Ф 08. 06-52 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



жүктеу 3,98 Mb.
Pdf просмотр
бет4/15
Дата25.12.2019
өлшемі3,98 Mb.
#24959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

11

жұмыс  процесінде  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  өндірістік  фактолардың  әсеріне 

ұшырайтын қызметкердің өмірлік күші мен қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-

түлік  өнімдерінің,  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтердің  ең  төменгі  жиынтығы 

кіреді;

Схемалар, тапсырмалар, жағдайлар



Еңбек құқығының субъектілерінің түрлері бойынша схема құрастыру.

Блиц – тест

1.Еңбек құқықтық қатынасының субъектілері болып кімдер табылады?

а) жұмыс беруші мен жұмыскер

ә) жұмыс беруші мен еңбек ұжымы

б) кәсіпорын әкімшілігі және жұмыс беруші             

в) жұмысшы, еңбек ұжымы, кәсіпорын әкімшісі, жұмыс беруші

г) жас балалар

2.Еңбек құқықтық қатынасының туындауының жалпы негіздері не болып табылады?

а) сыннан өту 

ә) жеке еңбек шартын бекіту

б) жұмысшыны жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың шығуы           

в) жұмысқа қабылдану үшін жұмысшының жұмыс берушіге барлық қажетті 

құжаттарды тапсыруы

г) келісім арқылы

3.Еңбек құқықтық қатынасының мазмұны қалай анықталады?

а) еңбек заңдылығының жалпы ережелерімен

ә) жеке еңбек шартының мазмұнымен

б) ұжымдық шарт мазмұнымен

в) барлығы

г) келісіммен

4.Ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік қатынастарды және оған тығыз 

байланысты қарым-қатынастар қалай аталады?

а) еңбек құқығының пәні  ә) еңбек құқығының әдісі

б) еңбек қатынастары  в) еңбек нормалары   г) барлығы

5.Төмендегілердің қайсысы еңбек құқығы жүйесінің ерекше бөліміне жатады?

а) еңбек құқығының түсінігі  ә) еңбек құқығының әдісі

б) еңбек қатынастары в) жеке еңбек шарты г) ұжымдық шарттар

6.Еңбек құқығының рөліне қайсысы жатпайды?

а) әлеуметтік әріптестікті нығайту

ә) адрестік әлеуметтік көмек деңгейін көтермелеу

б) жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарама-қайшылықтарды жою

в) еңбек жағдайларын жақсарту  г) барлығы

7.Еңбекке  қабілетті  азаматтар(қызметкерлер),  ұйымдар  (жұмыс  беруші,  яғни  кез 

келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары, кәсіптік 

одақтар және мемлекеттік органдар қатысады.

а) еңбек құқығы қатынастарына субъектілер

ә) жұмыс беруші мен еңбек ұжымы

б) кәсіпорын әкімшілігі және жұмыс беруші             

в) жұмысшы, еңбек ұжымы, кәсіпорын әкімшісі, жұмыс беруші

г) жас балалар




12

8.Еңбек  заңнамасында  танылған  еңбек  құқықтары  мен  міндеттерін  иелену  қабілеті 

,яғни,  еңбек  құқығы  қатынастарының  қатысушысы  болудың  теориялық  мүмкіндігі 

немесе қабілеті. 

а) еңбек құқығының түсінігі  ә) еңбек құқығының әдісі

б) еңбек қатынастары в) еңбекке құқық қабілеттік г) ұжымдық шарттар

9.Құқықтық  қатынастардың  мазмұнын  құрайтын  субъективтік  құқықтар  мен 

міндеттерді өз әрекеттері арқылы иелену қабілеті. 

а) еңбек құқығы қатынастарына субъектілер

ә) еңбекке құқық қабілеттік 

б) кәсіпорын әкімшілігі және жұмыс беруші             

в) жұмысшы, еңбек ұжымы, кәсіпорын әкімшісі, жұмыс беруші

г) еңбекке әрекет қабілеттік

10.Ұйымдардың еңбек құқықсубъектілігінің екі өлшеммен анықтауға болады; жедел 

және мүліктік.

а) еңбек құқығы қатынастарына субъектілер

ә) жұмыс беруші мен еңбек ұжымы

б) кәсіпорын әкімшілігі және жұмыс беруші             

в) жұмысшы, еңбек ұжымы, кәсіпорын әкімшісі, жұмыс беруші

г) жұмыс беруші 



Пайдаланылатын әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек кодексі. 2007

2. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. – Алматы: Жеті жарғы, 2002.

3. АхметовА., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. 

4. Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана: 

Атамұра. 2004



Қосымша әдебиеттер:

5. Абузярова Н.А. Трудовое право РК. –Актобе, 1997.

6. Гусов. К.Н., Толкунова В.Н. Трудовое право России: Учебник. – М.: Юрист, 

1997.


7. Уваров В.Н. Трудовое право РК. – Алматы: Изд. КАЗГЮА. 2000.

№4  Сабақ. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт.

Сабақтың  мақсаты: Ұжымдық  шарт    түсінігі,  қағидалары,    тараптары  және  оның 

мазмұны туралы түсінік беру. Ұжымдық шартты жасау тәртіптеріне тоқталу.  

Сұқбат сабақтың жоспары 

1. Ұжымдық шарт: түсінігі, тараптары, мазмұны. 

2. Ұжымдық шартты бекіту тәртібі және әрекет ету мерзімі.

3. Келісімдер түсінігі, түрлері, тараптары.

4. Келісімдерді бекіту тәртібі, оларды өзгерту және олардың орындалуына 

бақылау жүргізу.

5. Ұжымдық шарт және келісімдер туралы заңдылықты бұзғаны үшін 

жауапкершілік.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұжымдық шарттар қандай мақсатта бекітіледі?

2. Ұжымдық шартты бекітудің тәртібі және әрекет ету мерзімі.




13

3. Ұжымдық келісімге анықтама және жалпы сипаттама беріңіз.



Глоссарий

1) Әлеуметтік әріптестік – атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер 

мен  қызметкерлер  өкілдерінің  мүдделерін  келістеруді  қамтамасыз  етуге 

бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі.

2) Ұжымдық  шарт  -  бұл  әлеуметтік  –  еңбек  қатынастарын  реттейтін  және 

қызметкерлермен  жұмыс  берушінің  арасында  жасалатын  жазбаша  шарт  ретінде 

рәсімделген құқықтық акт. 

3) Жұмыс  беруші- ұйымның  басшысы  немесе  ұйымның  жарғысына  (не  өзге  де 

локальдық актіге) сәйкес өкілеттіктерге ие өзге де тұлға арқылы.

4) Ұжымдық  шарттың  мазмұны-  бұл  нақты  бір  кәсіпорында  немесе  ұйымда 

әлеуметтік-  экономикалық  және  еңбек  қатынастарды  реттеу  үшін  тараптармен 

келісілген және қабылданған ережелер (жағдайлар). 

5) еңбек гигигенасы – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен 

еңбек ипроцесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-

эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

6) еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдан, 

келісімдердің еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші 

актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер 

(қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы 

келіспеушіліктер;

7) еңбек делдалдығы – халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту 

мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі 

көрсететін жәрдем;

8) еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу 

уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет 

көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін 

атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-

тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзгеде еңбек 

жағдайлары;

9) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – еңбек қатынастары саласындағы 

мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес жүзеге 

асыратын Қазақстан Республикасының мемлекттік органы;

10) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері – еңбек 

жөніндегі  уәкілетті  органның  тиісті  әкімшілік  аумақтық  бірлік  шегінде  еңбек 

қатынастары  саласындағы өкілеттіктерді  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 

сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

Схемалар, тапсырмалар, жағдайлар

Ұжымдық шарттың үлгісін жасау, оның мазмұнымен танысу.



Блиц – тест

1.Мемлекеттік кәсіпорында және немесе өзге де мемлекеттік құрылымда жасалатын 

ұжымдық шарттың тараптары?

а) менешік иесі және кәсіподақ комитеті;

ә) кәсіпорын басшысы және еңбек ұжымы;

б) уәкілдігі бар өкіл және кәсіподақ комитеті;              

в) кәсіподақ иесі және еңбек ұжымы;



жүктеу 3,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау