18
дамуын қамтамасыз ету жағы бірлікте қарастырылады. Сондықтан да, қазіргі
дамыған қоғамда берілетін білім мазмұнында , тұлғаның өзін-өзі анықтауы,
еңбек және экономикалық мәдениеті, интеллектуалдық, адамгершілік,
экологиялық, отбасымен қарым-қатынасы сияқты көптеген жағдайлар
ескеріледі. Бұған қоса, пәнаралық сабақтастық, жаратылыстану білімдерін
кіріктіру тұстары да назарда болуға тиіс. Сол арқылы ғана білім
алушылардың, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оларды жаңа біліммен
қаруландыру, өздігінен жұмыс атқару дағдыларын меңгерту мақсаттары
жүзеге асады.
Педагогика ғылымында маңызды дидактикалық теориялар мен
тұжырымдамалар баршылық. Әрбір дидактикалық теорияны зерттеп, оны
негіздеуші ғалымдар бар. Мәселен, танымдық әрекетті дамыту тұжырымдамасы
(Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), оқулық
түзудің
дидактикалық
негіздерін
И.Я.Лернер,
проблемалық
оқыту
тұжырымдамасы (М.И.Махмутов, А.М. Матюшкин т.б.), ақыл-ой әрекетін
кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны
теориясы (В.В.Краевский, Л.Я. Лернер, В.С.Леднев, т.б.), мазмұнды жинақтау
теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін оңтайландыру теориясы
(Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы
(Т.И.Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И.Махмутов, В.А.Онищук,
т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (Л.Я.Зорина, Н.К.Журавлев,
т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель, т.б. ұжымдық
оқыту теориясы (В.Дьяченко, т.б.)
[68-75]
. Ал, осы теорияларды жүзеге
асырудың негізінде оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны жатыр.
Қазақстанда білім берудің дидактикалық негізіне көп көңіл бөлген ғалым-
профессор Т.Сабыров болды. Ол негізінен бастауыш сыныптарда берілетін
білім мазмұнына көп көңіл бөлді. Бірақ, ғалымның «Оқушылардың бойында
нақты ғылым қоры болмаса, оның өздігінен жұмыс атқаруы мүмкін емес»-деген
пікірі білім берудің қай саласына болса да негіз болатын қағида. Шын мәнінде
оқушыға білім беру құралы оқулық болатын болса, оның мазмұны мен
құрылымы оқушыға қойылатын талаптарды орындатудың негізі болып
табылады.
Кейінгі кездерде оқулық жазудың теориялық және практикалық
мәселелерін сөз етіп жүрген авторлар баршылық. Соның бірі А.М. Таганова өз
пікірінде жалпы оқулықтың мына
төмендегідей
қызметін атап өтеді:
- білімді хабарлау, баяндау;
- оқушыларды әртүрлі дағдыларға жаттықтыру;
- алған білімді өмір кәдесіне жарата білуге үйрету;
- белгілі пәнді білмекке
ынталандыру, қызықтыру;
- білімді оқушылардың өздігінен пайдалануына жағдай жасау.
Әрине, бұл жалпы оқулықтың маңызын ашуға тырысқан пікір деп
қараймыз. Бірақ, оқулықтың атқаратын қызметі бұдан да күрделі. Әсіресе,
химия оқулығынан берілетін білімнің ғылыми теориялық негізін оқушыға
баяндап қана қоймайды, оны проблемалық жағдаяттар тұрғысынан