Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «28» қазандағы №1222 қаулысымен



жүктеу 483,8 Kb.
Pdf просмотр
бет20/34
Дата23.12.2019
өлшемі483,8 Kb.
#24793
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34

жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 

750 қаулысымен белгіленген тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған 

тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау шараларына 

қажеттіліктерін айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек 

көрсету; 

7) оңалту іс-шараларын жүргізу қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге 

асырылады, ол үшін оңтайлы әлеуметтік ортаға бағдарлауға және әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеуге 

бағытталған медициналық іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етеді; 

8) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек қызмет алушылардың денсаулығын нығайту үшін 

жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары 

кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді; 

9) протездік-ортопедиялық көмекті және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды 

алуға жәрдемдесу қызмет алушының практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады; 

10) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды 

пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық 

дағдыларын дамытады; 

    11) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қызмет алушының денсаулық жағдайын ескере 

отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету қызмет алушының денсаулығының жағдайын күн сайын 

қадағалау (дене қызуын, қан қысымын өлшеу және басқада рәсімдер), емдеу дәрігерінің 

тағайындауына сәйкес дәрілер беру, қызмет алушылардың жүріп-тұруына (қажетіне қарай) және 

басқа да қызметіне көмек көрсету сияқты қызметті қамтиды; 

12) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) 

жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтірмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен 

жүзеге асырылуға тиіс; 

13) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы 

бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы ауруларды уақытылы алдын 

алуға және жоюға мүмкіндік туғызады; 

14) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың 

медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды 

қамтамасыз етуге көмектеседі. 

39. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметке 

мыналар жатады: 

1) психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру; 

2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі байқау); 

3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстарын жүргізу; 

4) психологиялық консультация беру; 

5) шұғыл психологиялық көмек (оның ішінде телефон арқылы); 

6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас 

жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру; 

7) психологиялық тренинг; 

8) қызмет алушыларды психологиялық түзеу; 



9) қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу 

және жою үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету. 

40. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар: 

1) психологиялық консультация беру жанжалдың алдын алу және жою үшін қызмет алушыға ішкі 

ресурстарын ашу, тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді 

қамтамасыз етеді. 

Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтік-

психологиялық проблемаларды онымен талқылау, негізінде оған ішкі ресурстарды ашуға, 

жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі; 

2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік 

тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың 

стреске төзімділігін арттыруға және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді; 

3) қызмет алушының психологиялық диагностикасы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның 

басшысы бекітетін психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады. 

Психодиагностика қызмет алушының мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-

қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін оның психикалық жай-күйін және қызмет алушылардың 

жеке тұлғалық ерекшелігін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын 

жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді; 

    4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қамқорлықтағы адамдардың 

жүріс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың 

эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-

қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз 

етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес 

келтіруге мүмкіндік береді; 

    5) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара 

салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің 

бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарға әлеуметтік бағалы нормаларына дағдыландыруда, 

өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен 

бағаланады; 

6) шұғыл психологиялық көмек: қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, 

дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын 

жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген 

сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді 

қамтамасыз етеді; 

7) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі байқау негізінде психикалық 

қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет 

алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды 

әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; 

8) психологиялық алдын алу жұмыстары мүгедектер мен қарттарда психологиялық білімін және 

оларды өзін түзеу және өзінің проблемаларын шешуде пайдалану ықыласын қалыптастыруға, әрбір 

жас кезеңінде жеке басын психикалық дамыту үшін жағдайлар жасауға, тұлғалық қалыптасуда 



жүктеу 483,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау