мотивация тудыру қажет, Психотерапевт бірінші сабақта ТП міндеті туралы толықтай баяндайды, ТПның басқа
емдеу түрлерінен айырмашылығын науқастан тұлғалық позициясының талап етілетінін баса айтып өтеді.
Процедура. Психотерапия топ мүшелрімен танысудан басталады:науқастар өз өмірбаянының мағызды сəттерін
ескере отырып, мінезінің ерекшеліктерін, қызығушылық шеңберін, бағдарлы құндылықтарын, өздерінің басқа
адамдармен қарым қатынасын кірістіре отырып өзі туралы айтуы керек. Осы периодта науқастардың бір бірінің
мəселесіне қызығушылық тудыруына көп мін беріледі. Психотерапевттен айтылғандарды, эмоционалды
қатынасты, вербальды емес мінез құлықты тиісті интерпретациялап, олардық арасындағы байланыстырушы болу
талап етіледі. Науқастардың «шерін тарқату» ұзақтығы əртүрлі болуы мүмкін: бастапқыда науқастар
қысымшылдық жəне ұялшақтық сезімінде болып, монолог 5-7 мин. Созылады, одан əрі шер тарқату 30 мин. да
көпке созылуы мүмкін. Егер науқастардың айтқандары эмоционалды бояуға қанық əрі одан əрі талдауға маңызды
ақпарат көп болса, онда психотерапевт олардың сөзін бөлмейді, маңызды емес тақырыпқа ауысқан кезде олардың
сөзін бөліп, өзгелерден мұндай əңгіменің қаншалықты маңызды болатындығын шешуге ұсынады.
Өмірбаянға бағдарланған тапсырмалармен қатар тақырыптық дискуссиялар жүргізіледі. Дискуссия барысында
науқастың алкоголизм туралы айтқылары келгені, оның симптомдары, патогенезі, емдеу əдістері туралы сөз
қозғалады. Қосымша психотерапиялық тəсіл ретінде алкогольге еліктеумен байланысты жетекші мотивациясы
жəне анозогнозияның көрінісі айқын бейнеленетін «Мен жəне менің ауруым» тақырыбында сурет салу
ұсынылады.
Егер психотерапия амбулаторияда өткізілетін болса, науқастарға өз жанұясымен, таныстарымен өзара əрекет
жасап, соңынан топтағы дағдыларын қолдана отырып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға мүмкіндік
болады.
ТП ның қорытынды стадиясында ұзақтығы алдыңғыларға қарағанда айтарлықтай көп болатын интеракционды
бағдарланған екі немесе үш сеанс өткізіледі. Талқылау материалы болатын топтағы тұлғаарарлық қарым қатынас
динамикасы. Біруақытта науқастардың бойында ремиссияның бірінші айында болатын қарым қатынас
қиындықтарын жеңе білетін дағдыны қалыптастыруға көңіл бөлу керек. Психотерапиялық əсерді күшейтуге жəне
ТП процесін белсендендіру үшін психотерапевт сабақты қосымша жаттығулардан бастауына болады;
сензитивтілік тренингтің элементтері (бір біріне сезімінің вербальды емес көрінуі, пантомимика арқылы өз өзін
көрсету, қозғалыс ойындары т.б.). Психотерапевттің рөлі ол интерпретатор жəне топта болып жатырған
процестің комментаторы.
Топтағы жұмыс қорытынды жасаумен аяқталады: науқастар жасалған психотерапиядан алынған қанағаттану
деңгейін айтады, жəне ережеге сай, жақын арадаға болашағына жоспар құрады. Емдеу аяқталған соң əрбір
науқасқа жекелік жұмыстар жасалуына көңіл бөлу қажет.
Психотерапевттің бұл этаптағы мақсаты орындалды деп айтуға болады егер науқастың бойында мыналар
қалыптасқан болса: а) өз ауруы туралы адекватты көрініс; б) алкогольды қолдануға қайта оралу мүмкін емес,
жалғыз ғана альтернатива өз өзіне ұстамды бола білу туралы сана қалыптасса; в) сау күйдің мотивациясы əрбір
науқастың жекелік тұлғалық алкогольге деген ұстамдылығы, мотивтердің қалыптасуы, алкоголды қолданумен
сəйкес келмеуі саналы түрде қалыптасса.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Ерлі зайыптылардың отбасы құндылығын, ролдік ұстанымдары жөніндегі көзқарастарын анықтау
қалай жүреді?
2.Психологиялық кеңес берудегі проблемалық жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу қалай жүзеге асады?
3.Аутоген жаттығуларын жүргізу техникасын түсіндір.
4.Алкогализмді емдеудегі топтық психотерапия əдісін жүргізу немен сипатталады?
№30 Дəріс.
Тақырып: Психолог жұмысының ережесі мен этникалық принциптері.
Дəрістің мазмұны
1. Психологтың міндеттері мен құқықтары.
2.Психолог қызметін ұйымдастыру.
3.Психолог қызметінің ережесі мен принциптерінің мазмұны.
Мақсаты: Психологтың міндеттері мен құқықтары, психолог қызметін ұйымдастыру, психолог
қызметінің ережесі мен принциптерінің мазмұны жөніндегі білімдерді түсіндіру.
Психолог жұмысының ережесі мен этникалық
принциптері.
1. Психолог өмірдегі ғылыми, əлеуметтік, өндірістік сұрақтарға шешімді белсенді түрде қабылдай білу керек.
1.1. Өндірістік еңбек психологиясының қаражатын жəне өнім сапаларын жоғарылатуға, материалдық,
энергетикалық, жұмыс күштеріне жұмсалған уақытты азайту жəне қаражатты төмендету.
1.2. Психологиялық əдістерге əлеуметтік, технологиялық жəне басқа жаңалықтарды еңгізуге көмектесу.
1.3. Мамандарды психологиялық профориентация ,профконсультация, профотбора, профобучения жəне
психопрофилактикалық жолмен дайындықтарын жақсарту.
1.4. Психологиялық заңдылықтарға сүйене отырып, тұрақсыз кадрларды азайтуға, қол жеткізуге,ұжым
тұрақтылығын қалыптастыруға халық меграциясын реттеуге міндетті.
1.5. адамдардың əлеуметтік өмірлері мен еңбек белсенділіктерін арттыру.Психологиялық реабилитацияны қажет
ететіндерге жалпы жəне жеке өмірлік мəселелер мен кəсіби сұрақтар бойынша психологиялық кеңес беру.
1.6. Жұмысшылар мен мамандардың психологиялық оптимизациясының негізінде қоршаған ортаны,
жабдықтарды, технологиялық процестерді өз еңбектерімен қанағаттандыруға қол жеткізуге ұмтылу.
1.7. Əлеуметтік психологияның көмегімен əлеуметтік , ғылыми жəне жаңа техниканы болжау.
1.8. Теория мен əдістемені дамыта отырып, психология ғылымын қамтамасыз ету
1.9. Этникалық принципті,ережені жəне заңдылықтарды өзінің іс-əрекетінде басшылыққа алу.
2.Психолог психологиялық ғылымда əдістерді қолдануға құқылы.
2.1. Психологиялық қасиет туралы жасырын ақпарат алуға, адамдардың ерекшеліктері мен жағдайлары туралы
ақпарат алуға құқылы.
2.2. Жұмысшылар мен арнайы мамандардың оптимальды əрекеттері бойынша жəне жұмыс орындары бойынша
оларды бөлу туралы ақпарат жинақтау.
2.3. Комиссия жұмысшыларына нұсқауларды, заңдылықтарды талқылауға жəне келісімге келуге қатысуға
құқылы.
2.4. Болған оқиғаның себептерін, қақтығыстарды тексеруге қатысу секілді оқиғаларды жəне іс-жүргізу
қорытындылары бойынша комиссия мүшелеріне
баяндауға құқылы
2.5. Толық жетілген тəрбиелеу, оқыту əдістерін практика жүзінде жұмыстарда қолдануға құқы лы.
2.6. Қабылдау бөлімінің, комиссия мүшелерінің жұмыстарына қатысуға
2.7. Эксплуантациялық сипттармен жабдықтауға , технология процестерін, қоршаған ортамен жұмыс
орталықтарын оқытуға жəне жағдайларды өзгертуге құқылы
2.8. Өз жұмыстарының материалдарын индивидуальды психологиялық кеңес беру процесі ретінде, өндірістерде,
мектептерде, емдеу бөлімдерінде қолдануға оларды конференцияларда, сьезде жəне басылымдарда хабарлауға
құқылы.
2. Психолог қызметін ұйымдастыру
3. Психолог қызметінің обьектілері мен субьектілері
3.1. Психолог тың орнына мемлекеттік дипломы бар, арнайы психологиялық білімі бар адам ғылыми-зерттеу,
оқыту, өндірістік, емделу, кооперативті немесе басқа да ұйымдарды ұсынады
3.2. Мемлекеттік немесе кооперативті немесе жеке өзі тапсырыс беруші ретінде психологқа психолог иялық
спаттама жөнінде кеңес береді, психолог жұмысының ережелері , принциптері мен танысады жəне олармен
келісімге келеді
3.3. Зерттелушінің орнына психологиялық зерттеу обьектісі ғылыми, өндірістік, əлеуметтік қызығушылықтармен
келіседі.
3.4. Психолог зерттеулерінің теориялық, əдістемелік, эксперименталды материал қорытындылары шығады.
4. Психологиялық қызметтегі субьективті- обьективті қарым-қатынас
4.1. Психолог тапсырыс берушіден тапсырмалар алып, зерттеу барысында өзара келісім түрінде техникалық
тапсырмалар құрады, психолог міндеттерін тапсырыс алушылар мен зерттелушілерді , олардың өзара біріккен
міндетті əрекеттері бөледі.
4. Психологиялық қызметтегі субьективті-обьективті қарым-қатынас.
4.1. Психолог тапсырыс берушіден тапсырмалар алып, зерттеу барысында өзара келісім түрінде техникалық
тапшылар мен зерттеушілерді, олардың өзара біріккен міндетті əрекеттерді бөледі.
4.2.Психолог психологиялық қызметтің теориялық концепциясының адекватты тапсырмаларын таңдайды, жұмыс
əдістерін, нақты зерттеу əдістерімен зерттелушімен жүргізілетін жұмыстарды таңдайды.
4.3. Психолог зерттелушімен тікелей əңгіме барысында анкета, интервью, тест,электрофизикалық зерттеу т.б.
немесе жанама түрде биографиялық, бақылау əдісі арқылы жұмысты жүзеге асырады.
4.4. Психолог зерттелушінің жеке өміріне əсер ететіндей материалдар өңдеп, оларға қорытынды шығарып,
алынған мəлімет жөнінде жақсы білетін ұжыммен талқылайды, қорытындылар жазып, факторлады аяқтайды.
4.5. Психолог тапсырыс берушіге өзінің қортындыларымен, ұсыныстарын, зерттелушіге қатысты тапсырыс
берушінің сұрағына жауап береді.Зерттеу құжаты жазбаша түрінде жүреді.
4.6. Тапсырыс беруші зерттелушіге психологияның кеңесі бойынша мынадай түрде; психокоррекция,
психологиялық –педагогикалық оқыту, административті түрде ықпал жасау, зерттелуші жұмысындағы
эргономикалық жəне инженерно-психологиялық факторладың ерекшелігін өзгертеді, еңбек қызметінің
талаптарын іске асырады.
3) Психолог қызметінің принциптері мен мазмұны.
Психолог қызметінің этикасы жалпы адамдық мораль мен құқықтық құндылықтарға негізделеді. Тұлғаның
еркін жəне жан-жақты дамуымен, оның сыйластығы, адамдарға жақындауы,əділдікті қалыптастыру, қоғамның
дамуы
психолог
қызметімен
анықталады.
Психолог
қызметінің
этникалық
принциптері
мен
ережелері,талаптарын қалыптастырады, ондайда оның қызметіндегі адамгершілік, профессионализм,жұмыстағы
адамдарға деген сыйластық сақталады немесе жойылады.
5. Зерттелушіге зарар келтірмейтін принциптер мен психологтан жұмысын ұйымдастыруды талап етеді.
Қорытындылары мен процестері зерттелушінің əлеуметтік жағдайына, денсаулығына ешқандай зарар келмеуін
Достарыңызбен бөлісу: |