Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет21/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53

 
      2) ұқсас ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға 
бірыңғай еңбек нормаларын белгілеу;
 
      3) еңбек нормаларының ғылым және техника жетістіктері негізіндегі 
прогрессивтілігі;
 
      4) еңбек нормалары белгілене алатын және оны белгілеу орынды болатын жұмыс 
түрлерін еңбекті нормалаумен қамту;
 
      5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негізділігі қамтамасыз етілуге 
тиіс.
 
      
119-бап. Еңбекті нормалауды реттеудің ерекшеліктері
 
      Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым 
ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау 
және келісу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
 
 
10-тарау. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
 
      
120-бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік
 
                
кепілдіктер
 
      Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
 
      айлық жалақының ең төменгі мөлшерін;
 
      осы Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгі 
мөлшерін;
 
      еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарттарын;
 
      үстеме жұмыс үшін ақы төлеуді;
 
      мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы төлеуді;
 
      түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы төлеуді;
 
      жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерін шектеуді;
 
      жалақының толық және уақтылы төленуін және еңбекке ақы төлеу саласындағы 
мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды;
 
      жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.
 
      
121-бап. Жалақының мөлшері
 
      1. Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, 
орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек 
жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.
 
      2. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек 
нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері 
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен 
кем
 
болмауға тиіс.
 
      
122-бап. Жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеу
 
      1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан 
Республикасының заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшері 
ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстеме 
ақыларды, өтемақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да 
ынталандыратын төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.
 
      2. Еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты тиісті қаржы жылына арналған 
республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық 
жалақының ең төменгі мөлшерін және салалық келісімдерде анықталып, Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітетін салалық арттырушы коэффиценттерді есептеуден 
айқындалады.
 
      3. Өз еңбек міндеттерін (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердің сағаттық 
жалақысының ең төменгі мөлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақыты балансына 
сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына бөлінген айлық жалақының ең төменгі 
мөлшерінен кем болмауға тиіс.
 


 
      4. Бірінші разрядты қызметкердің еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында 
және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төменгі 
мөлшері немесе айлық тарифтік ставкасының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған 
республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық 
жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары 
зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - еңбекке ақы 
төлеудің ең төменгі стандартынан кем болмауға тиіс.
 
      
Ескерту. Осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 
 
қолданысқа 
 енгізіледі.
 
      
123-бап. Еңбекке сағаттық ақы төлеу
 
      Жұмыс күні толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты орындалған 
жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу 
үшін еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің 
актісімен еңбекке сағаттық ақы төлеуді белгілеуге болады.
 
      
124-бап. Жалақыны индекстеу
 
      Жалақыны көбейту жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік 
құқықтық актілерінде тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін негізге ала 
отырып, келісімдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген 
тәртіппен жүргізетін жалақыны индекстеуін қамтиды.
 
      
125-бап. Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру
 
      1. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс 
түрлерінің күрделілігі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, 
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік 
анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да 
қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.
 
      2. Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және 
қызметкерлерге біліктілік разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың жұмыстары 
мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, 
мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, 
жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, 
мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік 
сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
 
      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген анықтамалықтарды, жұмысшы кәсіптерінің 
тарифтік-біліктілік сипаттамаларын әзірлеуді, қайта қарауды, байқап көруді, 
бекітуді және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган 
айқындайды. Әр түрлі экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының, мамандарының және 
басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті 
қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік органмен келісе отырып әзірлейді және бекітеді.
 
      
126-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелері
 
      1. Қызметкерлердің еңбегіне уақыт бойынша, кесімді немесе өзге де еңбекке ақы 
төлеу жүйелері бойынша ақы төленеді. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек 
нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
 
      Еңбекке ақы төлеу жүйесі тарифтік, тарифсіз немесе аралас жүйелер негізінде 
қалыптастырылуы мүмкін.
 
      Еңбекке ақы төлеудің тарифтік жүйесі: тарифтік ставкаларды (айлықақыларды), 
тарифтік торды, тарифтік коэффициенттерді қамтиды.
 
      Еңбекке ақы төлеудің тарифсіз жүйесі еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты 
қызметкерлердің кәсіби қабілеттерін бағалаудың өлшемдері мен принциптеріне және 
олардың түпкі нәтижеге қосқан үлестеріне қарай үлестік бөлуге негізделеді.
 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау