ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет23/31
Дата27.12.2019
өлшемі1,52 Mb.
#25017
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

80
Үрей қызметі — бізге қауіптіліктің өте зор екендігі, оған шама-
мыз жетпейтіні және мүмкіндігінше қашып кету немесе жасырынып 
қалу  туралы  хабарлайды.  Бұл  таңдаудың  жүзеге  асуы  үшін  қандай 
тетіктер қолданылады? Есте ұстаңыздар: «үрейден сілейіп қалдым» 
және «үйреленіп қаштым». 
Нағыз жыртқыш пайда болған кезде өмір сүру үшін бастапқыда 
тағы табиғатта қалыптасқан эмоциялар іске аспаса, не істеуге болады? 
Не қашу керек, не болмаса өтіп кетер деген үмітпен соңын күту керек. 
Жағымды эмоцияларды біз өз басымыздан өткіземіз және «бұл» бізге 
ұнайды. Осындай жағдайға қайтып оралуды аңсаймыз. Ал бұл үшін 
олар туындайтын жағдайларды жасау қажет. Мысалы, бақыт біздер-
ге біздің құндылықтарымыздың қанағаттандырылғанын хабарлайды. 
Яғни бақытты болу үшін құндылықтарды қанағаттандыру қажет.
Таңдану  қызметі — алынған ақпараттың біз жасаған ұйғарымдар-
ға сәйкес келмеуін хабарлайды [32].
Эмоциялардың  жеке  тұлғалық  мағыналарды,  өз  МЕНІН  түсі-
нуді, өзіндік сананың дамуын, жеке психологиялық кеңістікті құру 
икемділігін анықтауы маңызды.
Бізді бала кезден жағдаяттарға сәйкес дұрыс сөйлеуге үйретеді. 
Алайда  жағдайды,  мысалы,  эмоцияны  жағдаят,  идеялар  және  мін-
деттерге  сәйкес  таңдап  алуды  үйретпейді.  Сондықтан  эмоциялар 
бастапқыда дамудың алғашқы сатысында, тағы табиғатқа неғұрлым 


81
сай келетін жағдайда пайда болады, олар керек емес немесе қажетті 
қауырттылықпен пайда болуға тиіс емес жерде жиі пайда болады (не-
месе пайда болады) [32, 33].
Эмоцияларды басқару критерийлері. Сіз эмоцияларды басқара 
білемін деп есептеуіңіз үшін мыналарды істей білуіңіз керек:
– эмоцияға «қағидат» бойынша жол беру (яғни қандай да бір не-
гіздегі жағдайға қолжетімділікке ие болу);
– қалауы бойынша кез келген негізде эмоцияға жол беру;
– одан шығу (кейбір эмоциялар үшін бұл енуден гөрі анағұрлым 
маңызды);
– оны қажетті мерзімге ұстай тұру (ену ғана емес – шығу);
– оның қауырттылығын ерікті түрде басқару (мысалы, шамалы, 
қатты және өте қатты қуана білу);
– бір эмоцияны басқасынан айыра білу.
Титықтауды жылдам жоюға арналған дем алу жаттығулары
Егер Сіз толқып тұрсаңыз, өзіңізді жұмыс істейтіндей жағдайға 
келтіру үшін не істеу керек?
4-ке дейін санап, ішке дем алуға оны 4-ке дейінгі есепте сыртқа 
шығаруға,  дем  шығаруды  тағы  да  4-ке  дейінгі  есепте  ұстап  тұруға 
болады. Дем алудың мұндай түрі ағзаны жоғары тиімділік жағдайына 
әкеледі  екен.  Бұл  Сізге  бәрі  жақсы,  көңіл-күйіңіз,  өзіңізді-өзіңіз 
сезінуіңіз  тамаша,  жұмыс  өз-өзінен  орындалып  жатқандай  жағдай. 
Мұның өте сенімді болып естілмеуі мүмкін.
Бәрінен де 3-4 дүркін осылайша дем алуға әрекеттеніп көріңіз.
Дене өз-өзінен тіктеліп, көңіл-күй көтеріле түседі! Жалқауланбай, 
осы шағын тәжірибені жасап көрініз. Сізде күш пен сенімділік сезі-
мі пайда болады. Егер Сізде кенеттен бір нәрсе бола қалса, өзіңізді 
өзіңіз билей алмай қалсаңыз, осы жаттығуды пайдаланыңыз.
Бірнеше  минут  өткеннен  кейін  өз  жағдайыңыздың  анағұрлым 
жақсаруын  сезінесіз.  Сонымен  бірге  осы  жаттығудың  йогтық 
нұсқасы да бар. Өзгешелігі — ішке қарай 4-ке дейінгі есепте сыртқа 
дем шығарасыз, дем шығаруды 4 есепке кідіртесіз. Егер жаттығудың 
бірінші нұсқасын шаршы түрінде кескіндеуге болатын болса, екінші-
сін үшбұрыш түрінде кескіндеуге болады.


82
Жанжал кезінде ашу-ызаны бағындырудың 10 тәсілі
1.  Қатты ашуланып кеткеніңізді мойындаңыз.
2.  Бөлмеден  шығып,  болып  өткен  жағдайдан  ойша  бөлек-
теніңіз.
3.  Жанжалдың  маңызы  мен  тағдырға  әсерін  асыра  бағала-
маңыз.
4.  Жанжал, мысалы тіс дәрігеріне ойда жоқта бару тәрізді жой-
ылды, орын алған жоқ деп ойлаңыз.
5.  Бірнеше рет ішке қарай және сыртқа қарай дем алып, 10-ға дей-
ін санаңыз және түкке керек емес озбырлықтың қандай салдарларға 
әкелетінін салмақтаңыз.
6.  Жәбірленушімен  қатынасты  бірден  және  біржола  үзуге 
тырыспаңыз, өзіңізге жағдаятты ойластыруға уақыт беріңіз.
7.  Екпіндетіп бір нәрсені айтып салмай, үзіліс жасаңыз. Бір ми-
нуттан кейін бұл сөздердің керек болмай қалуы мүмкін.
8.  Бұл сәтте жәбірленген асқақтық пен өзін-өзі жақсы көру ту-
ралы азырақ ойлаңыз.
9.  Эмоцияларды  әріптестерге,  балалар  және  жақындарға 
емес,  басқаша  жағдайда  білдіру.  Мұны  жапа-жалғыз  кезде,  жақын 
достарыңызбен  болған  кезде  істеген  дұрыс  немесе  өз  ашуыңызды 
қағаздан алыңыз — ол бәріне де көнеді.
10. Егер Сізге ұсынымдардың ешқайсысы көмек бермесе, онда 
өзіңізді  өзіңіз  құрбандыққа  шалмаңыз,  шешімнің  басқа  тәсілдерін 
іздестіріңіз, мүмкін өмір салтын өзгерту қажет болар.
Сезімдердің  әйгіленуі.  Бұл  техниканың  мәні  әңгімелесуші 
сезімдерін  сөздермен  баяндау  болып  табылады.  Бұл  техниканы 
орындай отырып, біз оның, мысалы: қайғы, ашу-ыза, қуаныш және т.б. 
сезімдерін білдіруге қолданған сөздеріне назар аударамыз. Мұнымен 
бірге  біз  оның  сөзбен  білдірілмеген  іс-әрекеттерін  қадағалаймыз, 
оған қосылып, оның орнында болсақ нені сезініп, нені сезіне білуге 
тиіс екенімізді түсінуге тырысамыз. Оның әңгімесіндегі эмоциялық 
қанықты  жайттарды  таба  отырып,  біз  ол  басынан  өткізген  немесе 
өткізіп  жатқан  эмоцияны  атаймыз,  оның  басынан  өткен  тарихтың 
мазмұнын ғана емес, оның сезімдерін, тілектерін, себептерін түсінуді 
байқатамыз.


83
Мұнымен  бірге  біз  әңгіме  мазмұнының  оның  эмоциялық 
жағдайынан  ерекшеленетініне  көңіл  аудара  отырып,  адам  берген 
хабардың  үйлесімсіздігін  атап  көрсетеміз.  Тыңдаушы  әңгімелесуші 
сезімдерін әйгілей отырып, әдетте оның алдында мынаған ұқсас кіріс-
пе сөз тіркестерін қосады: «Сіз мынадай сезімдесіз ...»; «Сіз өзіңізді 
қаншалықты ... сезінесіз ...»; «Маған Сіз ... болып көріндіңіз»; «Мүмкін, 
Сізге ...»; «Сіз ... ұқсайсыз ...»; «Маған Сіз ... болғанға ұқсайсыз ...»; 
«Мен Сіздің ... болғаныңызды сездім»; «Сезімім алдамаған екен, Сіз 
...»;  «Мен  Сізге  не  болғанын  сеземін,  ...»;  «Мен  Сіздің  сөзіңізден 
байқадым, ...»; «Егер мен дұрыс түсінсем, онда Сіз ...».
Сезімдерді  атау  жағдайға  елеулі  ықпал  етеді,  өйткені  нақ 
осы  сөздер  көмегімен  біздер  өз  санамызда  өзімізбен  болып  өткен 
жағдайды нышандайтын белгілік жүйе болып табылады.
Өз  сезімдерін,  ниеттері  немесе  іс-әрекеттерін  ұғыну,  яғни  бұл 
материалды  санаға  енгізудің  өзі  біздің  өзіндік  сезіміміз  бен  мінез-
құлқымызды өзгертеді.
Адамдардың барлығы дерлік кейде өздері құтыла алмайтын іс-
әрекеттерді еріксіз жасайды: әлдебіреу әңгімелесу кезінде құлағын 
ұқалайды, әлдебіреу шынтағын әңгімелесіп отырған адамның үсте-
ліне тірейді, ал әлдебіреу әрбір сөзден кейін «яғни» сөзін қолданады. 
Мінез-құлықтың  бұл  элементтерін  біз  сананың  қатысуынсыз 
қабылдаймыз, сондықтан да біз оларды іс-жүзінде бақылай алмай-
мыз.
Алайда егер кезекті қабылдау кезінде біз бұл мінез-құлықты се-
зінсек, ол дереу тоқтатылады. Сізге жуырда болып өткен жанжал ту-
ралы ынты-шынтысы шығып әңгімелеп отырған жақын адамды еске 
алыңыз. Ол өзіне дос емес адамның мінез-құлқына риза емес және 
ашу-ызасын  білдіріп  отыр.  Ол  кенеттен  Сізбен  ашуланып  сөйлеп 
отырғанын сезініп, жуырда ғана болған нәрсе жоқ болады. Бұл сәтте 
оның дауыс екпіні өз-өзінен өзгеріп сала береді. Сезімдерді әйгілеу 
кем дегенде төрт тәсілмен орындалуы мүмкін: 1) сезімдердің үзілді-
кесілділігі; 2) жағдайды сипаттау; 3) ниеттерді сипаттау; 4) ме-
тафораларды пайдалану.
Сезімдердің  үзілді-кесілділігі.  Ә  дегенде  сезімдерді  әйгілеудің 
қарапайым  және  табиғи  әдісі  –  оларды  зат  есімді  («...Сіз  зерігуді 
бастан  өткізіп  отырсыз  ба...),  сын  есімді  («Өзіңізді  зерігуші  деп 
сезінесіз бе...») және үстеуді (...Сіз үшін зеріктірерлік жағдай ма...») 


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау