19
оқушылардың өздігінен шешуіне бағыттайды. Қазіргі таңда оқулық білімді тек
хабарлаушы емес, оны оқушылардың өздігінен ізденуіне бағыттаушы құрал
десек те болады. Оқулық жазу мәселесінің теориялық тұстарымен көп
айналысып жүрген ғалым А.Қ.Құсайынов өзінің бір сұқбатында «қазіргі оқулық
жазушылар оқулықта берілетін білімді
көбіне, өмірдегі нақты жағдаяттармен,
адамның тұрмыс-тіршілігімен ұштастырыла бермейді» - дей келіп, нақты
мысал келтіреді. Ол мысалы химияны орта мектепте толық оқыған
мұғалімдерден қазіргі ыдыс-аяқ жууға арналған сұйықтардың сыртындағы
жазылған химиялық қосындыларын ажыратып беруді сұрағанда олардың бірде-
бірінің жауап бере алмағандығын айтады. Бұл оқулық мазмұнына тек ғылыми
негіз енгенмен, оның күнделікті өмірге керекті материалдармен байланысының
жоқтығын көрсетеді. Дамыған елдер оқушыларды тек білім алушы ғана емес,
оқу үдерісіне белсене араласушы деңгейіне көтеру үшін, олардың өздігінен
білім алу, оны өмірдегі жағдаяттарда пайдалана білу, ізденушілік
құзыреттіліктерін қалыптастырып, дамытуды көздейді [40, б. 85 ].
«Білім» – көпмағыналы және күрделі ұғым. Ол білім алушының жүйелі
білім, білік, дағдыларының және орындайтын іс-әрекетінің негізінде меңгеру
үрдісінің нәтижесі. Білім мазмұнын меңгеруде әрбір материалдың мазмұнына
байланысты іс- әрекет атқара отырып, оған сыни көзқараспен қарап, жүйелі ой
елегінен өткізу, шығармашылықпен жұмыс істеу нәтижесіде оқушының
білімдік дағдылары қалыптасады. Бүгінгі таңдағы білім беру талабына сәйкес,
сындарлы оқыту нәтижесінде білім ала отырып өз әрекетіне өзі есеп бере
алатын, меңгерген білімін болашақта қажетіне қолданатын, өзіндік «мені»
қалыптасқан тұлға даярлау осы өзіндік ізденудің негізінде орындалатыны
белгілі. Бүгінгі қарқынды дамып жатқан елдер арасынан орын алу үшін білім
сапасын дамытудың қажеттігі білім беру жүйесі мен білім беру қызметтеріне
жоғары талап қоюда. Ал білім беру үдерісіндегі негізгі құрал – оқулық.
Оқулықтың атқаратын үш міндетін ( білім беру, дамытушылық, тәрбиелеу)
ескерсек, орта мектепке арналған бейорганикалық химия оқулықтарының
мазмұны осы сыныптардың жас ерекшелігіне қарай құрыла отырып,
бағдарламада көрсетілген талаптарға сай ғылыми материалды ғана емес,
сонымен бірге оқушының оқулықпен жұмыс жасата отырып, оқушылардың өз
білімдерін өзіндік бағалауына, бақылауына, оны өмірмен байланыстыруына
негіз
болатындай
және
алған
білімін
жергілікті
материалдармен
байланыстыруға мүмкіндік туғыза алатындай дәрежеде болуға тиісті.
Химия оқулықтары елімізде жүріп жатқан білім беру реформаларының
іске асыруын көздейтін маңызды құралдардың бірі. Оқушыларды білім беру
мен тәрбиелеуде және дамытуда оқулықтың орнын және маңызын көптеген
ғалымдар мен әдіскер зерттеушілеріміз айтып кеткен. И.Я.Лернердің айтуынша,
оқулық оқыту үдерісін жан-жақты ұйымдастырушы ретінде қызмет атқарады.
Осыған байланысты ол жаңа оқыту жүйесін сипаттайтын әрбір оқулықтың төрт
негізгі элементін атап көрсетеді:
- бірінші, ақпараттық, яғни вербальды немесе материалдың мазмұны
көрнекі құралдар арқылы түсіндіру үшін ұсынылған болуы;
20
- екінші, репродуктивті, мұнда берілетін білім оқушылардың іс- әрекетін
ұйымдастыруға бағытталуы;
- үшінші, теориялық материалдың мазмұны шығармашылық іс-әрекетке
жұмылдыратындай, ынталандырушы бағытта болуы;
- төртінші, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған эмоционалдық қарым-
қатынасты игеруге ықпал етуші ретінде қызмет көрсетуі қажет.[76]
Оқулыққа қойылатын талаптың күрделілігіне байланысты оны құрастыру
мәселесі теориялық тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да көп ізденуді талап
етеді. Белгілі педагог-ғалым Д.Д. Зуев оқулықтың пәндік мазмұнның
оқушылардың
танымдық
шығармашылық
жұмыстарының
түрлерін
ұйымдастырушылық мүмкіндігін жоғары бағалайды [6, б. 50].
И.Зверев «Жоғары білікті оқулық-ойлылық пен эмоционалдықты, ғылым
мен көркемдікті, бейнелі баяндаумен ұштастыру үлгісі» - деп атап көрсетті[77].
Оқулық – Білім және ғылым министрлігімен бекітілген оқу
бағдарламасына сәйкес оқу пәні мазмұнының жүйелі баяндалуын қамтитын
оқу теориялық басылым және бұл мемлекеттік құжат болып есептеледі. Егер
оқу бағдарламасы пән бойынша берілетін білімнің тақырыптарын анықтап және
оған қанша сағат бөлінетінін көрсетсе, оқулық сол тақырыптардың
әрқайсысының мазмұнын ашып көрсетеді.
Химия пәні әлем туралы жан-жақты мазмұнмен дамытылған көптеген
биологиялық білімнің жетістіктерімен толықтырылып, кіріктірілген пән.
Мәселен, кез келген заттың күрделі құрылымы мен қасиеті арасындағы
байланыс, зат массасының сақталу заңы энергия формалары т.б. химиялық
заңдылықтар өздерін қоршаған ортаның негізгі қасиеттерімен таныстырып қана
қоймай оқушылардың жүйелі ойын дамытып, олардың ойлануына, қорытынды
жасауына негіз болады [78]. Қазіргі кезде заттар мен химиялық үрдістер
туралы материалдардың жеткіліктілігі және олардың толық зерттелгендігі,
химияның ғылым ретінде қарқынды дамуы бұл пәннен берілетін білімнің тек
ғылыми шындықты беруінің кепілі.
Оқулықтың көлемі мен құрылымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты мен пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес болуы
қажет және онда көрсетілген білім мазмұны толықтай қамтылуы тиіс. Оқулық
басқа басылымдардан атқаратын өзіндік қызметтері, мазмұны мен мәтініне
қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.
Химия пәнінің оқулықтарының мазмұндық құрылымдық сипаты қазіргі
қалыпқа бірден келе қалған жоқ. Оқулықтар мазмұнының өзгеру даму қалпы
негізінен үш кезеңді бастан кешірді. Оның алғашқы кезеңі – Д.И.Менделеев
ашқан периодтық заңның негізінде жазылып, бейорганикалық химияны
оқытуға негіз салды. Сол кездің өзінде ол химияны догмалық жолмен
оқытудың зияндылығын атап көрсетіп, оқушыларды ғылыми ізденіске жетелеу
керектігін айтып, көбіне практикада қолданатын заттарды зерттеу, олар туралы
ғылыми мағлұмат беру жағын қарастырды. Міне, бұл қазіргі таңдағы білімді
практикамен байланыстыру талабының бастамасы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |