39
Құрылымдық жүйенің әр бөлігінің белгілі бір формасы бар және өз
қызметтерін өзіне ғана тән құралдар арқылы іске асырады.
Химия оқулығының атқаратын дидактикалық қызметтеріне байланысты
оның құрылымының да өзіндік ерекшелігі бар. Бұл оқулықтағы тақырыптар
бойынша берілетін материалдардың ең алдымен ғылымилығы болса, сол
ғылымилық жүктемені тереңдете түсетін химия ғылымына байланысты қазіргі
таңда қол жеткен жаңалықтарды да толық қамтуға көңіл бөлу. Сонымен қатар,
оқулық мазмұны оқушыларды химиялық біліммен қаруландыру, дамыту және
тәрбиелеуді ескеру арқылы оның оқушылардың белсенді танымдық қызметін
ынталандыруға, өзіндік жұмыс атқаруға керекті материалдарды қамтуын да
қарастыру. Оқулықта берілген әрбір тақырып оқушылардың өзіндік іс-әрекетін
және оны орындаудың әдіс-тәсілдерін үйретуге, білімді қолдану мен көбейтуді
өз бетінше жұмыс атқару шеберлігі мен дағдысын дамытуға және
қалыптастыруға ықпал ететіндей деңгейде берілуі көзделеді
[113]
.
Бейорганикалық химия оқушыларға химия ғылымының негізін алғашқы
рет жеке пән ретінде ұсынатын болғандықтан, оның мазмұнына ғылыми
деректер, ұғымдар, теориялар мен заңдар енеді. Сонымен қатар, химиялық
элементтер және олардың қосылыстары туралы оқушыларға ғылыми негіздегі
материалдар ұсынылады. Бұл мәліметтердің бәрі мәтін түрінде беріліп, оның
мазмұны түрлі ғылымаралық және химиялық терминдерді, таңбаларды,
номенклатуралық атауларды, символдарды қолданып берілетін химиялық тіл
арқылы жеткізіледі. Бұларды қолдануда берілетін ғылыми ұғымның жүйелілігі,
оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі, ғылыми ұғымдардың бір-бірімен
байланыстылығы ескеріледі. Оқулықтың ғылыми бөлімінің ерекшелігі оны
оқып меңгеру барысында оқушылар химия ғылымының теориялық негізінен
ұғым алумен қатар, оның практикалық маңызын да түсінеді. Практикалық
маңызын меңгеру оқулықтағы мәтінге қосымша берілген мәтіннен тыс
компонентердің көмегімен жүзеге асады. Осы тұста мәтін мазмұнын өмір
тәжірибесімен және күнделікті ақпараттармен байланыстыру мүмкіндігі туады.
Бұл айтылып отырған мәселелерді шешу үшін мәтіннен кейін берілетін
деңгейлік тапсырмалар, проблемалық сұрақтар, түрлі жаттығулар мен есептерді
өз мәнінде қолдана білу қажет. Сонымен қатар, мәтін мазмұнын толықтыра
түсетін көрнекіліктердің де мәні зор. Бұл көрсетіліп отырған мәтінге қосымша
элементтер мәтін мазмұнын толықтырып қана қоймай, олар арқылы оқушылар
дербес, жұптық және топтық жұмыстар орындайды. Сонда ғана оқушылардың
теориялық материалды саналы меңгеруі іске асады. Оқулықтың ғылыми негізі
арқылы оқушылардың дүниенің біртұтастығы туралы бастауыш сыныптарда
алған ұғымдары тереңдеп, нақты қалыптаса түседі.
Химия пәнінің оқулығы жоғарыда көрсетілген ғылыми мазмұнмен қатар
тасымалдаушы, білімді өз бетімен ізденушілік, танымдық-өзгертпелі сияқты
функцияларын да қамтиды. Осының негізінде химия оқулықтарының
құрылымы дамытушылық және тәрбие берушілік тұстарының күшейтілуіне
баса көңіл бөледі.
40
Оқулық құрылымының соңғы талаптарға сай болуы оқушыларға берілетін
білім мазмұнын жетілдіріп қана қоймай, оқытушының олармен шығармашылық
жұмыстар ұйымдастыруына негіз болады. Білім беруді жаңаша құруда басты
көңілді оқушыларды дамыту мәселесіне бөлуді талап етуде. Даму деген ұғымға
көңіл бөлсек, оның бірнеше анықтамасы бар.
Даму - оқушының өз білімін кез келген қалыптан тыс жағдаяттарда
қолдана білу біліктігінің қалыптасуы. Сонымен қатар, оқушының оқу
әрекеттерін таңдауда дербестік пен ынталылық көрсетуі.
Даму - оқушының білім алу жолында өздігінен ізденуге талпынысы, әр істі
дәлелдеуге белсенділігі, кез келген мәселені шығармашылықпен орындауға
тырысуы.
Даму - өзінің білмейтінін мойындау, жіберген кемшіліктері мен
қателерінің себебін табу, өз әрекетінің, ісінің нәтижесін өте жоғары
нәтижелермен салыстыру, осы мәселелерді шешудегі оқушының дербестігі.
Міне, бұл орта мектептегі химиядан білім беру барысында ескерілетін
негізгі мәселелердің бастыларының бірі деп есептейміз.
Қазіргі таңда орта мектептерде бейорганикалық химиядан қолданылып
жүрген оқулықтарға талдау жасау арқылы мына жағдайларды анықтадық:
1. Бейорганикалық химия оқулығының кіріспе бөлімінен бастап, бұл
пәннің
құндылығын
талдау
арқылы
оқушыларды
зерттеушілікке
бағыттайтындай дәрежеде берілгендігі.
2. Оқулыққа қажетті элементтердің бірізділікпен, байланыстылықта берілуі;
3.
Оқулықтың әрбір құрылымдық компоненттерінің оның басқа
компоненттерімен де өзара байланыстылығы арқылы жүйенің сақталуы;
4. Әрбір құрылымдық компоненттің оқу-тәрбиелеу міндеттерін шешуде
белгілі бір функционалды жүктемені атқаратындығы.
5. Құрылымдық компонент оқулықтың дидактикалық қызметтерін іске
асыра отырып, өзіне ғана тән құралдар арқылы өз қызметтерін іске асыруға
ыңғайлылығы.
Оқулықта тараулар арқылы берілетін материалдар оқушылардың бұрын
алған ұғымдарын қайталауға, оларды тірек білім ретінде пайдалануға жағдай
туғызатындай болуға тиісті. Оқушыларды дамытушылық принцип бұл тек
сұрақтар мен тапсырмаларды орындау негізінде жүзеге аспайды, оқулықтағы
мәтіндер мазмұнына байланысты берілген таңбаларды, формулаларды
сызбаларды пайдаланып, өзіндік іс-әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.
Оқулықта беріліп отырған материалдардың оқушылардың жас ерекшелігіне
сәйкес түсініктілігін де атай кетуімізге болады. Оқу мәтіндері оқушыларының
психологиялық, физиологиялық, зияткерлік дамуын, олардың өзін қоршаған
ортадан және күнделікті ақпарат ағымынан алып отырған мәліметтерін есекру
жағы да қаралған [114,115]. Бұл сынып жасындағы оқушылардың зейіні біраз
тұрақтанған, көріп байқағандарын білім алу барысында байланыстыру
қабілеттері бар екені де белгілі. Сондықтан, берілген материалдарды өмірмен
байланыстыруға мүмкіндіктері жеткілікті деп қарай аламыз. Тәрбие беруші
оқыту идеялары мен қағидаларын іске асыруға негізделген жаңа оқулықтарда,
Достарыңызбен бөлісу: |