Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет144/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147

330
11-ТАРАУ
al., 2007).  Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, 25-34 жас аралығын- 
дағы  тұрмысқа  ш ыққан  әйелдердің  69  пайызы  жұмысбасты  (АҚШ 
Халық  санағы  бюросы,  2011).  Екіншіден,  орта  тапқа  жататын  аме- 
рикалықтар  үшін  жүмыс  уақыты  ұлғайып  келеді  (Jacobs  &  Gerson,
2004).  Жақсы  қызметкер  екенін  дәлелдеу  үшін,  адамдар  таңнан 
кешке  дейін  және  демалыс  күндері  үйде  жұмыс  істеуге  мәжбүр. 
Толық  жұмыс  күнімен  қамтылмаған  қарапайым  америкалықтар 
қосымша  табыс  көзін  іздейді.  Сөйгіп,  екі  немесе  одан  да  көп  жер- 
де  еңбек етеді. Ал толық жүмыс күнімен қамтылғандар мардымды 
жалақы алуы үшін артығымен жұмыс істеуі керек, өйткені табысы 
аздық  етеді.  Енді  бірі  жүмыс  орнын  сақтап  қалу  үшін  ғана  артық 
еңбектенуге  даяр  (Еһгепгеісһ,  2001).  Осылайша,  жүмысшы  және 
орта  тапқа  жататын  ата-аналардың  бос  уақыты  аз.  Отбасымен  бір 
дастарқан  басында  жиналу  сирек  жагдайға  айналды  және  үйдегі 
уақыт та тығыз жоспарланады.  Өйткені бұл кезде кір жуып, үй жи- 
нау керек, оған қоса балаларды уақытымен мектепке апарып, олар- 
дың іс-шараларына атсалысу қажет.
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, жүмыс уақытының ұзақтығы- 
на  қарамастан,  ата-аналар  балаларына  көңіл  бөлуге  уақыт  тауып 
жатады  (Bianchi,  Robinson, &  Milkie,  2006).  Шын мәнінде,  осыдан 40 
жыл  бұрын  аналар  балаларына  қанша уақыт бөлсе, бүгінгі  аналар 
да дәл солай, ал әкелер бұрынғы кезбен салыстырғанда, көбірек уа- 
қыт бөле бастады. Айырмашылық мынада: әйелдер үй шаруасында- 
ғы  жұмысын  қысқартты,  ал  әкелер  үй  шаруасына  белсене  араласа 
бастады. Сонымен қатар ата-аналар шамалары келгенінше сырттан 
адам  жалдай  отырып,  балаларымен  бірге  өткізу үшін уақыттарын 
үнемдеуге тырысады.
Алайда  бұл  -   тек  көбірек  жұмыс  жасау  үшін  ғана  жасалған 
амал.  Шын мәнінде,  балаларының жанында  көбірек болғысы кел- 
се,  үстеме  жүмыстан  бас  тартып,  өмір  сүру  талаптарын  азайтуы 
тиіс және  мансапты қалай бағаласа, бала тәрбиесін де солай баға- 
лайты н мәдени орта қалыптастыру керек. Америкалықтар жұмыс 
пен  отбасын  қатар  алып  жүруді  бұдан  әрі  де  жалғастыра  беретін 
сияқты.
А ж ы расу
Бұрынғы  ғасырларда  бала  тәрбиесінде  келіспей  қалган,  қаржы 
тапшылығына  ұшыраған  немесе  бір-бірін  үнатпай  қалған  жұбай- 
ларда некені сақгап қалудан басқа таңдау болмайтын. Қазіргі кезде 
ажырасу -   ең  оңай  және  ыңғайлы  (және  қаржылай  атқарылатын) 
шешім.  Ажырасу  деңгейі  1860  жылдан  бастап  1980  жылға  дей- 
ін  тұрақты  түрде  өсіп  келді,  бірақ  мұнан  кейінгі  уақытта  төмен- 
дей  бастаған  болатын  (Pew  Social  Trends  Staff,  2010).  Бүгінгі  таңда 
бірінші  некенің  40-тан  50  пайызға  дейіні  ажырасумен  аяқталады 
(Kreider, 2005).
Отбасының құлдырауына  қандай  факторлар  эсер  етеді?  11.2-кес- 
теде  отбасы  өмірінің  алғашқы  онжылдығында  ажырасу  себептері 
көрсетілген,  бүл  мәліметтер  2012  жылғы  қалыптасқан  жағдайды 
зерттеу нәтижесінде алынған (Бұл себептер жыл өткен сайын өзгеріп 
жатыр).  Зерттеу нәтижесінде,  бес негізгі фактор анықталды (Bramlett 
8с Mosher, 2002; Teachman, 2002; Amato және т.б., 2007):
• 
Некеге  тұру  жасы.  Ажырасу  себебінің  бірі -  некеге  тұрған  кезде- 
гі  жас  мөлшері,  яғни  жасөспірім  кезінде  және  20-ға  енді  толғап 
шағында үйленгендердің көбі ажырасып кетеді.


ОТ БАСЫ
331
11.2-КЕСТЕ. Алғашқы некеніңон жыл ішінде буэылу ықтималдығына эсер ететін 
факторлар
Ажырасумен аяқталгаи, %
Жалпы 
23%
Н е ке ле су  ж асы
<18 
48
18-19 
40
20-24 
29
23 және одан жоғары 
24
Б іл ім і
12 жылдан кем 
42
12 жыл 
36
13 жыл және одан жоғары 
29
Н екесіз б а л а л а р ы  бар
Иэ 
31
Жоқ 
50
Н эсілі
Ақ 
32
Афроамерикалық 
47
Латынамерикалық 
34
Азиялық 
20
А ж ы р а сқа н а т а -а н а л а р д ъ щ  б а л а л а р ы
Иә 
43
ЖОҚ 
29
ДЕРЕККӨЗ: Biamletl & Mosher (2002).
• 
Ата-анасы  ажырасқан.  Ата-анасы  ажырасқан  адамдардың  өздері 
де ажырасып жатады.
• 
Некелеспей  жатып  балалы  болу.  Некесіз  баланы  дүниеге  әкелу 
келесі некелердің тұрақсыздығына себеп болады. Алайда тұрмыс 
қүрмаған  әйел  босанғанға  дейін  некесін  қидырса,  бұл  -   отбасы 
басқаларына қарағанда берік болуы мүмкін.
• 
Білімі.  Білімі  жоғары  болған  сайын  ажырасу  да  төмен  болады. 
Колледж бітіргендердің ажырасуы басқаларға қарағанда екі есе 
сирек,  өйткені  олардың  көбі  толық  отбасынан  шығады,  неке- 
сіз  бала  тумайды  және  ақыл  тоқтатып  барып үйленеді  (Hurley,
2005).


332
11-ТАРАУ
• 
Нәсілі.  Афроамерикалықтар  «ақтарға»,  латынамерикалықтарга
немесе азиялықтарға қараганда көбірек ажырасады, алайда уақыт
өте мұндай айырмашылық азайып келеді (Теасһшап, 2002).
Қрғамдықдеңгейдегі факторлар
Некелесу жасы, ата-аналарының ажырасқан болуы, некесіз бала туу, 
білімі  және  нәсілі  кез  келген  отбасының  бақытты  не  бақыгсыз  бо- 
луына эсер етеді. Алайда мұндай жеке сипаттамалар алғашқы неке- 
лердің 40-50 пайызы не үшін ажырасатынын, ал бір гасыр бұрын бүл 
көрсеткіш неліктен небары 10 пайыз ғана болғандыгын түсіндіре ал- 
майды (Kreider, 2005). Ажырасудың көбеюі жеке бастың мәселесі ғана 
емес,  әлеуметтік  үлкен  мәселе  және  оны  гүсіндіру  үшін  әлеуметтік 
қүрылымга тереңірек үңілу керек.
АҚШ  үшін  ажырасу  санының  өсуі  таңгаларлық  жагдай  емес. 
АҚШ-та  ажырасу  деңгейі  үнемі  жоғары  болғанмен,  басқа  дамыган 
елдерде де экономикалық немесе әлеуметтік мәселелерге  байланыс- 
ты  ажырасу дендеп  келеді.  Біріншіден,  өткен  ғасырларда  неке -  де­
ген отбасын құрған екі адамның арасындагы экономикалық келісім 
болатын, ал қазіргі неке эмоционалдық сезімдерге толы, махаббатқа 
негізделген,  адам  өміріндегі  өзге  қарым-қатынастардан  анағүрлым 
пайдалы болады деп күтеміз. Осы иікір кец таралғандықтан некеле- 
рі  ойдағыдай  болмай  қалған  жағдайда  ажырасам  деушілер  көбейді 
(Coontz, 2007).
Экономикалық өзгерістер ажырасуға бейім адамдарды көбейтті. 
Өгкен  ғасырда  адамның  ең  қүнды  активі 
қүрал-сайманы  немесе 
жері  болатын.  Ажырасқан  кезде  осы  активтен  айырылатын  немесе 
оны бөлісуі керек болатын, сондықтан жүбайлар ондай әрекетке бара 
бермейтін. Қазіргі кезде орта таптың негізгі активі білімі мен тәжіри- 
бесі  болып  отыр. Ал  бүл актив  материалдық болмағандықтан, ажы­
расу  бұрыигыдай  қорқынышты  болып  көрінбейді.  Экономикадағы 
өзгерістер  төмен  және  орта  деңгейдегі  әйел  мен  ердің  өзін  және  от­
басын қамтамасыз етуін қиындатып жіберді. Сөйтіп, экономикалық 
қиындықтар  отбасындағы  қарым-қатынасты  зор  күйзеліске  алып 
келеді, соңында ажырасуға дейін жетеді. Әйелдердің өзін-өзі некесіз 
де қамтамасыз етуге мүмкіндігі молайған сайын ажырасу дұрыс ше- 
шім сияқты көрінуі мүмкін. Осындай өзгерістердің барлығы ерлі-за- 
йыптылардың  отбасын  сақтап  қалуына  мұрша  бермейді.  Дегенмен 
ажырасқан адамдар әсіресе жастар,  «ақ» америкалықтар және ерлер 
қайтадан отбасын қүруға тырысады, (Coleman, Ganong, & Fine, 2000).
Б ұ л   б і з г е   н е   б е р е д і ?
Отбасы  сипатының  озгергендігіне  қарамастан,  балаларға  экономи- 
калық түргыдан, басқаларға әлеуметтік қолдау көрсету қайырымды- 
лықтыңқайнаркөзі ретінде қалып отыр. Сондай-ақотбасы-өз-өзіңді 
багалауды  дамытатын,  өзгелермен  қарым-қатынас  жасауға  үйрете- 
тін және қогамдық нормаларды меңгеретін маңызды бірлестік. Отба- 
сылық  қатынасты  сипаттайтын  берік  махаббат,  іңкәрлік  сезімінсіз 
мақсаттарды  орындау  қиын,  тіпгі  мүмкін  емес.  Осылайша,  отбасы 
қоғамға пайдалы азаматты тәрбиелеуде маңызды рел атқарады.
Отбасының балалық шақ үшін ғана емес, бүтін өмір үшін маңы- 
зы  зор.  Әрдайым  қалаганына  қол  жеткізе  алмағанымен  махаббат, 
эмоционалдық қолдау, қаржылай көмек және жай ғана тілдесу қажет 
болғанда  отбасы  мүшелері бір-бірінің жанынан табылады.  Егер жол


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау