Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega



жүктеу 30,13 Mb.
Pdf просмотр
бет135/147
Дата25.12.2019
өлшемі30,13 Mb.
#24898
түріБағдарламасы
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   147

308
10-ТАРАУ
ге тап  болса,  бұл -  әлеуметтік  мәселе.  Мәселені дұрыс  анықтап  және 
дұрыс шешім табу үшін жеке адамдар шеңберінен шығып, әлеуметтік 
құрылымдар  мен  институттардың  мұндай  үлгілерінің  құрылуына 
ықпалын қарастырған жөн. Әлеуметтік пікір бойынша, халық денсау- 
лығының айтарлықтай жақсаруы үшін, әлеуметтік институттардағы 
өзгерістерді  күшейту,  кедейлік  пен  дискриминацияны  төмендету, 
тұрғын үй мен азық-түлікке қол жеткізуді жақсарту т.б. талап етіледі. 
Медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділікті теңестіру пайдалы, 
бірақ әлеуметтік өзгерістер енгізуден маңызды емес.
Қорытынды
1.  Денсаулықты  зерттеуге  арналған  құрылым- 
дық-функциялық  теорияның  маңызды  үлесі  -  
науқастың  рөлін  түсіндіруі.  Бұл  тұжырымда- 
ма  аурудың қоғамға деген жағымды әсері мен 
қоғамның сол ағымға кедергі келтірмеуі үіпін 
ауыруды қалай азайтатынын түсіндіреді.
2.  Конфликт теориясы тұрғысынан ауруды туын- 
датушылар  тұжырымдамасын  қарайық:  ауру­
ды  тудыратын  жағдайды  қуагтап,  одан  пайда 
табатын  топтар  бар.  Конфликт  теориясы  меди- 
кализация  құралдарынан  ауру  анықтамасы- 
ның  қалай  дамитынын  және  түрлі  ауруларды 
анықгаудағы  бәсекелес  топтардың  мүдделерін 
түсіндіруге көмектеседі.
3.  Символдық  интеракционизм  теориясы  -   нау- 
қастың тәжірибесін  және  емделушілердің  нүс- 
қауды  орындамауының  себебін  түсіну  үшін 
пайдалы.
4.  АҚШ-тағы  алдын  алуға  болатын  өлімнің жар- 
тысынан көбіне мынадай тоғыз  фактор себеп: 
темекі,  нашар  тамақтану,  дене  қимылының 
аздығы,  алкоголь,  бактериялар  мен  вирустар, 
лас  жұмыс  орны  мен  аудандар,  автокөліктер, 
қару-жарақтар, жыныстық қатынасқа шақыр- 
ған мінез-қүлық және заңсыз есірткі.
5.  Аурудың  рөлі  -   науқас  адамдарға  қатысты 
төрт  әлеуметтік  нормадан  тұрады.  Олардың 
қалыпты  әлеуметтік  рөлін  орындамаудың 
себептері  бар  және  олар  ауруға  шалдыққаны 
үшін жауапты  емес деп  есептеледі.  Олар  ауру­
ды жағымсыз жағдай деп санайды. Сондықтан 
денсаулығын  жақсартып,  жұмыс  істеу  үшін 
дәрігерлердің нұсқауын үстануы тиіс. Алайда 
науқас  рөлінің  үлгісі  кейбір  ауруларға  басқа- 
лардан гөрі жарасымды келеді.
6.  Денсаулыққа 
байланысты  сендіру  үлгісі. 
Бүл  «егер  нақты  қауіп  төніп  тұрғанын  біл- 
се,  адамдар  денсаулығын  сақтауға  тырысады, 
қиындық туған сәтте  осындай  алдын алу әре- 
кеті оларға төнетін қауіпті азайтады» деп бол-  1 
жайды.
7. 
Жыныс,  әлеуметтік  тап,  нәсілдік/этностық 
ерекшелік  және  жас  мөлшері  АҚШ-тағы  ауру 
мен  денсаулық  үлгісін  түсіндіруге  көмектесе- 
ді.  Ерлердің,  афроамерикалықтардың,  кедей- 
лердің,  жастар  мен  егде  адамдардың арасында 
өлім-жітім деңгейі жоғары, оның себебі - биоло- 
гиялық емес, әлеуметтік мәселелер.
8.  Денсаулықтың 
әлеуметтік-экономикалық 
мәртебенің  төмендігіне  байланысты  кемшін 
болуы  -   қарапайым  қабілет  пен  денсаулық 
сақтау  ісінің  шегінен  алшақ  шығып  кететін 
мәселе.  Кедей  адамдардың  өмір  сүру  деңгейі 
томен,  олар  көп  күйзеліске  ұшырайды,  білім 
деңгейі  томен  және  ластанған  аймақтарда 
өмір  сүреді,  сондықтан  денсаулығына  байла­
нысты қиындықтар туындайды.
9.  Әйелдер  және  төменгі  тап  өкілдері  психика- 
лық  ауруға  көбірек  душар  болады.  Мұның  се- 
бебі  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Бірақ  мұнда  күй- 
зелістің  әсері  басым.  Ер  адамдардың  зиянды 
заттарды  қабылдау,  жан  күйінің  берекесізде- 
ну  көрсеткіштері  әйелдерден  гөрі  анағұрлым 
жоғары.
10.  Дәрігерлер  -   кәсіби  мамандар.  Олар  өзінің 
және  медициналық  орталықтағы  басқа  қыз- 
меткерлердің  жұмысына  үлкен  ықпал  етеді. 
Құрылымды  функцияшылдардың  тұжырым- 
дауынша,  дәрігерлер  қабілеті  мен  таланты 
аз  болса  да  коп  табыс  табады.  Ал  конфликте-


ДЕНСАУЛЫҚ  ЖӘНЕ  ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ
309
логия  теорияшыларының  айтуынша,  тиімді 
медициналық  ұйымдар  жоғары  табысқа  кеп- 
ілдік  береді.  Корпоративті  және  мемлекеттік 
бақылау  күшейген  соң,  дәрігерлердің  жүмыс 
еркіндігі азайды және қоғамдық сын күшейді.
11.  Медбикелер  денсаулық  сақтау  саласының  ең 
үлкен  бірыцғай кәсіптік тобын  қүрайды.  Мед­
бикелер  дәрігерлерден  әлдеқайда  аз  пайда  та- 
бады. Олардың беделі төмен, бұйрық бермейді, 
орындайды.  Мұның  себебі  медбике  жүмысы 
дәстүрлі санада  «әйелдерге» тән жүмыс ретін- 
де қабылдануында.
12.  Сақтандырылған  америкалықтардың  көпші- 
лігі  жеке  медициналық  сақтандыру  жоспар- 
ларына  енеді.  Medicare  -   бұл  барлық  егде 
жастағы азаматтарды сақтандыруға арналған 
мемлекеттік  бағдарлама.  Ал  Medicaid,  ең  ал- 
дымен,  өте  кедейлер  үшін  қабылданған  мем- 
лекеттік сақтандыру бағдарламасы.
13.  Америка  Қүрама  Штаттары  -   төлем  цабілет- 
тілігіне  қарамастан,  пациент  тұрақты  ме- 
дициналық  көмекке  қол  жеткізе  алмайтын
Сыни ойлау
1.  «Сырқаттануға  бейім»  адамдардың  арасын- 
да  темекіден  өлу  оқиғалары  қалай  көбейді? 
Спирттен  өлу  ше?  Улы  заттардан  өлу  қалай? 
Диетадан ше?
2.  Әлеуметтік  күштер  мен  саяси  шешімдер  жы- 
ныстық мінез-құлықтан болған өлім-жітімніц 
көбеюіне  қалай эсер  егеді? Заңсыз  есірткі  зат- 
тардың себебі қандай?
3.  Соңғы  рет  жақын  досыңыздың  немесе  туы- 
сыңыздың  ауырғанын  есіңізге  түсіріңіз.  Нау- 
қас  адам  рөлінің  тетіктерін  пайымдап  алып, 
осы  жағдайға  байланысты  қолданып  көріңіз. 
Айналаңызда  созылмалы  аурумен  ауыратын 
адамдар  бар ма,  есіңізге түсіріп,  алдыцғы тәр- 
тіппен тапсырманы орындаңыз.
4.  «Ерлердің  жыныстық  қатынасқа  қабілетсізді- 
гін» ауру ретінде анықтау кімге пайдалы?  Қа-
жалғыз  индустриалы  мемлекет.  65  жастан 
асқан  америкалықтардың  18  пайыздан  аста- 
мы  сақтандырылмаған.  Сақтандырылмаған 
адамдар  сырқаттанып  қалатын  я  қайтыс  бо- 
латын  жағдайды  басқалардан  гөрі  жиі  бас- 
тан  кешіреді,  бірақ  бұлардың  медициналық 
көмекке  мүқтаждығы  жөніндегі  мәселе  ке- 
йінге ысырыла береді.
14.  АСА бағдарламасы  сақгандырылмаған азамат- 
тардың  санын  азайтуға  бағытталған.  Бірақ 
мемлекеттің  денсаулық  сақтауға  араласуына 
қарсы азаматтар бұл бағдарламаға оппозиция 
құрды,  ал  басқалары  бағдарлама  жан-жақты 
талқыланбаган деп ойлайды.
15.  Басқа елдердегі бірыңғай төлем жүйесі денсау- 
лық  сақтау  шығындарын  азайтады.  Өйткені 
бұл  тиімді:  коммерциялық  емес  және  меди- 
циналық  қызмет  көрсетушілермен  бағаны 
төмендету жөнінде тиімді келісім жасауға  бо- 
лады.  Алайда  бірыңғай  төлем  жүйесі  дәрігер- 
лер  мен  тұтынушылардың  таңдау  мүмкінді- 
гін азайтады.
лай? Кім шығындалады? Не үшін шығындала- 
ды?
5.  Темекі  шегетін  немесе  басқа  зиянды  әрекет- 
пен  айналысатын  досыңыз  жайлы  ойланы- 
ңыз. Досыңыздың мінез-қүлқын өзгерту үшін 
не қажет екенін  анықтау мақсатында, денсау- 
лыққа сенім үлгісін қолданыңыз.
6.  Неге  еркектер  медбикелік  жұмыспен  сирек 
айналысады?  Мұндай  гендерлік  айырмашы- 
лықты не өзгерте алады?
7. 
Құрама  Штаттар  үлттық  денсаулық  сақтау 
жүйесін  қабылдаса  кімге  пайдалы  болады? 
Кімдер жеңеді және жеціледі? Экономикалық, 
әлеуметтік,  саяси  және  психологиялық  шы- 
ғындарды ескеріңіз.


жүктеу 30,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау