246
технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық
даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор
екенін байқадым.
Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру
арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту
үрдісіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
Оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін
компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.
Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы
классикалық әдістерді жетілдіру.
Қазақ тілі сабақтарында деңгейлік тапсырмаларды ақпараттық-коммуникативтік
технологиялардың мүмкіндіктері арқылы қолдануда төмендегідей нәтиже беруде:
- студенттердің оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең
жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана
білуі;
- ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға
дағдылануы;
- игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз
көзқарасын қорғай алуы.
Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге
бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей
білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам
дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010.
2. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, 2010.
3. Қобдиқова Ж.У. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде
жетілдіру. – А., 2005, 22 б.
А.Е. Алимбаев
Астана қ. (Қазақстан)
МАҒЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ «ПЕДАГОГИКА»
ЕҢБЕГІНДЕГІ ДҮНИЕТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ
Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну
дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса қадірлі орын – мұғалімдердікі. Бірге
оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір, қазақ мұғалімдері! Қолымнан
келген осы еңбегімді сендерге тарту қылам. Ниетімнің тазалығы үшін тартуымды қабыл
көріп алыңыздар. Бұл жолдар Мағжан Жұмабайұлының «Педагогика» еңбегінің кіріспесі.
Автордың өзі айтып отырғандай аз ғана ояну дәуіріне баға беру болашақтың ісі. Бүгінгі
егеменді еліміздің бағыт-бағдары, рухани жаңғыру жолында жүргізіліп жатқан істер аз емес.
Дегенмен алты алаштың баласы бас қосқан кезде қадірлі орын мұғалімдікі болмай тұрғаны
баршамызға аян нәрсе.
Қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын кемеңгер тұлғалардың бірі – Мағжан
Жұмабайұлының «Педагогика» еңбегі ақынның көзі тірісінде екі рет жарық көрген. Бірі –
1922 жылы Орынборда, бірі – 1923 жылы Ташкент қаласында. Қазақстанда сауатсыздық жою
жолында алаш қайраткерлері талмай еңбектенгені белгілі. Олардың қатарында Мағжан
247
Жұмабайұлы да ұстаздық етумен қатар, ұстаздықты жүзеге асырудың жолдарын көрсететін
оқу-әдістемелік құралдар жазған.
«Педагогика» – грек елінің сөзі. Paida – бала, gogike – жетектеу, деген екі сөзден
құралған. Ежелгі Грецияда балаларды бағып мектепке алып келіп жүретін кәрі құлдарды
педагог деп аталған. Педагог деген аттың бұрын мақтаулы болмағандығы осыдан көрінеді.
Бірақ, соңғы заманда, пән, ғылым үшін адамзат өнерленген сайын педагог деген ат қадірлі,
қасиетті болып барады [1.15].
Ақынның «Педагогика» еңбегі негізінен он бес бөлімнен тұрады. Олар:
1. Сөз алды
2. Жинағы
3. Жалпы педагогика (Жетекші сөз)
4. Педагогика бөлімдері, 4.1. Жалпы педагогика, 4.2. Дене тәрбиесі, 4.3. Жан тәрбиесі.
5. Жан көріністерін тап-тапқа бөлу. 5.1. Әсерленуді бөлі, 5.2. Абай 5.3. Суреттеу, 5.4.
Ес, 5.5. Қиял, 5.6. Ойлау, 5.7. Тіл.
6. Ішкі сезім яки көңіл көріністері, 6.1. Қайрат, 6.2. Баланың жалпы жаратылысы.
Еңбекте дене тәрбиесімен қатар рухани тәрбие мәселелері жан-жақты және терең
зерделенген. Бала дүние есігін ашқан күннен бастап дене тәрбиесімен қатар жан тәрбиесін
қатар алып жүру керек екен. Дене тәрбиесі: сәбидің салмағы, яғни өлшеу, дене жылылығы,
дем алу, тамыр соғу, бала бөлмесі, баланың тамағы, баланы шомылдыру, бөлеу һәм бесік,
ұйқы, баланың қозғалуы, серуен, тістеу. «Дене – жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі зат
та берік болмақ. Дене – жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. «Сау жан, сау
денеде ғана болады» деген мәтел шын, дұрыс мәтел» [1.20]. Жоғарыда аталғандарды
баланың дене тәрбиесінде дұрыс пайдалана білсек, дені сау ұрпақ өсетіні сөзсіз.
Жанның не екенін ешкім де нақты білмейді, бірақ жан туралы сөз көп. Жанды қолмен
ұстауға, көзбен көруге, құлақпен естуге, иіспен сезуге еш мүмкіндік жоқ. Философиялық
тұрғыдан қарайтын болсақ, жанның мәңгілігі, растығы және жаратылмайтындығы осы үш
концепцияда қарастыруға болады деп жазады философ ғалым Ғ. Есім. Мағжан Жұмабайұлы
да, жан туралы үш пікір бар дейді. Біріншісі – жан деген бөлек, өз алдына бір нәрсе дейді
«спиритуализм», яки «идеализм» деп аталады. Екінші пікір – жан дене іскерлігінің бір түрі.
Яғни, жан деген жеке зат жоқ, жан деген дененің бір бөлігі деген сөз. Бұл пікір
«материализм» деп аталады. Үшінші пікір – ан деген жан көріністерінің жиынтығы. Яғни,
жан деген ойлау, сезу һәм басқа барлық жан көріністерінің жалпы атауы дейді. Бұл пікір
«феноменализм», яғни эмпиризм деп аталады. Қайткенменде, адамзат бұл күнге шейін
жанның не екенін біле алған жоқ. Дегенмен, автор жанның көріністері бар деп қорытынды
жасайды. Жанның көріністеріне ойлау, ақыл, әсерлену, ес т.б. жатқызады. Мағжан
Жұмабайұлы осы айтылғандарды қалай тәрбиелеу керек екендігінің әдістемесін ұсынады.
Еңбекте жан көріністерін үш топқа бөліп қарастырады: ақыл, көңіл, қайрат. Бұл
көріністерді Абай Құнанбайұлы туындыларында ақыл, жүрек, қайрат деп атайды. Аталған
үш таптар бір-бірімен тығыз байланысты, яғни жан болмысында берік байлам бар. Демек,
адам бір іс істегенде осы жанның үш көрінісі де қатынасады. Үш көріністің адамға тек қана
пайдасы болсын дейтін болсақ үшеуін де бірдей ұстау керек деп қорытынды жасайды. Автор
бұндай қорытындыны Ұлы ойшыл Абайдың «Әуелде суық мұз – ақыл зерек» деген еңбегінен
алады.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласын елден бөлек», - деген өлең жолдары дәлел болады. Абайдың
«толық адам» концепциясы жанды тәрбиелеуге бағытталған. Жан тәрбиесінің, жан
көріністерінің түзу, сау болуы үшін автор мына нәрселердің сау болуы керек дейді, олар:
Нерв системасы, әсерлену (көру, есту, сыйпау, иіскеу һәм тату), абай яғна адамның назары,
суреттеу, ес (зейін), қиял, ойлау.
«Біз ақыл көріністері арқылы сыртқы заттар туралы, яғни олардың өзі ісі һәм күші
туралы білім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің болғанын білеміз һәм ол