4 ќызметкерлер санын немесе ќызметкерлер штатын ќысќартќан кезде жеке ењбек шарттарын бірінші кезекте



жүктеу 239,1 Kb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата25.12.2019
өлшемі239,1 Kb.
#24950
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

15 


10) мектеп демалысы кезінде Қоғамның бюджетінен бөлінген қаражат шеңберінде: 

а)  балаларды  сауықтыру  орталықтарында  Компания  қызметкерлері  балаларының 

жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға; 

б)  Компания  қызметкерлерінің  балаларын  демалу  орнына  және  қайту  жолында 

медициналық қызметкермен бірге алып жүруге қаражат бөлуге; 

Балалардың  сауықтыру  орталықтарында  болған  кезеңге  жолдамалардың  құнының 

есебінен жазатайым жағдайлардан ерікті түрде сақтандыруды қамтамасыз етуге;  

11) бюджетте бір балаға кем дегенде АЕК-тің 50 пайызы көлемі есебінен балалардың 

жаңажылдық  ертеңгілігін  ұйымдастыруға  және  Қоғамның  орталық  аппараты  мен 

филиалдары қызметкерлердің 10 жасқа дейінгі балаларына бір сыйлықтың құны кем дегенде 

1 АЕК-тен кем емес көлемдеде жаңажылдық сыйлықтарды сатып алуға қаражат қарастыруға; 

12) қызметкерлер-донорларға тексерілген және қан беру үшін қан тапсырған күндері  

жұмыс орнын (лауазымын) және орташа айлық еңбекақысын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан 

Республикасының  денсаулық  сақтау  саласындағы  заңнамаларына  сәйкес  өзге  де 

кепілдіктерді ұсынуға; 

13) Қоғамның Чернобыль апатын жоюға қатысқан қызметкерлеріне 5 еселенген АЕК 

көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетуге; 

14) Ауғанстаннан әскер шығару күніне орай, сондай-ақ Тәжік – Ауған шекарасындағы 

әскери  қимылдарға  және  әскери  шиеленістерге  қатысқан  Қоғамның  интернационал  – 

жауынгерлері қатарындағы қызметкерлеріне 5 еселенген АЕК көлемінде; 

15)  Қоғамның  бюджетінде  Қоғамның  Компанияның  спорт  мәселелеріне  жетекшілік 

ететін  құрылымдық  бөлімшелерімен  келісілген  спорттық  бұқаралық  іс-шаралар  мен 

жарыстардың  бекітілген  күнтізбелік  жоспарына  сәйкес  спорт  шараларын  өткізуге,  спорт 

құрал-жабдықтарын  сатып  алуға,  Қоғам  қызметкерлерінің  дене  шынықтыру  сабақтарына 

қатысулары үшін залдарды жалға алуға байланысты шығындарды қарастыруға;   

16)  табиғи  және  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  нәтижесінде  зардап 

шеккен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына 

сәйкес 50 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетуге;   

17)  кәмелетке  толмаған  3  және  одан  да  көп  баласы  (мектеп  жасындағы  бір  баладан 

кем  емес)  бар  қызметкерлерге  жылына  бір  рет  1  қыркүйек  қарсаңында  10  АЕК  көлемінде 

материалдық көмек көрсетуге;  

18)  қызметкерлердің  Компания,  Қоғам  ұйымдастырған  спорттық,  әлеуметтік  мәдени 

шараларға,  жастар  форумына,  конференцияларға,  тренингілерге  және  Қоғамның  құрама 

командасының  республикалық,  халықаралық  жарыстарға  қатысуларын  олардың  жұмыс 

орындары (лауазымы) мен еңбекақыларын сақтай отырып қамтамасыз етуге;  

19)  шақыру  хаты  болса  және  шақырушы  тарап  іссапар  шығындарын  растаса 

және/немесе бюджетте аталған шығындарға қаражат қарастырылған болса  қызметкерлердің 

еңбекақыларын  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  сақтай  отырып,  Қоғам 

ұйымдастырған 

спорттық, 

әлеуметтік 

мәдени 


шараларға, 

жастар 


форумына, 

конференцияларға,  тренингілерге,  сонымен  қатар  республикалық,  халықаралық  жарыстарға 

қатысуы үшін іссапарға жіберуге; 

20)  қызметкерлерді  Жұмыс  берушінің  кәсіподақпен  келісілген  актілеріне  сәйкес 

моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру түрлерін қолдануға;  

21)  Қоғам  бюджетінде  қаражат  болған  кезде  барлық  қызметкерге  медициналық 

қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге; 

22) еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны: 

а) заңды күшiне енген сот үкiмiмен кiнәлi екендiгi анықталған жағдайда оның қылмыс 

жасау кезiнде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған 

қызметкерге; 



 

16 


б)  соттың  ұйғарымы  бойынша  қызметкердi  мәжбүрлеп  емдеген  (психикалық 

аурулардан басқа) уақыт үшiн; 

в)  заңды  күшiне  енген  сот  үкiмiмен  немесе  қаулысымен  қызметкердiң  кiнәлi  екенi 

анықталған  жағдайда,  ол  қамауда  болған  уақыт  үшiн  және  сот-медициналық  сараптама 

жасалған уақыт үшiн; 

г)  қызметкердiң  iшiмдiк,  есiрткi  және  уытты  заттарды  пайдалануы  салдарынан 

туындаған  ауруларға  немесе  жарақаттарға  байланысты  еңбекке  уақытша  жарамсыздығы 

кезiнде; 

д)

 

жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы кезіндеге  еңбекке уақытша жарамсыздық 



уақыты үшін төленбейдi. 

23)  әлеуметтік  сипаттағы  жалпышаруашылық  баптары  бойынша  шығындарды  тиісті 

қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде қаржыландыруға;  

24)  Қоғамның  өндірістік  қаржылық  көрсеткіштері  нашарлаған  жағдайда  Қоғамның 

қызметкерлеріне  арналған  әлеуметтік  жеңілдіктердің  шығыстар  сметасын  қарай  қайта 

қарауға міндетті. 

 

VІІІ тарау 

Қоғам зейнеткерлерінің әлеуметтік пакеті 

 

1) Қоғам филиалдарында есепте тұрған, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге:  



а)  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларында  бекітілген  тізбеге  сәйкес  әлеуметтік 

маңызы бар аурумен науқастанған жағдайда 10 еселенген АЕК көлемінде;   

б)  жұмыс  істемейтін  зейнеткер-теміржолшы  қайтыс  болған  кезде  оның  отбасына 

немесе оны жерлейтін тұлғаға 15 еселенген АЕК көлемінде;   

в) жыл сайын Көлік қызметкерлері күніне орай жұмыс істемейтін, теміржол көлігінде 

10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар және зейнеткерлікке жасына байланысты теміржол көлігі 

ұйымынан шыққан зейнеткерге 2 АЕК көлемінде; 

г)  жұмыс  істемейтін,  Ұлы  Отан  соғысына,  Жол  қатынастары  халықтық 

комиссариатының  арнайы  құрылуына    қатысушыларға  Жеңіс  күнін  мерекелеуге  орай, 

сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жұмыс істегендерге 30 АЕК көлемінде;    

д)  мерейтойлық  жасқа  толуларына  байланысты  әйелдерге  –  60,  70,  80,  90  және  100 

жас,  еркектерге  –  70,  80,  90  және  100  жас,  10  еселенген  АЕК  көлемінде  біржолғы 

материалдық көмек көрсетуге:  

2)  теміржол  көлігіндегі  кем  дегенде  әйелдер  -  20  жыл,  еркектер  25  және  одан  көп 

жұмыс өтілі бар жұмыс істемейтін зейнеткерлерге тістерін протездеуге (қымбат металдарды 

қоспағанда) жиырма төрт айда бір рет төлем жасауға; 

Материалдық көмек тістерді  протездеу бойынша қызмет  көрсету фактісін растайтын 

құжаттар (шот фактуралар, атқарылған жұмыстар актісі және фискалды чек) негізінде, бірақ 

20 еселенген АЕК-тен артық емес; 

 

3) 



«Құрметті  теміржолшы»  белгісімен  марапатталған  жұмыс  істемейтін 

зейнеткерлерге  Қазақстан  Республикасының  аумағы  бойынша  және  Тәуелсіз  Мемлекеттер 

Достастығының  құрамындағы  мемлекеттерінің  темір  жол  көлігіне  жолаушылар/жүрдек 

пойыздардың,  сондай-ақ  «Бизнес»  класты  «Тальго»  вагондарынан  құралған  пойыздарының 

купелік  вагондарында  тура  бағыт  бойынша  (екі  бағытқа  да,  сонымен  қатар,  жөнелту 

станциясынан  жолда  жүру  құжатын  (билетті)  сатып  алу  мүмкіндігі  болмаған  жағдайда 

жолақысын  сол  жол  бойынша  басқа  станциялардан  сатып  алынған  жолда  жүру  құжаты 

(билетті)  негізінде  жүзеге  асыруға  болады)  біржолғы  билетпен  жылына  бір  рет  жол  жүру 

ақысын төлеуге; 

 

4)  Қоғам  филиалдарының  есебінде  тұрған  жұмыс  істемейтін  зейнеткерлер  мен 



мүгедектерді жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ынталандыруға; 


жүктеу 239,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау