ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет29/31
Дата27.12.2019
өлшемі1,52 Mb.
#25017
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

99
негізгі  фактор  ретінде  әрекет  етеді,  екінші  жағынан  үйлесімді 
жеке тұлға дамуының кепілі болып табылады. 
Іс-жүзінде  кез  келген  оқыту  процесінің  ең  маңызды 
мақсаттарының бірі оған қатысушылардың өзіндік санасын дамыту 
болып  табылады.  Жеке  тұлғаның  өсуі  тұрғысынан  алып  қарағанда 
топтық  жұмыстың  негізгі  міндеті  жеке  тұлғалық  өзіндік  сананың 
барлық  шағын  құрылымдарының  дамуы  болып  табылады.  Атап 
айтқанда: когнитивтік – өзі, жеке тұлғаның бейнесі ретіндегі өз МЕН-
і туралы білімдер жүйесінің кеңеюі мен нақтылануы, дәлденуі; аф-
фектілік - өзін-өзі бағалау, өзіне өзінің оңды қатынасының жасалуы, 
өз мүмкіндіктері мен әлеуеттерін барабар бағалау; мінез-құлықтық 
 өзара әрекеттестік пен араласудың нақты жағдаяттарында өзіндік 
МЕН-тұжырымдамасының  бекітілуі,  өзін  өзі  реттеудің  тиімді 
дағдыларының қалыптасуы. 
Адам: өзі туралы түсініктердің белгілі бір жиынтығын белгілеуге; 
бұл түсініктерді үнемі нығайтып, қолдап отыруға ұмтылады. Әрбір 
адамда  ақпаратты  «МЕН-бейнесіне»  және  өзіндік  дүние  бейнесіне 
неғұрлым  сәйкестендіру  мақсатымен  өзімізді  және  айналамыздағы 
дүниені  қалай  көретінімізге  толықтай  сәйкес  келмейтін  ақпаратты 
қабылдамау,  бұрмалау  немесе  теріске  шығару  үрдісі  бар.  Осының 
салдарынан жеке тұлға дүниені біржақты, біз өзімізді және қоршаған 
дүниені қалай көретінімізден ерекшеленетін немесе сәйкес келмей-
тін  ақпаратты  бұрмалай  отырып,  өз  түсініктері  арқылы  қабылдай    
бастайды [25]. 
Қажеттіктерді қанағаттандырудың жеке көріністері әдетте орта 
жағдайларымен шектеледі. Әлеуметтік талаптардағы қайшылықтар, 
даралықты, тұтастық пен жеке шекараларын сақтауға ұмтылу, сон-
дай-ақ  эмоциялық  жеке  тұлғалық  маңызды  апперцепциялар  психо-
логиялық қорғаныс стратегиясын қалыптастырады. Психологиялық 
тәжірибе көрсеткендей, қорғаныстардың өздері агрессияны иемдену 
және алаңдаушылықтың өзгеруіне байланысты туындайды. 
Эрик  Берн  бастапқы  тікелей  айтылуынан  алшақтап  кететін, 
сүйіспеншілікті  қажетсінуді  білдірудің  4  формасы  мен  деңгейін     
бөліп  көрсетеді:  1)  сүйіспеншілікті  қажетсіну;  2)  назар  аударуды 
қажетсіну; 3) мойындауды қажетсіну;  4) бақылауды қажетсіну [37]. 
Нәтижесінде  негізгі  қажеттіктерді  қанағаттандыру  үшін  сце-
нарийлер,  бағдарламалар  пайда  болады.  Оларды  іске  асыруда  бел-
гілі  бір  рөлдер  туындайды.  Мұндай  рөлдер  мен  бағдарламаларды 


100
түсіну адамның өзінен жасырынған топқа қатысушылардың стиль-
дік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, топ басшылығының стилі 
мен қатынас-байланыс формаларына байланысты айналасындағылар    
үшін  бұрмаланған  түйсінуден  қорғалған.  Бірақ  та  егер  олардың  
негізіне  назар  аударсақ,  онда  мінез-құлық  себептері  неғұрлым 
айқын  көрінетін  болады.  Мысалы,  бала  өзіне  назар  аударылуын 
қалайтындықтан,  көбінесе  қыңырлық  танытып,  әлде  бір  нәрсеге 
қарсы наразылық білдіреді деген пікір бар. Бұл шындыққа ішінара 
сәйкес  келеді.  Алайда,  егер  бұл  процесстің  мәніне  назар  аударсақ, 
онда  бәрінен  бұрын  оның  негізінде  адамның  сүйсіпеншілік  пен 
қамқорлықты  басқаша  тәсілдермен  қабылдай  немесе  иелене  ал-
мауы  жатады.  Және  де  тұтастай  алғанда  тәжірибе  көрсеткендей, 
сүйіспеншілік  пен  қамқорлықты  сындарлы  білдіру  кезінде  балаға 
жағдаятқа бөлінген 5-10 минут жеткілікті болады. Күніне осыған 
ұқса  5-7  жағдаят  болуы  мүмкін.  Нәтижесінде  адам  әділетті 
қатынастарға, табысты қатынас- байланыстарға үйренеді. 
Тұтастай  алғанда  топтағы  қатынастар  мен  рөлдердің 
қалыптасуына әсер ететін бірнеше факторды бөліп көрсетуге бола-
ды.  Бұл  жерде  зерттеу  үшін  олардың  жағдаяттық  ықпалын  немесе 
тұрақтылығын түсіну маңызды болып табылады. 
1.  Танымдық қызмет стилі, басшылық стилі мен сипаттамалық 
ерекшеліктер  рөлдік  ұнатуларды  салыстырмалы  түрде  тұрақты 
анықтайды. 
2.  Топты біріктірген мақсаттар, құралдар, міндеттер, қызметтер 
жағдаятты ықпал етеді. Сондай-ақ топтық процесске қатысушылар-
да  осыған  ұқсас  жағдаяттардың  алдыңғы  тәжірибеге  көзқарасы  да 
әсер етеді. 
3.  Иемдену  стратегиялары  немесе  психологиялық  қорғаныс 
үлгілері  ерекше  позицияны  иеленеді.  Жеке  ерекшеліктер  мен 
әлеуметтік орта негізінде пайда болатын психологиялық қорғаныстар 
ақпаратты,  стильдік  көріністерді  және  қатынас  формаларын  қайта 
өңдеу тәсілдерін алмастырады. 
Бөлініп көрсетілген факторларды түсіне отырып, балалар үйінің 
қызметкерлері  топтық  процесстерге  және  рөлдерді  бөлуге  ықпал    
ету тәсілдерін анықтап алады. Топтық серпінділік түсінігіне негізгі 
5 элемент енеді: 
1.  Топтың  мақсаттары.  2.  Топ  нормалары.  3.  Топтың 
топтасқандығы.  4.  Топ  құрылымы  және  көшбасшылық  проблема-


101
лары.  5.  Топ  дамуының  фазалары  немесе  кезеңдері.  Левин,  Лип-
пит  және  Уайт  шағын  топтардағы  басшылық  стильдері  жөнінде 
классикалық  зерттеулер  жүргізді.  Олар  әміршілік,  демократиялық 
ымырашыл  және  салғырт  стильдерді  бөліп  көрсетті  және  оларды 
міндеттерді  шешу  кезіндегі  топтар  жұмысының  өнімділігімен,  со-
нымен бірге қатысушылардың топтарда болғандығы тәжірибиесіне 
қанағаттанушылығымен байланыстырды. 
Тұтастай  алғанда  топ  адамдардың  эмоцияларға  толы  жеке 
тұлғалық  байланыстардағы  қажеттіліктеріне  неғұрлым  ойдағыдай 
жауап  берсе,  ол  соншалықты  топтаса  түседі.  Топ  топтасқан  сайын 
оның мүшелерінің көзқарастары мен іс-әрекеттеріне топтық бақылау 
солғұрлым  қатаң  болады,  онда  топтық  нормалар  қатаң  сақталады,    
жеке тұлғалардың топтық құндылықтық тәртіптерді қабылдау дәреже-
сі солғұрлым жоғарырақ болады. Топтасқан топта сергек қатынастар 
мен  өзара  қолдау  ахуалы  қалыптасады,  оның  мүшелерінде  топтық 
сәйкестік сезімі қалыптасады. Топтасқандық қатысушылардың ортақ 
міндеттерге  бейімділік  көзқарасы  мен  эмоциялық  берілгендікті  ту-
ындатады, топқа ең күрделі жағдайлардың өзінде де тұрақтылықты 
қамтамасыз  етеді  және  ортақ  стандарттар  әзірлеуге  жағдай  жасай-
ды,  олар  жеке  мақсаттардың  әр  бағыттылығына  қарамастан  топты 
орнықты етеді. 
Топтық  серпінділік  заңдарын  бөліп  көрсете  отырып,  мына-
ны  атап  көрсетуге  болады.  Оның  жеке  мүшесінің  мінез-құлқына 
қарағанда, тұтастай алғанда топтың мінез-құлқына сырттан ықпал ету 
оңайырақ. Адам өзі оған көбірек тәуелді болатын топтың емес, өзін 
теңдестіретін топтың мүшесі болуға бейім. Адам тіпті егер олардың 
мінез-құлқы әділетсіз, қысым көрсетуі достықты көздемейтін болып 
көрінсе  де  өзін  оларға  қатыстымын  деп  сезінетіндердің  арасында 
қалады. 
Зерттеулерді  қорытындылау  топтық  ынтымақтастыққа  жағдай 
жасайтын мынадай факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 
1.  Топқа  қатысушылар  мүдделерінің,  көзқарастарының, 
құндылықтары  мен  бағдарларының  сәйкестігі.  2.  Топтар  құрамы 
гомотектігінің жеткілікті деңгейі. 3. Психологиялық қауіпсіздік, ізгі 
ниеттілік, қабылдау ахуалы. 4. Барлық қатысушылар үшін мәні бар 
мақсатқа  қол  жеткізуге  бағытталған  белсенді,  эмоцияларға  толы 
бірлескен қызмет. 5. Оңтайлы әрекет етуші қатысушының үлгісі ре-
тіндегі  жүргізушінің  тартымдылығы.  6.  Топтасқандықты  күшейту 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау