Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет138/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   147

316
11-ТАРАУ
сы  және  жылдам  өзгеріп  тұрады.  Жастар  мүмкіндік  бар  кезде  қол- 
дан  келгенше  өмірдің рақатын  көру керек деп  санайды,  сөйте тұра 
олар  өз  фьючерстерін  жоспарлай  бастайды.  Кейбірі:  «Қай  колледж- 
ге  өтініш жазсам  екен?»  және  «Неге  колледжге  өтінішті  әлі жазған 
жоқсың?»  -  деген  толғаныста  жүреді.  Енді  бірі:  «Неге  автомеханик 
сияқты  пайдалы  мамандық  игермеске?»  және  «Неге  жарты  күнге 
болсын, жұмысқа кіріп алмайсың?» -  деген сияқты сауалдарды алға 
тартады.  Ал,  шын  мәнісінде,  жасөспірімдер  ата-аналарынан  тәуел- 
сіз  болғысы  келеді.  Бірақ ұялы  телефонға  жиі  жазылатын  хабарла- 
малар мен  соғылатын қоңыраулар  олардың ата-аналарымен арада- 
ғы қатынасын үздірмейді (Turkle, 2011). Сол себепті жастардың көбі, 
айталық, көлігі сынып қалса аса алаңдамайды. Онда олар өз күште- 
ріне ешқашан анық сене алмайтын болады.
Жасөспірімдер  бой  түзеп,  қыз-жігіттер  бір-біріне  көз  сала  бас­
тайды. Құрдастары олар «барлығын бастан өткереді» деп ойлайды, ал 
ата-аналары  оларды  пәк  күйінде  қалады  деп  сенеді.  «Бүрыс»  қызы- 
ғушылығы  оянған  жас  гейлер  мен  лесбияндар  тіптен  қатты  ^бал- 
жиды.  Олар басқалардың сезімдерін шатастырады және отбасылары 
қалай қабылдайтынын  ойлап қорқады.  Осы және  өзге де  себептерге 
орай, жасөспірімдік кезең -  күрделі кезең саналады.
Ересек өмірге өту
Кей  елдерде адамның жасына тән бір кезең аяқталып,  келесі кезең 
басталғанын  білдіретін  арнайы  салт-дәстүрлер  бар.  АҚШ-та  адам- 
ның  ересек  өмірге  өткенін  білдіретін  нақты  белгі  жоқ.  Қалыптас- 
қан  қағидалар  штатқа  байланысты  өзгеріп  отырады.  Көптеген 
штаттарда  16  жасқа  толған  азамат  ата-анасының  рұқсатымен  үй- 
лене  алады.  Бірақ  21  жасқа  толғанға  дейін  ішімдік  ішуіне  тыйым 
салынған.
АҚШ-та  ересек өмірге  өткенді  білдіретін ресми  салт болмаған- 
мен, жүмысы, ата-анасының үйінен бөлек тұрғылықты жайы және 
өзі  мен  балаларын  қамтамасыз  ете  алатын  қаражаты  бар  адам 
ересек  деи  саналады.  Кейбір  қағидалардың  сақталуы  шарт  емес. 
Мысалы,  ешқашан  үйленбеген  адам  да  ересек  санала  береді,  ал 
әйел  адам  үшін  жұмысының  болуы  міндетті  емес.  Қалай  десек те, 
жасөспірімдік  кезеңнен  өту,  ата-ана  мен  отбасынан  тәуелсіз  болу- 
Ды білдіреді.
Алайда  ересек  өмірге  өту  америкалық  жастар  үшін  қиын  бо­
лады  (Settersten,  Furstenberg,  &  Rumbaut,  2006).  1960  жылы  30  жас- 
тағы  ер  мен  әйелдің  80  пайызы  ата-аналарының  үйінен  кетіп, 
мектепті  аяқтап,  қаржылай тәуелсіздікке  қол жеткізген еді.  Бірақ 
сол  кезден  бері  ата-аналарымен  бірге  түратын  жастардың  қатары 
айтарлықтай көбейді. Қазір  1970 жылмен салыстырғанда,  ата-ана- 
ларына  тәуелді  жастар  саны  50  пайызға  артық  (MacArthur  Foun­
dation, 2011).
Ересек  өмірге  өту  процесі  неге  бәсеңдеп  кетті?  Біріншіден,  за- 
ман  талабының  өзгеруіне  қарай  қыз  балалар  білім  алуға  көбірек 
мән  беріп,  тұрмысқа  шығып,  ана  болуды  екінші  орынға  қоятын 
болды.  Екіншіден,  экономикалық  факторлар  қиындық  туғызып, 
жастардың  тәуелсіздікке  ұмтылысын  жойды.  1960-2007  жылдар 
аралығында  өмір  сүру  қүны  тез  өсті,  ал  жалақы  көлемі  соған  сай 
болмады.  Содан  бері  бағалар  құлдырады  (экономикамен  бірге),  ал 
жұмысқа  орналасу  қиындай  түсті.  Сонымен  қатар  қазіргі  жастар 
алдыңғы буынмен салыстырғанда, білім алуға құштар. Сондықтан 
да оларға  өз-өзін қамтамасыз егу оңай емес. Орта және жоғары тұр-


ОТБАСЫ
317
мысты  отбасылар  есею  кезеңін  ұзақ  әрі  байыппен  жүретін  кезең 
деп  біледі  және  ержеткен  балаларының  міндетті  түрде  шаңырақ- 
тан кетуіне, әсіресе үйдің іші бәрінің де жеке бұрышы болатындай 
кең  болса,  себеп  жоқ  деп  санайды.  Осылайша,  қарапайым  отбасы- 
ның балалары ата-аналарымен күнкөріс үшін бірге тұрса, қалталы 
жастар кабельді теледидар,  мықты компьютер, жылдам  интернеті 
бар  жерде  өмір  сүріп,  жақсы  көлік  мініп,  көңілді  демалыс  өткізу 
үшін бірге тұрады.
Осындай  экономикалық  және  мәдени  өзгерістер  салдарынан 
көптеген  жастар  мектепті  аяқтаған  соң  да  ата-аналарымен  бірге 
тұруын  жалғастыра  береді.  Толық  тәуелсіз  болғанға  дейін  бірне- 
ше  рет  жеке  шығып,  арасында  қайта  оралып  тұрады  (MacArthur 
Foundation, 2011). Енді бірі ата-аналарынан жақсы қаржылай көмек 
алып  отырғандықтан,  бөлек  өмір  сүруі  мүмкін.  18  бен  34  жас  ара- 
лығындағы жас америкалықтар ата-аналарынанжылына орта есеп- 
пен 2200$  алып  отырады.  Бұл сома  отбасы жағдайына  байланысты 
көбірек не азырақ болуы мүмкін (MacArthur Foundation, 2011).
Ересек өмірдің басы
Көптеген америкалық кемінде бір рет отбасын құрады. Некеге осылай 
мықты  мән  берілуі геилер  мен лесбияндардың үйлену себебінің  бірі 
болып отыр.  Ересек өмірдің басындағы ең маңызды мәселенің бірі де 
отбасын құру және жар таңдау.
Бір  қарағанда,  адамдар  өзіне  лайықты  жарды  әрдайым  іздей- 
тіндей  көрінеді.  Кейбір  америкалықтар  (діни  және  этникалық  қо- 
ғамдардан  бөлек)  жеңгетайлар  мен  неке  үйымдастырушылары- 
на  жүгінеді.  Ал  тереңірек  көз  салсақ,  ата-аналардың,  мектеп  пен 
шіркеулердің жастарға  лайықты  өмірлік  серік  табуға  көмектескісі 
келіп тұратыны байқалады. Мектептер би кештерін өткізу арқылы 
гетеросексуалды қарым-қатынастарға үндейді.  Шіркеулерде ішіна- 
ра  жастарға  арналған  ұйымдар  бар.  Олар  үйым  мүшелерін  өз  шір- 
кеулерінде  некелесуге  ынталандырып  отырады.  Ал  ата-аналар 
мен  достар  жағы  «біз  сендердің  кездескендеріңді  қалаймыз»  деп 
әлдекіммен таныстыруға  қашан да  дайын  тұрады.  Өмірлік жарды 
іздеу қызықты болуы да мүмкін, бірақ ол -  міндетті дерлік әлеумет- 
тік тәртіп.
Жыныстық және романтикалық қарым-кдгынас
1950  жылдары  АҚШ  жастары  болашақ  жарын  табуға  асығатын,  ше- 
шімді тез қабылдайтын. Қыздардың жартысынан көбі 21 жасқа дейін 
тұрмысқа  шығып  кететін.  Қазіргі  жастардың  әсіресе  оқыған,  қалада 
өскен және діншіл емес жастардың талабы айтарлықтай өзгерді. Олар 
біреумен өмір  сүру тұрмақ, кездесудің өзін сөз еткісі келмейді. Оның 
орнына  байсалды  қарым-қатынас құру үшін  бірнеше жыл күте  тұру 
қажет деп санайды. Сонымен бірге 9-бөлімде айтылғандай, көпшілігі 
ешбір міндеттемесіз қарым-қатынасты қалайды.
20-шы  ғасырдың  соңына  қарай  бірде-бір  рет  отбасын  құрмаған 
әйелдердің қатары  40,  ерлер  -  30  пайыз  болды. Алайда  олардың көбі 
уақытша  болса  да  серіктес  тапқысы  келетін.  Осылайша,  көптеген 
адамдар некеге қатысты екі ойлы болса да жыныстық және романти- 
калық қарым-қатынасты отыздан асқан кезде не одан да кеш іздейді. 
(Бұл екіойлылық дәстүрлі қызойнақ кеш герінің көбеюімен байланыс­
ты,  бұл  тақырып  «БАҚ  және  Мәдениег:  қызойнақ  кештерін  түсіну» 
бөлімінде толығырақ қарастырылады).


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау