Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет47/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   211

              94 

 

Д.Т. Құлтанов  



А.М. Мейрам  

Арқалық қ. (Қазақстан) 

 

ЖАС БОКС ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҚИЫН КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ 

ДАЙЫНДЫҒЫ 

 

Соңғы  жылдары  көптеген  халықаралық  бокс  турнирлері  қиын  климаттық  жағдайда 

өткізілуде  (ыстық  немесе  құрғақ  күндері,  поястық  уақыттың  тез  өзгеруі,  таулы  табиғат). 

Мұндай  қолайсыз  жағдайларға  уақыт  айырмашылықтары  келіп  қосылады.  Олимпиада 

турнирлерінің  қолайсыз  жағдайларына  уақытынан  бұрын  әзірлену  қажет.  Осы  мақсатта  ірі 

олимпиада ойындарын қиынырақ климат жағдайында да ұйымдастыру жоспарлануда. 

Бокс  шеберлерінің  мұндай  қиын  ауа  райына  бейімделуі  үшін,  оларды  гигиеналық 

қамтамасыз ету керек. Төменде осы гигиеналық қамтамасыз ету жағдайлары сөз болады.  

Боксерлерді  жоғарғы  температурада  және  ылғалды  ауа  климатына  дайындау.  Күн 

ыстық  болғанда  боксшылар  жоғарғы  температура,  ауа  құрғақтылығы,  интенсивті  күн 

радиациясы мен жарға шағылысқан ыстыққа тап болады. Мұндай жағдайда белгілі дәрежеде 

оларға  күш  түсі,  ішкі  орта  мен  организмнің  жылылық  бөлуі  нашарлайды.  Интенсивті 

бұлшық  ет  жұмысы  кезінде,  дене  үнемі  қозғалыста  болғанда  бұл  жағдай  өршіп  кетеді 

жоғарғы  жылу  ауыртпалығы  әуелі  орталық  ми  жүйесі  мен  нервті  бұлшық  ет  аппаратына 

зиянды шапшаңдық төмендеп, қозғалыстың дәлдігі мен координациясы нашарлайды, апатия 

пайда  болады.  Жүрек  қан  тамыры  жүйесінің  жұмысы  әлсірейді  және  ағзадағы  физика-

химиялық  процестер  қатары  пайда  болады.  Бұлардың  бәрі    сезім  күшін  әлсіретіп,  спорттық 

шеберлігін төмендетеді де, қалпына келтіру  процестерінің жұмысын тоқтатуын әкеп тірейді 

[1, 28]. 

Ең қолайсыз деген жағдай ыстық пен ауа құрғақтығы араласып, жел тоқтағанда пайда 

болады.  Бұл  кезде  жылылық  бөлу  бірден  төмендеп,  организм  қызады.  Жаттығу  кезінде, 

жарыс  кезінде  боксшылар  үшін  жоғарғы  температура  мен  құрғақ  жағдайда  гигиеналық 

комплекстер зор белгіге ие. 

Бұл комплекс негізіне рационалды жаттығу тәртібі мен демалыс, тамақ пен су ішу, аяқ 

және  дене  киімдерін  дұрыс  таңдау,  жеке  бас  гигиенасына  назар  аудару  және  күн  қызуына 

бейімделу жатады. 

Ыстық  климатты  елдерде  болатын  жарыстарға  дайындалуды  метеорологиялық 

жағдайда жүргізу керек. Яғни, сол ыстық температурада дайындық жүргізу қажет.  

Ыстық  климатты  жерге  келгенде  оған  бейімделуді  белсенді  жүргізіп,  яғни  бірінші 

күннен    бастап-ақ  дене  жаттығуларын  орындауға  кірісіп,  біртіндеп  олардың  жалғасымын 

үдету керек. 

Міндетті  түрде  жаттығу  жүктемелерін  нәтижеге  қарап  өсіріп  отырған  жөн.  Әсіресе 

спортшылардың  адаптациясы  кезінде  алғашқы  3-6  күндердегі  жаттығуларға  аса  назар 

аударылуы  керек.  Өйткені  осы  күндерде  олардың  жұмысқа  деген  құлшынысы  төмендейді. 

Тәуліктік жаттығуларды күніне екі рет таңертең және кешке жасаған жөн. 

Дайындық  жаттығулары  ереже  бойынша  ашық,  жел  келетін  алаңдарда  болады. 

Орманды  жерлерде  дайындық  жүргізген  кезде  ағаштардың  желге  кедергі  екенін,  және  бұл 

жердің ылғалдылығы 5-7% ға жоғары екенін де ұмытпау керек. 

Жаттығулардың  көлемі  қысқарады,  өйткені  ағзаны  қыздырудың  керегі  болмайды. 

Жеңіл жаттығулар кезінде 4-5 минуттан соң боксерлерде тер шығып, көңіл-күйі төмендейді, 

бұл әрине дене температурасының көтерілуіне тікелей қатысты [2, 35]. 

Жеңіл жаттығудан кейін үнемі дене құрғақ орамалмен сүртіліп, киім ауыстырылады. 

Жаттығу  процесінде  5-10  минутқа  демалыс  беріледі.  Бұл  кезде  спортшы  көлеңкеленген 

желдің нақ көзінде отыруы қажет. Ол денедегі ыстықты шығаруға көмектеседі.  




              95 

 

Ыстық  күндері  дайындық  кезінде  салқын  сумен  жуынуға  тыйым  салынады.  Осыдан 



кейін сергек сезім әлсіздікке ұласады. Сонымен қатар, салқын душ қабылдау қабынуға әкеп 

соғуы  және  терінің  түршігуі  мүмкін.  Сол  үшін  әрбір  дайындықтан  кейін  душты  3-4  есеге 

азайтқан жөн. Су температурасы ауа температурасынан 3-5

0

-қа аз болса жеткілікті. 



Ыстық  күндері  ұйқыға  да  көңіл  бөлу  қажет.  Оның  ұзақтығы  8-9  сағат  және  салқын 

ауада  тыныш  жерде  болуы  керек.  Дене  тепе-теңдігін  сақтау  үшін  ыстықта  тіпті  бас  киім, 

күнделікті киім мен аяқ киімнің де рөлі зор. Олар тек ыстық көлемін азайтып қана қоймайды, 

денені ультра-күлгін сәуледен сақтандырады. 

Сол  кезде  спортшы  киген  киім  кең  болуы  керек  және  төмендегідей  гигиеналық 

талапқа  сай  болуы  шарт:  мүмкіндігінше  жеңіл,  ауа  өткізгіш  және  жылу  жібермейтін, 

максималды  түрде  сәуле  күшіне  қарсы  тура  алу  терді  жылдам  сорып  алатын  және  теріні 

шаңнан сақтайтын. Мақсатты түрде шыттан және мақта қағаз матадан тігілгені дұрыс. 

Бас киім бас пен көзді күн радиациясынан сақтап, жеңіл және ауа мен ылғал өткізгіш 

болуы керек. Аяқ киім жеңіл және ыңғайлы болғаны жөн. Резеңкі етіктен аулақ болуы керек. 

Күн сайын шұлықты және аяқты жуып жүру қажет. 

Жоғарғы  ішкі  температура  кезде  ыстық  соққысы  болуы  мүмкін.  Ол  көбінесе  ыстық 

және  ылғалды  ауа  кезінде  бұлшық  етпен  жұмыс  жасағаннан  болады.  Егер  денеден  шыққан 

терінің кебуі қиындаса ыстық соққысы кезінде орталық ми жүйесінің қызметі бұзылып, адам 

ағзасындағы  мүшелерінің  іс-әрекеті  бұзылады.  Сонымен  қатар,  ыстық  соққысы  бас  дұрыс 

қорғанбаса, күн сәулесінен пайда болуы мүмкін. 

Ыстық  соққысына  тән  белгілер  –  жалпы  әлсіздік,  апатия  (естен  тану),  ұйқышылдық, 

аяқтың ауырлауы, бас айналу және бас ауруы, көз қарауыту, шөл, жүрек айну т.б. Сонымен 

қатар  бұл  кезде  тер  шығып,  дене  қызады,  жүрек  соққысы  мен  дем  тездейді.  Егер  тер  көп 

шықса,  дене  құрғап  ысиды.  Дене  температурасы  40%-ға  созылады.  Мұндай  жағдайда 

орталық ми қызметі бұзылуы мүмкін [3, 64]. 

Күн  соққысының  алғашқы  белгілері  көрінісімен-ақ,  ол  адамды  суық  жерге  апарып 

киімін шешіп, ауа жіберген жөн. Басы, жүрегінің айналасына салқын мұз қойып, компрестер 

басу  қажет.  Денені  салқындату  үшін  салқын  сумен  ылғалдаған  жақсы.  Бойындағы  азайған 

судың орнын толтыру үшін салқын су ішу керек. Ол үшін ауруға медициналық көмек қажет 

ыстық  және  күн  соққысын  алған  боксшылар  сыртқы  ортаның  температурасын  тым  сезгіш 

келетінін  де  ұмытпаған  жөн.  Алайда  оған  үздіксіз  салқын  су  беруге  болмайды.  Ол 

спортшының  жұмыс  күшін  әлсіретеді.  Сол  үшін  ыстық  күндері  арнайы  тәртіппен  ғана 

сұйықтық  пайдалану  керек.  Бір  стакан  судан  кейін,  ауыздағы  сілекей  құрғайды.  Бұл 

жағдайда ауызды ылғалмен сүрту немесе қышқыл мұз бен алма т.б. пайдаланған дұрыс.  

Бұл  кезде  қатты  салқын  су  ішуге  немесе  ауызды  сүртуге  болмайды.  Мұндайда  ауа 

температурасынан аз төмен суды пайдалану дұрыс. 

Негізгі  сусын  ретінде  көк  шай  қолданылады.  Кәдімгі  шайға  қарағанда  оның 

құрамында  кофеин  аз.  Ал  шайдағы  кофеин  ағзаға  кері  әсер  етеді.  Нан  квасы,  газды  сусын, 

томат  шырыны,  сүт,  сүт-қышқыл  сусындарын  қолдануға  болады.  Ыстық  күндері  жеміс  пен 

көкөністің  санын  көбейткен  жөн.  Олар  шөл  басып,  тердегі  темірдің  жұмысын  жақсартады 

және ағзаға олар витаминдер береді. 

Күн  ыстықта  жалпы  адамның  көңіл-күйі  мен  жұмысқа  деген  ынтасы  оның 

тамақтануымен  және  су  ішу  режимімен  тығыз  байланысты.  Тамақ  каллориясы  1-2  %-ке 

төмендеген.  Бұл  тәуліктегі  май  нормасының  төмендеуінен  пайда  болады.  Сонымен  бірге 

міндетті түрде тәуліктік ақуыз көлемін ұлғайту керек.  

Сыртқы  темература  жоғары  болған  жағдайда  адам  ағзасы  витаминдер  мен 

минеральды  керек  етеді.  Бұл  бір  жағынан,  олардың  терлеуімен  байланысты  процесс  болса, 

екінші  жағынан,  денедегі  интенсивті  өзгерістері  мен  алмасуына  байланысты.  Осы  үшін 

витаминдердің тәуліктік көлемін 40-50 % көбейткен жөн. Бұған қоса минералы мен витамині 

көп тамақтың санын көбейту керек: ет, сүт, жұмыртқа, ірімшік, жеміс-жидек, көкөністер. 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау