Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет132/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   187

268 
 
-  Білезіктің  күрт  қозғалысы  есебінен  допты  шығару  барысында  доп  серіктесінің  бас 
деңгейіне бағытталады. 
- Доп серіктесіне тек білезіктердің қозғалысы есебінен беріледі. 
-  Еденде  отыра  тура  допты  шығару  (білезіктік  допты  шығаруды  жетілдіру  үшін 
пайдалы жаттығу). 
- Алға қарай ұмтылу арқылы допты қабылдайтын серіктес орынына допты шығару. 
- Шабуыл соққысы үшін алдын-ала допты соғумен бір орында допты шығару. 
Жұптасқан  жаттығулар  допты  төменнен  шығару  және  қарсы  шабуыл  соққысы  үшін 
пайдалы.  Серіктестердің  бірі  допты  бір  қолмен  түрлі  күшпен  серіктестіктер  жағына  қарай 
шығару қажет, ол допты қабылдай отыра оны берілген бағытта бағдарлауы қажет.[2, 53-61б ] 
Допты  қабылдаушы  ойыншы  жылдам  қозғалуы  мен  иық  бөлігімен  тең  күш  салып 
қабылдап отыруын бақылау қажет. Серіктестер арасындағы қашықтық  допты шығару  және 
допты соғу кезіндегі  сипатына тәуелді артады немесе кемиді. Допты қабылдаушы ойыншы 
доп  оған  қарай  бағытталып  ұшатындай  орын  ауыстырып  отыруы  қажет.  Егер  ол  орын 
ауыстырып  үлгермеген  жағдайда,  онда  иық  бөлігінің  құралған  жазықтығын  допқа  қарсы 
бұруы қажет.  
Допты шығаруды жетілдіру: 
1.  Жаттықтырушы тор алдында 2 және 3-аймақтар арасында тұрады. Жаттығушы беткі 
сызық  алдында  6  аймақта  орналасады.  Жаттықтырушы  допты  бір  жаққа  қарай  көтереді  (1 
немесе 5 аймаққа). Жаттығушы доп астына шығады да оны жоғарғы допты көтеру амалымен 
жаттықтырушыға  қайтарады.  Допты  көтеріп  беру  алдында  жаттығушы  тоқтауы  және 
жаттықтырушыға  қарай  бет  бөлігімен  бұрылуы  қажет.  Ерекше  назар  орын  ауыстыру 
жылдамдығына аударылады. 
2.  Жоғарыда  атылған  әдісті  қайталау,  алайда  жаттығушы  допты  төменнен  екі  қолмен 
көтеру арқылы қайтарады. 
3.  Жоғарыда  атылған  әдісті  қайталау,  алайда  допты  беру  бір  оң  немесе  сол  қолмен 
орындайды. Оңға қарай қозғалу кезінде ойыншы оң аяқпен аяққы қадамды орындауы қажет. 
Ол  қозғалыс  инерциясын  өшіру  және  солға  қарай  бұрылуды  жеңілдетуге  болады.  Солға 
қарай орын ауыстыру кезінде – керісінше. 
Орын  ауыстыру  жылдам  орындалуы  қажет.  Ойыншы  доппен  кездесу  орынын  дұрыс 
анықтай алуы өте маңызды. Соққыны қолдарын біраз бүгу ақылы дене деңгейі бойында іске 
асыру  қажет.  Жоғарыда  сипатталған  жаттығулар  допты  көтеру  биіктігінің  өзгерісінен  және 
оның  жаттығушының  алыстығынан  күрделенеді  немесе  жеңілдетеді,  соған  байланысты 
допты шығару амалдары да өзгеріп отырады.[3.153б ] 
Допты  шығару  дәлдігін  жетілдіру  үшін  түрлі  құралдарды  пайдалануға  болады. 
Мысалы,  допты  шығарғаннан  кейін  доп  үстіңгі  бөліктен  қандай  да  бір  затқа  түсуі  тиіс  – 
көтерілген және бектілген орындыққа немесе 50*50 см өлшемді  қатты қағаз фанера бетіне. 
Сонымен  қатар  жылжымалы  баскетбол  сақинасын  пайдалануға  немесе  жай  ғана  допты 
шабуыл жасау ауданының белгілі бір орынға бағыттауға болады.  
Осындай  маңызды  тапсырмалар  міндетті.  Олар  соққы  дәлдігін  дамытады  және  ең 
бастысы  ойыншымен  тапсырманы  орындаудың  объективті  критериі  болып  табылады,  ал 
салдары  ретінде  оның  жауапкершілігін  арттырады.  Ойыншы  әр  уақытта  да  допты  «мекен-
жайы» бойынша беруге ұмтылады.  
Торға бағытталған кез-келген допты шығару шабуыл соққысына ыңғайлы болуы қажет: 
доптың  ұшу  траекториясының  төменге  кететін  тармағы  торға  ілінуі  немесе  орта  сызықпен 
шектелмеуі қажет. 
Екінші көтерген уақытта шабуыл жасаушы ойыншыдан орта сызыққа дейін жүргізілген 
перпендикулярдан асатын бүйір сызықтың бағытына бағыттауы қажет және орта сызықтың 
ішінен 1,5 м-ге аспауы қажет . 
Волейболда  допты  бір  қолмен  шығару  да  маңызды  орын  алады.  Алайда  олар  сирек 
қолданылады,  себебі  орындалуы    бойынша  күрделі  болып  табылады.  Допты  бір  қолмен 
жоғарыдан көтеру кезінде білек алақан бөлігімен алға қарай, саусақтар кіші саусақ пен бас 


269 
 
бармақ біріге ұяшық туындататы. Негізінен допты шығару қолды шынтақ және одан төмен 
қол бөлігінің қозғалысы есебінен іске асады, 2, 3, 4-ші саусақтар белсенді жұмыс атқарады, 
5-ші және1-ші демеуші фукнцияны атқарады. [4, 160-184б ] 
Қорыта  келе  айтсақ  кез  келген  спортта  жоғары  көрсеткіш  көрсету  үшін  спорттық 
жаттықтырудың  негізгі  жақтары  (Дене  қуаты,  тактикалық,  техникалық,  психологиялық, 
теориялық) дайындықтары жоғарғы деңгейде болуы керек. Егерде осының біреусіне болсын 
назар  аудармасақ,  бәйгеде  бір  аяғы  сынып  амалсыз  жанын  қинап,  шауып  келе  жатқан  ат 
секілді.  Ол  аттың  қанша  жерден  мықты  болғанмен  жетер  жетістігі  төмен  болмақ.  Тек  бұл 
жақтармен ғана шектелмей, бес(күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік, ептілік) дене қуаты 
қасиеттері  дамығын,  табиғатынан  дарынды  ойыншыларды  тауып,  олармен  белсенді  түрде 
жұмыс жасау маңызды. Осымен қатар әрбір әдіс-тәсілді дұрыс көрсетіп, алдағы мақсаттарын 
айқындап  отыратын  жоғарғы  деңгейдегі  жаттықтырушы  маманның  да  тигізер  әсері  мол. 
Елімізде  тек  дамыған  спорттарға  көңіл  бөле  бермей  артта  қалған  спорттарды  дамытуға  ат 
салсақ, сол бір спорттың жоғарғы деңгейге жетуіне бір мүмкіндік болары сөзсіз. Ол үшін тек 
жағдай жасап амал етсек болғаны, спорт сарайларын ашып, жыл сайынғы бұхаралық халық 
арасынан  іріктеулер  жасап  жас  майталман  шебер  спортшылар  дайындау,  жоғары  дәрежелі, 
көреген  мамандар  дайындау  керек  екенін  ескерсек  ертеңгі  елдің  болашағы  айқын,  әрі 
бұлтсыз болмақ. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.Е.Қ. Уанбаев., Спорт дене тәрбиесі пәнін оқыту әдістемесі.,- Өскемен 2014ж. – 66 б 
2. Сихымбаева Қ.С., Мамбетова М.Қ., Қонарбаев Ж.Ө. Волейбол ойыны; - «Нұрай Принт Сервис» ЖШС 
баспасында басылды. 53-61 б 
3.С.Қасымбекова- әдістемелік құрал, волейбол, Алматы «Атамұра». – 153 б 
4. С.Тайжанов, А. Қарақов, Дене тәрбиесі; -«Эверо» 2010ж. – 160-184б 
 
 
УДК 37.015.3 
ИМАШЕВА А.Д. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Бүгінгі  таңда  тәуелсіз  мемлекет  алдында  тұрған  негізгі  мақсаттардың  бірі  – 
дүниежүзілік білім әлеміне ену. Бұл салада білім беру ісінің мазмұнын жаңа бағытқа бұрып, 
құрылымдық  жүйесін  жаңарту,  өзгерістер  енгізу  –  білім  реформасын  жүзеге  асыру 
алғышартта тұрғаны баршамызға аян. Демек, Егеменді Қазақстанның болашақ потенциалын 
оқытып  –  тәрбиелейтін  мұғалім  –  шығармашыл,  жан-жақты  білімді,  парасатты,  мейірімді, 
сезімтал,  интеллектіалды,  мәдениетті,  кәсіби  шебері  ізденімпаз,  ғылыми  зерттеуші  болса, 
онда  жеке  тұлғаға  қойылатын  мынадай  талаптар  алдыңғы  орынға  шығады:  креативтілік, 
белсенділік,  жауапкершілік,  ой-өрісінің  кеңдігі,  сауаттылық,  танымдық  әрекетке 
қызығушылығының басымдығы. 
Жобалау  әдісі  оқушының  танымдық  және  қайта  құрушылық  әрекеттерінде 
шығармашылық  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға,  оқу  мотивациясын  арттыруға, 
интеллектуалдық  қабілеттерін  дамытуға  ықпал  етеді,  өз  бетімен  жұмыс  істеу,  жоспарлау, 
шешім  қабылдау,  нәтижені  бағалау  дағдыларын  қалыптастырады.  Өздерінің  болашақ 
өмірінде кездесетін мәселелерді шешу үшін қажетті тәжірибелер жинақтайды [1].  
Жобалау әдісіне үйрету барысында оқушылар әрекеттің субъектісіне айналады, сөйтіп, 
әр оқушы жобалау тобының тең құқылы мүшесі болып табылады.   
Қазіргі жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған 
негізгіпроблемалары: 
1) Қазіргі жаңа формация; 
2) Баланы оқи білуге үйрету; 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау