Амск патронаж



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет13/23
Дата25.12.2019
өлшемі3,52 Mb.
#24919
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

 

35 


 

 

Отбасылар өз мәселелерінің шешімдерін табу үшін 



және  талпынған  нәтижелеріне  жету  үшін  өздері 

күш-жігер  жұмсауын  қамтамасыз  ету  мақсатында 

қолдау 

көрсетуге 



бағытталған 

әрекеттер 

мамандардың отбасыларға дайын жауаптар беруге 

тырысуынан гөрі тиімдірек. Бірақ, бұл мүмкін бола 

бермейтін  жағдайлар  болады.    Анықталған 

қажеттілікті  жалғыз  патронаж  қызметінің  күшімен  ғана  қанағаттандыру  мүмкін  болмайтын 

жағдайлар да болады. 

Мұндай  жағдайларда  сіз,  патронаж  қызметкері  ретінде, 

жекелеген  адам,  отбасы  және  жергілікті  қоғамда 

анықталған 

қажеттілікпен 

айналыса 

алатын 

өзге 


ұйым/қызмет  арасындағы  аса  маңызды  байланыстырушы 

буын  болып  саналасыз  (сондай-ақ,  өзге  секторлармен 

жұмыс  жасау  модулін  қараңыз).  Мұндай  жағдайда  сіздің 

рөліңіз  өзге  ұйымға  жүгінген  уақытта  отбасының  мүдделерін  қорғауға,  отбасыны  сол  ұйымға 

таныстыруға және тиісті ақпаратпен бөлісуге келіп тіреледі. Қажет болса, сіз басқа қызметтер 

алуға жолдама рәсімдеуді де ұсына аласыз. 

Өзге мамандармен кездескенде, сіз, патронаж қызметкері ретінде, мәселелерді кәсіби түрде, 

істің  нақты  жай-жапсарына  сүйене  отырып  және  жеке  пікіріңізді  немесе  қате  түсініктеріңізді 

білдіруге  жол  бермей,  көтеруіңіз  тиіс.  Патронаж  қызметкері  отбасының  мүдделерін  қорғай 

отырып  және  отбасының  атынан  өкілдік  ете  отырып,  өзге 

денсаулық  мамандарына  сұрақтар  қоюға,  олардың  кеңестері 

мен  ұсынымдарын  қабылдап,  отбасына  жеткізуге  қатысты 

барлық өкілеттіктерге ие. 

Сіз,  патронаж  қызметкері  ретінде,  отбасы  үшін  жергілікті 

деңгейде 

көрсетілетін 

бірқатар 

басқа 


қызметтермен 

байланыстырушы буын рөлін атқаратын боласыз; басқа қызметтерге отбасы туралы белгі бере 

отырып және отбасының мүдделері қорғалуын, құқықтары сақталуын қамтамасыз ете отырып, 

қызметтер мен отбасы арасын біріктіретін көпір іспеттес боласыз. 

Отбасының  жағдайын  және  алаңдаушылығын  басқа  мамандармен  бірге  зерделеген  соң,  сіз 

отбасыға  қалай  жолдама  беру  керек  екенін  және  отбасыға  қандай  да  бір  кеңесті,  араласу 

шарасын  немесе  қызметті  пайдалануға  қалай  көмектесуге  болатынын  біліп  аласыз.  Отбасы 

мүдделерін  қорғау  рөлі  осылайша  патронаж  қызметкерінің  қызметтерге  қол  жеткізуді 

қамтамасыз еткендегі, жағдайдың өрбуін бақылаудағы, яғни, мәселені анықтап, оны толығымен 

шешкенге дейінгі жұмысының тағы бір тұсы болып табылады. 

Басқа  маманға/қызметке  жолдауды  асылында  отбасыға  алдын-ала  хабарлап,  келісімін  алып 

барып  қана  жүзеге  асырған  жөн.  Бұл  рәсім  жергілікті  деңгейде  қолданыстағы  хаттамаларға 

қарай  әртүрлі  болуы  мүмкін,  алайда,  әдетте,  басқа  маманмен  байланысқа  шығу  және  құжат 

толтыру (үйге барып қарау мәліметтерін тапсыру және жолдама бланкін толтыру) талап етіледі. 

 

Жекелеген 



адамдар 

 

Отбасылар



 

 

 



Ұйымдар 

 

 



Қоғам

 



 

36 


 

Жолдау еш кідіріссіз жасалуы қажет, ал отбасына жолдау барысы туралы хабарлап отыру керек. 

Егер осы мәселені отбасымен талқылау және келісімін алу мүмкін болмай қалса, бірақ, баланың 

қауіпсіздігіне  қатер  төнсе,  бәрібір  жолдама  беру  қажет.  Мұндай  жағдай  баланың  аман-

саулығына қауіп төніп, қамқорлық көрсетілмегенде орын алады.  

 

Өзін-өзі бағалау:  Отбасы мүдделерін қорғау  және өзге мамандарға/мекемелерге 



жолдау 

•  Ибрагимовтар  отбасының  жағдайын  мысал  ретінде  пайдаланыңыз.  Осы  отбасыныың 

мүдделерін қалай қорғар едіңіз? 

•  Ибрагимовтар отбасының жағдайында қайда және неліктен жолдама берер едіңіз? 

•  Жолдамадан қандай нәтиже күтуге болады? 

•  Қосымша қолдау көрсетілуіне жолдау және қолжетімділікті қамтамасыз ету сәтті шығуы 

үшін қандай қадамдарға бара алар едіңіз? 

ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ

 

Осы  модульді  оқып,  жаттығуларды  жасап,  сіз  өзіңіздің  үздіксіз  кәсіби  дамудағы 

қажеттіліктеріңізді  қанағаттандыру  үшін  әрекеттер  жасайсыз.  Осы  үдерістің  негізгі  құрамдас 

бөлігі – бұрынғы әрекеттеріңізді және тәжірибеңізді ой елегінен өткізу (рефлексия), сондай-ақ, 

тағы нені үйрене алатыныңыз туралы ойлану. Рефлексияның осы екінші тұсы осы шақ туралы, 

яғни, қазір не істеп жатқаныңыз туралы ойлануды, әрі ойыңызды, мінез-құлқыңызды және іс-

әрекеттеріңізді қолданыстағы жұмыс тәжірибеңізді күшейту үшін түрлендіруді талап етеді. 

Ережелердің кейбірі сізді басқалардан кері байланыс алуға (пікірін білуге) немесе отбасының 

көзқарасы тұрғысынан үйге барып қарау қандай болып көрінетіні туралы ойлануға итермелейді. 

Басқа адамдардың пікірін есепке алу жағдай туралы әділ және кеңірек түсінік қалыптастыруға 

қолғабыс  болады.  Болашақта  да  өзіңізден  жұмысыңыз  төменде  көрсетілгендің  үміт-

талаптарына қаншалықты сай келетіні туралы сұрап, ой-сарапқа салу пайдалы болады: 

•  сіз жұмыс жасайтын отбасылар, 

•  әріптестеріңіз және басшыларыңыз, 

•  өзіңіз және өз ойларыңыз бен ұмтылыстарыңыз, 

•  сіздің  мамандағыңызда  жұмыс  жасауға  қатысты  қолданыстағы  теориялар  немесе 

ғылыми мәліметтер. 

 

Сонымен  бірге,  сіз  үздіксіз  білім  алуыңызға  септесетін  өзге  әдістерді  де  пайдалана  аласыз: 



әріптестеріңізбен  тығыз  жұмыс  жасау  және  өзге  әдістемелер  мен  жұмыс  тәжірибелерін 

бақылау. Өзге адамға өз әрекеттеріңізді көрсету және оларды түсіндіру мүмкіндігін пайдалану 

да  –  керемет  оқу-үйрену  құралы.  Ол  сізге  өзекті  мәселелермен  танымдық,  әрі  сарамандық 

деңгейде жұмыс жасауға көмектеседі. Дәл осылайша, сіз басқалардың жұмысын бақылағанда 

және  жұмыстың  түрлі  тұстарын  (соның  ішінде,  қандай  да  бір  шешімдердің  себептерін) 

талқылағанда, өзара үйрену мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Кейбір мекемелерде 

патронаж  қызметкерлері  ағымдағы  жағдайларды  және  сын-тегеуріндерді  талдау  үшін 



әріптестердің өзара үйрену топтарында немесе тәлімгерлік топтарында жүйелі түрде кездесіп 

тұрады.  Мұндай  жағдайда  топ  мүшелері  көрсетілетін  қолдаудың  және  әріптестері  білдірген 

пікірлердің пайдасын сезінеді. Осындай пікірталастар патронаж қызметкеріне идеяларды және 



жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау