ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
24.02.2017
Басылым:
Үшінші
Іскерлік этика Кодексі
К БҚММУ
01
18-беттің
14-беті
122. Орта медициналық персонал кәсіби міндетін орындауына байланысты сеніп
тапсырған немесе таныс болған пациент денсаулығының жағдайы, диагнозы, емделуі, оның
сырқатының болжамы, сондай-ақ пациенттің жеке өмірі туралы ақпаратты үшінші
тұлғалардан құпияда сақтауға міндетті.
123. Орта медициналық персоналдың қандай түрде болсын сақталатын клиенттер
туралы құпия ақпаратты таратуға құқығы жоқ.
124. Орта медициналық персонал қажетіне қарай әріптестеріне көмектесе алады,
сондай-ақ емдеу процесінде жәрдемдесе алады.
125. Орта медициналық персонал емдеуші дәрігер тағайындаған емдеу бағдарламасын
орындауда пациентке көмектесуі қажет.
126. Орта медициналық персонал өзінің біліктілігін үнемі арттыруы және ғылыми
зерттеу жұмыстарына қатысуы тиіс.
6.5. Кіші медициналық персонал
127. Аға медбике/Бас медбике кіші медициналық персоналдың жұмысын бақылайды
және күнделікті тәрбие жұмысын жүргізуі қажет.
128. Аға медбике/Бас медбике кіші медициналық персонал жұмысының сапасына,
науқастарға қызмет көрсету мәдениетіне, клиникадағы жайлылыққа, тазалық пен тәртіпке
жауапты.
129. Кіші медициналық персонал өзінің функционалдық міндеттерін сапалы
орындауы, іскерлік субординацияны және қызмет тәртібі ережелерін сақтауы тиіс.
130. Кіші медициналық персонал қызметкерлері ұқыпты көрінуі және жеке бас
гигиенасы ережелерін сақтаулары тиіс.
131. Кіші медициналық персонал қызметкерлері Кәсіпорын жағдайында мінез-құлық
ережелері мен басқа тұлғалармен қарым-қатынас жасау бойынша қатаң нұсқамалықтан
өтулері тиіс.
132. Кіші медициналық персонал барлық қызметтік мәселелерді Аға медбикемен/Бас
медбикемен бірлесіп шешуі тиіс.
133. Кіші медициналық персонал пациенттің көзінше әріптестерімен қарым-
қатынастарын талқыламауы қажет.
6.6. Медицина қызметкерлерінің ақпаратты ашуы
134. Пациент туралы медициналық ақпарат:
1) пациенттің жазбаша келісімі бойынша;
2) анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының талаптары бойынша;
3) егер құпияны сақтау пациенттің және (немесе) басқа тұлғалардың денсаулығы
мен өміріне елеулі қатер (қауіпті жұқпалы аурулар) төндірсе;
4) осы ақпарат кәсіби түрде аса қажет болатын басқа мамандар емдеуге тартылған
жағдайда ашылуы мүмкін.
135. Ғылыми зерттеулер, студенттерді оқыту және дәрігерлердің біліктілігін арттыру
процесінде пациенттерге қатысты медициналық ақпаратқа қол жеткізу құқығы бар
Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері көрсетілген ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
136. Медициналық сипаттағы жарияланымдар, ғылыми форумдарда дәрігерлердің сөз
сөйлеулері, баспасөз, радиода немесе теледидардағы ағартушылық қызмет этикалық
тұрғыдан мінсіз болуы қажет, сондай-ақ объективті ғылыми-тәжірибелік ақпаратпен
шектеліп, жосықсыз бәсеке элементтерін, жарнама мен өзін-өзі жарнамалауды қамтымауы
қажет.
ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
24.02.2017
Басылым:
Үшінші
Іскерлік этика Кодексі
К БҚММУ
01
18-беттің
15-беті
137. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық және өзге де ұйымдар
өтініш білдірген кезде, дәрігерлер және/немесе орта медициналық персонал өз құзыреттері
шегінде:
1) қандай да бір сырқат бойынша теориялық ақпарат беруге;
2) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттардың ережелері
және оларды тәжірибеде қолдану тәртібі туралы хабардар етуге;
3) жоғары тұрған ұйымдар, медициналық мекемелер, емдеу технологиялары туралы
хабардар етуге;
4) басшының келісімімен бөлімше, мекеме бойынша қолда бар статистикалық ақпарат
беруге;
5) бөлімшеде, мекемеде қолданылатын емдеу технологиялары туралы ақпарат
беруге;
6) санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы ақпаратты беруге құқығы бар.
138. Бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері
өтініш білдірген кезде дәрігерлер және/немесе орта медициналық персонал:
1) пациенттер, оның ішінде қайтыс болған пациенттер туралы ақпарат беруге;
2) нақты бір азаматқа медициналық көмек көрсету, оны емдеу, емдеп шығару, өлімі
және т.б. бойынша өтініш білдіру фактілері туралы ақпаратты растауға және жоққа
шығаруға;
3) пациентті (пациенттерді) айырып тануға болатын фото-бейнематериалдарды
ұсынуға құқығы жоқ.
6.7. Іскерлік этика Кодексінің және Университеттің өзге де ішкі құжаттарының
бұзылуы туралы мәліметтерді жинау және қарастыру тәртібі
140. Университеттің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері бекітілген іскерлік
этика нормаларын, заңнама және университеттің ішкі құжаттарының нормаларын бұзулары
анықталған жағдайда қадағалау кеңесінің хатшысы шын мәнінде осындай өтініштерді
қарауға құзыретті университеттің тиісті органдарының қарастыруы және шешімдер
қабылдауы үшін материалдарды қалыптастырады.
141. Мүдделі тұлғалар Университеттің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлерінің
заңсыз және этикаға қайшы іс-әрекеттері туралы өзінің тікелей басшысына хабарлай алады.
142. Қадағалау кеңесінің хатшысы қарастыруға өтінішті қабылдай отырып:
1) өтініш иесі өз құқықтарын қорғау және/немесе іскерлік этиканың бұзылған
нормаларын және іскерлік этиканың нормалары бұзылып қабылданған шешімдерді
және/немесе іс-әрекеттерді (іс-әрекеттер жасамауды) жою тәсілдері мен құралдарын
түсіндіруге;
2) шын мәнінде осындай өтініштерді шешу құзыретіне жататын Университеттің тиісті
органдарына беруге міндетті.
143. Қарастыру нәтижелері мен қабылданған шешімдерді қадағалау кеңесінің
хатшысы тиісті орган шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш
білдірген тұлғаға хабарлайды.
144. Лауазымды тұлғалар мен қадағалау кеңесінің хатшысы Кодекс ережелерінің,
заңнаманың және ішкі құжаттар нормаларының бұзылуы туралы мәліметтерді қарастырудың
құпиялылығына кепілдік береді. Өтініш білдірген тұлғаның құқықтарына нұқсан
келтірілмеуі тиіс.
145. Қызметтік тергеу жүргізу қадағалау кеңесі хатшысының уәкілеттілігіне
жатпайды.
6.8. Бақылау шаралары
ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
24.02.2017
Басылым:
Үшінші
Іскерлік этика Кодексі
К БҚММУ
01
18-беттің
16-беті
146. Университеттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекстің талаптарын
қатаң сақтауға және Кодекстің кез келген талаптарының бұзылуы туралы жазбаша түрде
хабарлауға міндетті. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына
алып келетін барлық жағдайлар заңнаманың және Кәсіпорынның ішкі құжаттарының
нормаларына сәйкес қарастырылуы қажет.
147. Университеттің
лауазымды
тұлғалары
Университеттің
стратегиялық
мақсаттарына қол жеткізу үшін іскерлік этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен
қағидаларын ескере отырып, іскерлік шешімдер қабылдайды және өздерінің алдына
қойылған міндеттердің іске асырылуына толық жауап береді.
148. Университеттің қадағалау кеңесінің хатшысы немесе Университет басшысы өз
құзыретіне сәйкес Университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне/органдарына қажетті
мәліметтерді бере отырып консультациялар жүргізу арқылы Кодекс талаптарының
бұзылуына байланысты мәселелерге ден қоюға міндетті.
149. Университет басшылығы Кодексті ашық түрде талқылауға дайын Қызметкерлерді
ынталандырады және оны жетілдіру бойынша барлық сындарлы ұсыныстарға оң
көзқараспен қарайды.
150. Университеттің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері, сондай-ақ іскер
әріптестер мен мүдделі тұлғалар Кодекс талаптарын және/немесе жұмыс барысында
туындаған этикалық мәселелерді, сондай-ақ Кодекс талаптарының бұзылу фактілерін,
сыбайлас жемқорлық және басқа заңға қарсы іс-әрекеттерді түсіндіруге қатысты мәселелер
бойынша қадағалау кеңесінің хатшысына жүгінуге құқылы.
151. Қызметкерден мүдделер қақтығыстарына, заңнаманың және ішкі құжаттардың
бұзылуына жататын барлық оқиғалар мен себептерді нақты сипаттау талап етіледі. Бұл
мәнмәтінде баяндаушы Қызметкер өзара сенімді бұзушы болып есептелмеуі тиіс. Бұл
Кәсіпорынға қатысты Қызметкердің адалдығының көрінісі болып табылады. Қызметкер
дұрыс және нақты мәліметтерді хабарлауға міндетті және күмәнді фактілерді немесе
жағдайларды, осындай сипаттағы кез келген заңсыз іс-әрекеттер белгілерін жасырмауы тиіс.
8-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ
152. Осы Кодекстің нормаларын сақтау Университеттің барлық лауазымды тұлғалары
мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. Осы Кодекстің нормаларын бұзу
заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке алып келеді.
ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
24.02.2017
Басылым:
Үшінші
Іскерлік этика Кодексі
К БҚММУ
01
18-беттің
17-беті
Іскерлік этика Кодексіне
Қосымша
Растау үлгісі
Осы үлгіні Сіздің Іскерлік этика кодексінде белгіленген іскерлік этика қағидалары мен
мінез-құлық ережелерін мұқият зерделегеніңізді, түсінгеніңізді және оны адал ұстануға
міндетті екеніңізді растау үшін пайдаланыңыз.
Толтырылған және қол қойылған растау үлгісі Университетте еңбек міндеттерін
орындау мерзімі ішінде Университетте еңбек және/немесе лауазымдық міндеттемелерді
орындауды бастаған сәттен бастап Университеттің әрбір қызметкерінің жеке ісінде
сақталады.
Растау
(Тиісті ұяшықтарды белгілей отырып, осы үлгіні толтырып, қол қойып, кадр
жұмысына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшеге жіберуді сұраймыз).
1.
Мен Университеттің Іскерлік этика кодексін зерделегенімді және түсінгенімді
растаймын
2.
Мен Университеттің Іскерлік этика кодексінде белгіленген іскерлік қызмет
қағидалары мен мінез-құлық ережелерін адал ұстануға міндеттенемін.
3.
Мен жылына кемінде бір рет Университетте еңбек және/немесе лауазымдық
міндеттемелерді орындау мерзімінде Кәсіпорынның іскерлік этика Кодексінде
белгіленген іскерлік этика қағидаларын және мінез-құлық ережелерін
зерделегенімді, түсінгенімді растаймын және оны адал ұстануға міндеттенемін.
Т.А.Ә._____________________________________________________
Қолы____________________________________________________
Күні 20_____ж. «___»_________________
Н К БҚММУ 01-01-17. Растау (Іскерлік этика Кодексі). Үшінші басылым.
ҚР ДСМ байқау кеңесі бар «Марат
Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті» ШЖҚ РМК
Күні:
24.02.2017
Басылым:
Үшінші
Іскерлік этика Кодексі
К БҚММУ
01
18-беттің
18-беті
Қосымша А
(міндетті түрде)
Н БҚММУ 401-04-17
ТАНЫСТЫРУ ПАРАҒЫ
№
р/с
Тегі, аты-жөні, лауазымы
Жеке қолы
Күні
Ескерту
Достарыңызбен бөлісу: |