62
● Таңғы асты
қабылдау жиілігі
● Энергетикалық қоры жоғары өнімдерді әдеттегі күнделікті тұтыну
● Көкөністер мен жемістерді әдеттегі тұтыну
● Тағам және бірасарларды қабылдау жиілігі.
Төменде медицина маманы дене белсенділігін бағалау барысында
талқылайтын кейбір тақырыптар келтірілген (Krebs et al, 2007; Barlow et al,
2007):
● Күнделікті дене белсенділігінде қатысу көлемі (мысалы, оқушы күніне
≥60 минут бойы белсенді болады ма, ойында, көшеде, дене тәрбиесі
сабағында өткізген уақыты есептеледі ме, мектеп немесе қауымдастық
ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуы)
● Күніне теледидар, бейне-ойын көру немесе компьютердің алдында
өткізетін сағат саны (мысалы, күніне > 1-2 сағат, сапалы бағдарламаларды)
● Оқушының ұйқтайтын бөлмесінде теледидардың немесе компьютердің
болуы
● Дене
шынықтыру сабағына қатысуы
● Жүру немесе мектепке велосипедпен бару, сатымен көтерілу, үйдегі
жұмыс секілді дене белсенділігі шараларының саны.
5.2. ДСИ (дене салмағының индексі) өлшеу бойынша мектеп
бағдарламаларын енгізу. Көптеген мектептерде оқушылардың бойы мен
салмағын өлшейді және алынған мәліметтерді ДСИ (дене салмағының
индексі) анықтау үшін қолданады. Семіздікке және артық дене салмағына
шалдыққан оқушылардың пайыздық үлесі туралы мәлімет ақпарттық-
насихаттық саясат бағдарламалары мен бағалауды жоспарлау үшін пайдалы
болады. Оқушылардың арасында дене белсенділігі мен салауатты
тамақтануды насихаттау ұсыныстарына сай кейбір мектептер ДСИ
нәтижелерін оқушының отбасының мүшелеріне жібереді. Бұл үрдіс көбінесе
ДСИ скринингі аталады. ДС туралы ақпарат ата-аналардың және
оқушылардың салмақтың статусы туралы дұрыс емес түсінікті түзетуге
көмектеседі, және отбасын өмір салтына салауатты өзгеріс енгізуге,
медициналық жәрдем алуға ынталандырады. Дегенмен, мектептерде ДСИ
скринингін өткізу бағдарламасын енгізуді ұсынуға сенімді дәлелдемелер жоқ.
(Nihiser et al, 2007). Ғылыми зерттеулерде ДСИ мектептегі скринингінің
оқушылар арасындағы семіздіктің алдын алу және үлесін азайтудағы ролі,
оқушылардың және отбасылардың артық салмаққа қатысты ДСИ
скринингінің білімге, алатын орны мен мінез-құлығына әсері толығымен
бағаланбаған; мұндай скринингтің пайда болуы мүмкін қолайсыз салдары да
зерттелмеген (мысалы, оқушылардың мазақтауы, немесе салмақ азайтуға
зиянды ынталандыру) (Nihiser et al, 2007). Осыған дейін сарапшылар тобы