67
-
Информацияны алу еркін болуымен. Нарық қатынастарының барлық мүшелері нарық
жағдайы туралы хабарларды еркін түрде ала алады. Әрбір сатушы және сатып алушы баға,
тауардың сапасы, нарықтағы шығындар және ұсыныс туралытолық және дұрыс хабар ала
алады.
-
Нарыққа еркін кіру және шығумен. Ӛндіруші фирмалар мұндай нарыққа еркін түрде кіріп
тауар ӛндіре алады немесе ӛз еркімен шығуына болады. Егер кім де кім ӛндірісте қандай да
бір ӛнімді қалпына келтіру керек болса, онда мұны жасауға кедергісіз мүмкіншілігі бар.
Белгілі бір саланы құрайтын фирмалар бәсеке фирмалардың пайда болуына қарсы тұра
алмайды. Мұндай талапқа бүгінгі күні кейбір нарықтар ғана сай келеді. Мысалы: Нью-
Йорктағы
немесе Лондондағы биржалар, яғни құнды қағаз нарығы.
Осы құнды қағаздар нарығы еркін бәсекенің шарттарына сай келеді және тӛмендегідей
сипатталады.
-
құнды қағаздарды сатып алушылар мен сатушылардың кӛп болуы;
-
жекелеген фирмалардың құнды қағаздарының біркелкілігі мен бірін-бірі ауыстыра
алатындығы;
-
нарық мүшелерінің барлық информацияларды еркін
ала алтындығы;
-
құнды қағаздардың бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылуы;
Еркін бәсеке дамыған елдердің экономикасында XIX ғ. орта шеніне дейін орын алған. XIX
ғ. екінші жартысында және XX ғ. басында ірі кәсіпорындар мен бірлестіктер пайда бола бастады.
Мемлекеттің нарыққа әсер етуі жандана түсті. Осы жағдайларға байланысты
жетілмеген бәсеке
пайда болды. Жетілген бәсекеден айырмашылығы оның іс-әрекетін мемлекеттің шектеуі. Сол
себептен, нарықта үстемдік ете отырып, ол ӛнімді ӛткізуге үлкен әсерін тигізеді.
Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар. Олардың біреуі монополиялық бәсеке – мұнда
нарықта кӛптеген ӛндірушілер ұқсас, бірақ біртекті емес ӛнімдерді ұсынады. Орнын
толықтырушы ӛнімдер бір-бірінен сапа жағынан, сыртқы пішінін кӛркемдеуі, сату жағдайына
қарай ажыратылады. Айталық, пепси- кола және кока-кола бірдей бағамен сатылуы мүмкін. Бірақ,
сатып алушының бір тобы бірінші сусыннан гӛрі екінші сусынды қалауы мүмкін. Осылайша
фирмалар баға арқылы ғана емес, дифференциалданған ӛнімдерді сату негізінде бәсеке күресін
жүргізеді. Ӛндірушілер бәсекелестеріне қарамастан тауардың бағаларын ӛз бетінше тағайындай
алады. Сонымен қатар, әрбір фирма нарықтағы үлесі аз болғандықтан нарық бағасына бақылауы
шектеулі болады. Сондықтан әрбір фирма баға жӛнінен ғана емес, дифференциялданған ӛнімді
сату арқылы да бәсекелесе алады.
Монополиялық бәсекенің тағы бір ерекшелігі – нарыққа жеңіл кіруі, бірақ ол фирманың
патенті мен тауар белгісіне авторлық құқықпен шектелуі мүмкін. Фирмалар монополистік бәсеке
нарығына алғашқы капиталдары аз болса да кіре алады. Себебі, мұндай нарықта негізінен ұсақ
және орташа фирмалар жұмыс атқарады. Қазіргі нарықтық экономикада монополистік бәсеке
кӛбінесе тұтынушылыр тауарлар нарығында үстемдік етеді.
Жетілмеген бәсекелестіктің келесі түрі –
олигополия. Олигополия – бірнеше ірі фирмалар
үстемдік ететін нарық. Олар осы нарықтың едәуір үлесіне ие болады. Мысал ретінде, автомобиль
ӛнеркәсібіндегі АҚШ-тың үш фирмасын «Дженерал Моторс», «Форд», «Крайслер» келтіруге
болады. Олигополиялық нарыққа кіру бірнеше кедергілермен шектеледі. Сондай кедергілердің
бірі – осы нарыққа кіру үшін алғашқы капитал мӛлшері ӛте қомақты (кӛп) болуы керек. Мысалы,
экономиканың кейбір сфераларында мұндай капиталдың мӛлшері бірнеше млрд. долларға дейін
барады.