 

қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді;

      3) жұмыс берушінің қажеттілігі бар болған кезде кәсіптік

      оқытуды;

      4) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.




      5. Халықты жұмыспен қамту орталығы ерікті түрде жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударатын 

адаммен және жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушімен әлеуметтік келісімшарт жасайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!

      25-бап 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 

 Заңымен.

№ 482-V


25-бап. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру

      1. Арнайы жұмыс орны мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын оны

құрған кезден бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге сақтау үшін құрылады.

      2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құруды жұмыс беруші халықты 

жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде жүзеге асырады.

26-бап. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру

      1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын, белгiленген 

тәртiппен жұмыссыздар деп танылған адамдар жұмысынан айырылған жағдайда "Міндетті әлеуметтік 

сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру 

қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.

      2. Жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары 

болып табылатын жұмыссыздардың әлеуметтік төлем алуға құқығы оларды халықты жұмыспен қамту 

орталығы кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберген кезде 

сақталады.

      3. Халықты жұмыспен қамту орталығы алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарған күннен 

бастап екі жұмыс күні ішінде ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы Мемлекеттік әлеуметтік 

сақтандыру қорына ұсынады.

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген 

ақпаратты алу негізінде жұмысынан айырылған жағдайдағы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда әлеуметтік төлемдерді 

тоқтатады.

      4. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастырудың жеке картасына тиісті 

өзгерістерді уақтылы енгізеді.



27-бап. Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

      1. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын 

есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын 

тәртіппен жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді;

      2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды;




      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;

      4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының 

қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын 

азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілейді.

      2. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ, жұмыскерлердің орташа жылдық 

санының жиырма пайызынан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.



5-тарау. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК

СЕРІКТЕСТІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

28-бап. Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қатысуы

      1. Жұмыс берушiлер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясатын iске асыруға:

      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттары мен ұжымдық 

шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;

      2) персоналды кәсiптік оқыту жүйесін дамыту;

      3) кадрларды техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу 

орнынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы 

даярлау;


      4) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi жұмыскерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және 

ұтымды пайдалану;

      5) қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын 

құру;


      6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының 

жолдамасы бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес 

бар бос орындарға қабылдау;

      РҚАО-ның ескертпесі!

      7) тармақша 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 06.04.2016 

 Заңымен.

№ 482-V

      7) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру;



      8) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық деректер базасына сұранысқа ие мамандықтар 

бөлінісінде ағымдағы бос орындар және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді ұсыну;

      9) жұмыс орындарын құру арқылы қатысады.

      2. Жұмыс берушi:




жүктеу 117,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау