24
І. 4. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
1.ХХ ғасырдың
басындағы алғашқы мектептер, оқу мазмұны.
2.Алғашқы бағдарламаларды құрудағы ізденістер. Алғашқы бағдарла-
малардың құрылысы мен мазмұны.
3.Қазақ әдебиеті оқулығының қалыптасуы тарихы.
4.Алғашқы әдістемелік ізденістер.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасу жолын қарас-
тырғанда оны тӛрт арнадан іздеуге болады:
1.Мектепте
пән ретінде оқытылу тарихы;
2.Әдебиет пәнін оқытуға арналған оқу құралдарының пайда болуы мен
қалыптасу жолы.
3.Әдебиет пәнінің оқу бағдарламаларының түзілуі мен қалыптасу
тарихы;
4.Алғашқы әдістемелік ізденістер: мақалалар, әдістемелік пікірлер;
5.Әдебиетті оқыту оқулықтарына нұсқаулар, арнайы әдістемелік
еңбектер, ондағы бағыт-бағдар.
Қазақ халқы сӛз ӛнерін қадірлей отырып, ӛзінің бай әдеби мұрасын
ғасырдан ғасырға жеткізді. Оны ұрпақ санасына сіңіріп, халқының бай мұра-
сын танытып келгендігі даусыз. Дегенмен әдебиеттің арнайы пән ретінде
оқытылуын мектеп ӛмірінен тысқары қарауға болмайды. Сондықтан мектеп-
тер әр пәнге деген сұраныста болуы себепті әдебиет пәнінің оқытылуын мек-
тептер ӛмірімен сабақтастырамыз. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ
елі Ресейдің отары болғандықтан, мектеп мәселесі де үстем елдің отарлық
саясатының аясында ӛз мүддесіне қарай шешіліп отырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жеріндегі мектептер екі бағыт-
та болды. Оның бірі — діни оқуға бағытталған ауыл мектептері. Орталық
қалаларда ашылған діни оқу орындары, медреселер. Татар ағартушысы
И.Гаспиринский негізін салған жадит мектептері. Екіншісі — оқу тек орыс
тілінде жүргізілетін училищелер мен семинариялар еді.
1870 жылы Халық ағарту министрлігінің ұлттық мектептеріне
арналған
Н.И.Ильминскийдің жүйесіне негізделген заң күшіне енді. 1970 жылғы халық
ағарту министрлігінің ұлттық мектептері басқа ұлт балаларының орыс тілін
меңгеру деңгейіне қарай үш түрлі дәрежеде болған. Олар:
1. Орыс тілін меңгергенге дейінгі алғашқы оқу жылында орыс алфави-
тімен жазылған оқулықтар бойынша ана тілінде оқуға рұқсат етілген
мектептер;
2. Оқу орыс тілінде жүргізілетін, мұғалімдер ұлт ӛкілдерін тілін білуі,
оны сабақты ауызекі түсіндіру үшін ғана пайдалану рұқсат
етілген мектептер;
3. Оқу тек орыс тілінде жүргізілетін, ана тілін қолдануға рұқсат етіл-
мейтін мектептер.
Бастапқы топтағы мектептерде орыс тілін меңгергенге дейін орыс
әрпімен басылған ана тіліндегі оқулықтар қолданыла бастады. Ағарту сала-
сында Ы.Алтынсарин кӛш бастады. Ұлы мақсат-мұраты қазақ балаларының