Қарым - қатынас шеаласының қолдану аймағы – массасын , реакция мен тесттік тапсырманы шығару
уақытын өлшеу . Бұл шкаланың абсалютті шкаладан айырмашылығы « шынайы масштабты бірліктің
болмауы .
Шкалалық қайта түзілулердің екі варианты мүмкін .
1) Шкала күштілігінің өсуі ;
2) Шкала күштілігінің кемуі ;
Екінші жағдай тривиалды болып табылады . Күштілігі көбіне жататын бүкіл мүмкін процедуралар
күщтілігі аз жағдайға жататын болса онда интервалды шкала арқылы алынған мəліметтерді - реттік деп ,
ал реттік шкаланы - номиналды ретінде алуға құқығымыз бар.
Атаулар шкаласының реттік шкалаға көшуді қарастырамыз . Ол үшін кейбір негіздер бойынша
кластарды реттеу қажет . Обьектінің кейбір кластарға жатуы кездейсоқ функция дерлік . Онда реттік
шкаладан атаулар шкаласына көшу кластардың рет телуі болған жағдайда ғана жүзеге асады . Біріншіден ,
əрбір элемент үшін модальды класс болады: басқа класқа қарағанда көп иеліктердің болуы . Екіншіден ,
əрбір элемент үшін көптік класқа жату мүмкіндігінің бірі ғана функциясы бар жəне соларды бір ғана
əдіспен реттеуге болатындай . Жай айтқанда , əрбір кластың тек екі көрінісі болуы керек : « сол жақ»
жəне « оң жақ», ал көршілік реттілік элементтердің түрлі класқа түсудің эмпирикалық жиілігімен
анықталады . «Өзінің » класына элементі жиі түседі , ал «көршіге » кем жəне алыстағыларға - өте кем
түседі . Берілгендерді өңдеу кезінде кластың əрбір үштігі стохастикалық транзиттікке эмпирикалық
тексерістен өтеді. Реттік шкаланың интервалдар шкаласына ауысуы - ең жиі вариант . Ол психологияның
теориясына арналған əдебиеттерде бейнеленген .
Психологияда көптеген нақты өлшеу əдістемелері қолданылады. Психологиялық өлшеудің қолайлы
классификациясы С. С. Паповян ұсынды .
Психологиялық өлшеу əдістері əртүрлі негіздер бойынша топтастырылады.
1. «шикі» мəліметтер жинау процедурасына
2. өлшеу пəніне
3. қолданылатын шкала түріне
4. шкалаланатын материал типіне
5. шкалалау моделіне
6. «өлшеулердің» санымы ( бір өлшемді жəне көп өлшемді )
7. мəліəметтерді жинау əдісінің күштілігіне
8. индивид жауабының типіне
9. Олар қандай: детерминистік жəне мүмкіндікті .
Экспериментатор - психолог үшін өлшеу пəні мен мəліметтер жинау процедурасы басты негіздері
болды.
Субьективті шкалалаудың жиі қолданылатын процедурасы :
Ранжирлеу əдісі : бүкіл обьектілер зерттелушінің алдына бір уақытта ұсынып , өлшенетін белгісінің
үлкендігіне қарай реттеу .
Жұптап салыстыру əдісі: обьекттер зерттелушіге жұпталып беріледі . Жұптар мүшелері арасындағы
ерекшеліктерді зерттелуші өзінің ұқсастықтарында бағалайды .
Абсолютті бағалау əдісі: стимулдар бір –бірлеп беріледі .Зерттелуші берілген шкала бірлігінде
стимулдарды бағалайды .
Таңдау əдісі : Индивидке бірнеше обьектілер беріледі , кейбіреуінен берілген критерийге сай
авлентінін таңдау керек .
Өлшеу пəні бойынша бүкіл əдістемелер бөлінеді :
А) обьектерді шкалалау əдістемесі;
Б) индивидтерді шкалалау əдістемесі;
В) обьекттер мен индивидтерді бірігіп шкалалау əдістемесі .
Обьекттілерді шкалалау əдістемесі эксперименталды жəне өлшеу процедурасы контекстінде
айтылады . Негізі олар зерттелушінің есебі болып табылмайды , эксперименталды есебі болады . Зерттеуші
бұл есепті зерттелушінің мінез құлқын шығару үшін , психиканың ерекшеліктерін анықтау үшін қолданады
.
Субьективті шкалалау барысында зерттелуші өлшеу құралының функцияларын орындайды, ал
экспериментатор зерттелушілермен «өлшенетін» обьектілердің ерекшеліктеріне аз қызығады жəне «өлшеу
құралын » өзі зерттейді .
Субьективті шкалалаудың əдістемесі мен моделі дəстүр бойынша мінез құлыұты өлшеу моделі мен
техникасымен бір бөлікте қарастырылады. Бұл дəстүр мыналармен байланысты : «обьектілерді шкалалауда»
, «индивидтерді шкалалауда » мəліметтерді интерпритациялау мен өңдеу процесінде ұқсас математикалық
аппараттар қолданылады . Бір өлшемді жəне көп өлшемді субьективті шкалалау процедурасына кең
ғылыми жəне мектептік əдебиет арналған .
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы қалай жүзеге асады?
2.Теория бөліктері қандай?
3.Шкалалар типтері қандай?
4.Шкалалар типреті жəне түзілістер типтерін ата?
№17 Дəріс.
Тақырып: тестілеу.
Дəрістің мазмұны.
1.тестілеу жəне өлшеу теориясы.
2. Классикалық эмперико-статикалық тест теориясы.
3.Тестілеудің стохастикалық теориясы.
Мақсаты: Тестілеу жəне өлшеу теориясы, классикалық эмперико-статикалық тест теориясы, тестілеудің
стохастикалық теориясы жөнінде білімдерді тееңдету.
Тест – бұл диагностикалық əдіс. Қазіргі уақытта көптеген мектептерде қабылдау алдында балаларға
психологиялық тексеру жүргізеді. Бір жағдайларда бұл белгілі бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы бағытқа
салу, басқа жағдайда – балаларды оқыту қарқыны əртүрлі деңгейлі сыныптарға бөлу үшін жасалады.. мұнда
психолог арнайы тест қолданады. Тестілер – бұл стандартталған, жекелей психологиялық айырмашылықтарды
анықтауға арналған, уақыт жағынан шектелген сынақ түрі. Сонымен бірге тестілер баланың ақыл-ойын дамыту
бағдарламасын жасауға, оларды мектепке оқуға дайындауға жəне психикалық даму деңгейі сəйкес болмаған
жағдайда түзету бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.
Тест-стандартталған, белгілі бір белсенділік қалпын ынталандыратын, тапсыр маны орындау уақыты шектеулі,
қорытындысы санақ түрінде бағаланатын жəне тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік беретіінансамбль деп түсіндіріледі.Сынақ, тексеру аймағында кең қолданысқа ие «тест» термині көне
тарихқа ие.
Р.Пэнта жəне М.Гравитс (1972) бойынша «тест» сөзі ежелгі француз сөзінен шыққан, «кесе», «аяқ» сөздерінің
синонимі болып табылады. Күйдірілген саз балшықтан жасалған, аса үлкен емес ыдыстарды алхимиктер
тəжірибелерін өткізетін болған.Орыс тіліне «тест» сөзі ұзақ уақыт бойы екі мғынада қолданылып келді.
1. Қоғамдық қызметке тұратын əрбір адам,өзінің жасырын католик емес екендігін көрсету үшін беретін діни
ағылшын анты.
2. Алтын немесе күмістен қалайыны ерітіп, бөлуге арналған жалпақ ыдыс.
Қазіргі мазмұнға жақын «тест» термині- психологиялық термин мазмұнына ХІХ ғасырдың аяғында ие болды.
Психодиагностикада тесттердің əртүрлі классификациясы белгілі. Олар тест тапсырмасының ерекшелігіне қарай
вербальді жəне тəжірбиелік, сынақ процедурасының формасына қарай –топтық жəне жеке тест болып,бағытына
қарай –қабілет, тұлға жəне жеке психикалық функциялардың тесті болып, уақыттың шектеуіне қарай жылдамдық
тесті жəне қорытындылық тесттері болып бөлінеді.Сонымен қатар тесттер құрастыру принципімен де
ерекшеленеді. Соңғы 10 жылдарда көптеген тесттерді компьютер ортасына бейімдей бастады. Ол тесттерді
компьютерлендірген деп атайды. Қазіргі есептеуіш техника мүмкіндігіне сай компьютердік тесттер
құрастырылуда.
Тесттің кез-келген тану құралы сияқты нақты зерттеу жағдайында оның кемшілігі немесе жетістігі ретінде
қарастырылатын ерекшеліктері бар.Тестті эффективті қолдану көптеген факторларды есепке алуға байланысты,
солардың ішінде ең маңыздысы-теоретикалық концепцияны қолдану аймағы. Тест қолдануға оңай, «қарапайым»
болу керек деген көзқарас шындыққа жатпайды.
Күрделі психикалық зерттеу құралы бола отырып, тест «жеңіл» тапсырма болуы мүмкін емес.Тестті ғылыми
қолдану жалпы психологиялық білімсіз, психодиагностикалық зерттеулердің теория жəне тəжірибе аймағындағы
біліктіліксіз мүмкін болмас еді. Тестілеуде психодиагностиканың этикалық нормасын қабылдау да аса маңызды
жəйт.
2.Əдістемелерді жасау жəне бейімдеу технологиясы.
Ерекше əдістемені жасау жəне шетелдік əдістемені бейімдеу тек қана бөлек психометрикалық қасиеттерін,
репрезентативтілікті, сенімділікті, валидтілікті тексеруден ғана тұрмайды. Бір жағдайда жұмысты бір этапынан
бастау дұрыс болса, басқа жағдайлада басқасынан бастау дұрыс болады. Шындығында кез-келген тестті қолдану
жағдайы тек қана «жобалау» немесе «қолдануға» жатпайды.
Сонымен қатар тестілеудің барлық аспектілерінің өзгеріссіз жəне зерттелген, қалыпты қолдануға дайын тесттің
жағдайларын табу да қиын. Жағдайлардың көп қырлылығын, барлық тəуелсіз параметрлер комбинаторикасын
психолог-практиктер, екі-үш белгілі жағдайға əкелуге тырысды.
1.Қолдану жағдайы. Тестті біреу құрастырған, белгілі бір тіл мəдениетінен алынған тесттік нормалар
бар.(стандарттау таңдауының жəне жас-жыныстық құрылымға қолдану таңдауы кəсіби-мəдени белгілері
бойынша мəнсіз саналады).
2.Бейімделу жағдайы. Тестті біреу құрастырған, сенімділігі мен валидтілігі тексерілген, бірақ тесттік нормалары
жоқ.Бейімделудің басты мақсаты тесттік нормаларды құру болып табылады
3.Құрастыру жағдайы. Психикалық қасиетті концепция бар,бірақ оны өлшейтін уақыт, орын, санақ анализі жəне
басқа ресурстардың кедергілеріне талапты қанағаттандыратын процедурасы жоқ. Сондықтан өлшейтін
процедураны тауып, оның сенімділігін, валидтілігін тексеріп, тесттік нормаларды құрастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |