Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет142/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147

ОТБАСЫ
325
балалары  екіжақтылық танытады.  Ересек  балалар  өгей  әке-шеше- 
лерін  мойындағысы  келмейді.  Алайда  уақыт  өте  келе  тығыз  қа- 
рым-қатынас  орната  бастайды.  Өгей  шешелер  балалардың  өмірі- 
не  етене  араласатындықган  өгей  әкелерге  қарағанда  қарсылыққа 
көбірек  ұшырайды.  Сонымен  қатар  өгей  шешелер  баланың  мейі- 
рімін жаулап  алу үшін зор  бәсекелестікке түседі,  өйткені  олардың 
туған  аналары  туған  әкелеріне  қарағанда,  балаларымен  қатына- 
сын үзбеуге тырысады.
Қазіргі заманғы отбасы
Бақытты отбасылық өмір барлық америкалықтардың басты мақсаты 
болып  қалғанымен,  соңғы  онжылдықтарда  оған  жету  жолдары  өз- 
герді.  Соңғы  кездері  адамдар үйлену  мен бірге тұрудың,  балалы  болу 
(некеден тыс болса да) мен болмаудың, жұмыс пен отбасының арасын- 
да таңдау жасау жөнінде көбірек ойланатын болды. Айналып келген- 
де отбасылық өмірін сақтап қала алмай ажырасып жатады.
Некелесу ме, әлде бірге тұру ма?
Бірге  тұру  дегеніміз  -   романтикалық/жыныстық  серігімен  неке 
қидырмай-ақ  бірлесіп  өмір  сүру.  Қазір  АҚШ-та  жұптардың  жар- 
тысынан  көбі  некелескенге  дейін  бірге  өмір  сүреді  және  америка- 
лықтар  арасында  өмірінің  қандай  да  бір  бөлігін  азаматтық  неке- 
де  өткізетіндер  бола  береді  (Kennedy  &  Bumpass,  2008).  Ескеретін 
жайт  -   жұптардың  некелескенге  дейін  бірге  тұруы  олардың  отба- 
сылық  қанағаттануына  немесе  тұрақтылығына  эсер  етпейді  (Jose, 
O’Leary, & Moyer, 2010).
Бірге  өмір  сүру әрдайым  некелесуге  алып келе  бермейді.  АҚШ- 
та  некелесу  деңгейінің  төмендеу  себебі  бірге  түрып  жатқандар 
арасында  балалы  бола  түра  үйленгісі  келмейтіндердің  көбеюінен. 
Отбасы  мәселесін  зерттейтін  әлеуметтанушы  Эндрю  Черлиннің 
(Andrew  Cherlin,  2004)  пайымдауынша,  біз  қазір  неке  институты- 
ның  ыдырауын,  некенің  қоғам  мен  адамдар  үшін  қажетті  екен- 
дігін  айқындайтын  әлеуметтік  нормалардың  құлдырауын  көріп 
отырмыз.  Бұл  процесс  бірге  тұратын  жұптар  заңды  құқықтарға 
(бір-бірінің  мүлкіне  мираскер  болу  және  айырылысқан  жағдайда 
жұбайлық  қамтамасыз  етуді  сот  арқылы  талап  ету)  ие  болғаннан 
кейін  қанатын  кеңге  жайды.  Ал  кейбіреулердің  гомосексуалдық 
некені жақтап  (не  қарсы  шығып)  күресуі  америкалықтар үшін  не- 
кенің әлі де маңызды түсінік екенін білдіреді.
Балалы болу керек пе, жоқ па?
Бұдан бұрын айтылғандай, америкалықтардыц төрттен үш бөлігі бала­
лы болуды жоспарлайды. Бірақ балалы болу мацызынан айырылып ба- 
рады:  1990  жылы  жүргізілген  кездейсоқ  ұлттық  сауалнаманың  берген 
нәтижесі бойынша, тек 41  пайыз ересектер балалы болу -  отбасын қүру 
үшін маңызды дейді,  ал 65  пайызы  бұл ойды құптамайды (Livingston & 
Cohn,  2010).  Сонымен  қатар  америкалықтар  баланың  некелі  отбасында 
дүниеге келгені маңызды деп  санамайды және балалы  болуды кейінге 
қалдырады немесе асырап алуды жөн көреді.
Бірге тұру дегеніміз - 
романтикалық/жыныстық 
серігімен неке қидырмай-ақ 
бірлесіп өмір сүру.


326
11-ТАРАУ
Некесіз туған балалар
Америкалық  балалар  қазіргі  таңда  некелі  және  некесіз  әйелден де 
дүниеге  келеді  (Childstats.gov  2012).  Босанушы  әйелдердің  төрттен 
үш бөлігі -  жасы жиырмадан асқандар (Hamilton, Martin and Ventura, 
2009),  олардың көбі  баланың  әкесіне  тұрмысқа  шығады.  Бірақ көп- 
теген  әйелдер  қазір  жұмыс  күшіне  айналған және  баланы  жалғыз 
тәрбиелеу үшін экономикалық әрі психологиялық ресурстары жет- 
кілікті деп санайды. Кейбіреулері баланы алдыртуға қимай, кездей- 
соқ ана атанады. Ал енді бірі некелеспеген болса да баланы дүниеге 
әкелуге немесе асырап алуға бел буады (Hertz, 2006).
Орта  есеппен  некесіз  туған  балалар  толық  отбасындағы  бала- 
ларға  қарағанда  кедейлікке  жақын.  Сонымен  қатар  олардың  пси- 
хологиясы  мен  мінез-құлқында  кемшіліктер  байқалады  және  оқу 
үлгерімі нашар болады (Kennedy & Bumpass, 2010). Бұл мәселелердің 
көбі некесіз бірге тұрудан емес, кедейліктен және жұптардың кәме- 
летке  толмауынан  туындайды,  бірақ  азаматтық  некедегілердің 
экономикалық және эмоционалдық түрақсыздығы балаға кері эсер 
ететіні сөзсіз.
Қазір  жасөспірім  қыздардың  ерте  жүкті  болып,  некесіз  бала 
тууы  алаңдатып  отыр.  Мұндай  жағдай  басқа  дамыған  елдерге  Ка­
раганда АҚШ-та көп кездеседі. Жасөспірім ана -  дүниеге әкелген ба- 
лалардың денсаулығы нашар болады және нәресте кезінде шетінеп 
кетеді  (Ventura  &  Hamilton,  2011).  Осылардың  салдарынан  жасөспі- 
рім  аналар  колледжді  (тіпті  мектепті)  аяқтай  алмайды,  кейіннен 
кедейлік тұрмыс кешеді. Көп жағдайда жасөспірімдер жүктілігінің 
өзі кедейліктен келіп шығады және оның себебіне айналады (Luker 
1996,  Newman  &  Massengill,  2006;  Edin  &  Kefalas,  2006).  Болашағы 
бүлыңғыр  көрінген  қыздар  үшін  ана  болу,  махаббат  пен  бақытқа 
қол  жеткізудің  жалғыз  жолындай  сезіледі.  Енді  бір  қыздар  сақта- 
ну шараларын қолданбағандықтан және жігітіне  оны үсына  алма- 
ғандықтан жүкті болып қалады. Сақтануды талап ететін қыздар да 
бар. Қуанарлық жайт -  1991 жылдан бері барлық этникалық топтар 
бойынша  жасөспірімдер  арасындағы  ж үктілік  деңгейі  төмендеп, 
бір қалыпта  сақгалып келеді. Қазіргі таңда ерте ж үктілік деңгейін 
үкімет тіркеуге алуды бастаған -  1940 жылдан бергі барлық көрсет- 
кіштерден томен болып отыр  (Ventura  & Hamilton, 2011).  11.1-карта- 
да АҚШ аумағы бойынша жасөспірім аналардың туу көрсеткіштері 
берілген.
Некесіз  баланың  тууы  кедейлікке  себеп  болмауы  керек.  Еуро- 
пада  көптеген  әйелдер  тұрмысқа  шықпай-ақ  бала  туады,  бірақ  әйел 
де,  оның  баласы  да  кедейлікке  ұшырамайды.  Мәліметтерді  таратып 
жазу: кедейлікжәне жалғызбасты ана болу сияқты айқын парадоксты 
зерттеу.
Сонымен қатар некесіз баланы дүниеге әкелу, оны жалғыз тәрбие- 
леу  дегенді  білдіреді.  Көптеген  әйелдер  балаларының  әкесімен  бірге 
өмір сүреді, кейін олар үйленеді немесе басқа адаммен тұрмыс қүрады.
Жүктілікті кейінге қалдыру
Көптеген тұрмыстағы  келіншектер  бала  тууды  5  не  10 жылға дейін кі- 
діртеді. АҚШ-га 30 бен 34 жас аралығындағы әйелдердің төрттен бірі әлі 
бала  сүймеген  (Dye,  2005).  Олардың  көбі  балалы  болғысы  келеді.  Бірақ 
мансап жолында  көтеріліп  алғанша және табысты  азаматпен  отбасын 
құрғанша қоя тұру қажет деп шешкен. Көпшілігі үшін бүл -  дұрыс таң- 
дау. Себебі жұмысында жетістікке жетіп, жақсы табыс тапқан кезде, олар 
бала тәрбиесіне байланысты күйзеліске төтеп бере алады.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау