белгі орнатылмаса, онда санауышқа бірлік қосылады, ал беттер процестің жұмысшы
жиынтығынан шығатын кандидат мәртебесіне ие болады.
Егер бұл жағдайда санауыш әлдебір критикалық мағынаға ие болса, беттер процес
жұмысшы жиынтығынан шыққан деп саналады, және сыртқы жадыға көшіруге болатын
парақтар тізіміне оның бейнелеушісі енгізіледі. Сипаттаушы кесте элементінің қарастыру
кезінде олардың әрқайсысында қаратпа белгі өшеді.
4.3.4
Жадының жіктелінуі
Өзек әрқашан осы моменттегі орындалатын процеспен бірге оперативті жадыда
орналасады. Компилляция процесі кезінде компилятор-программа айнымалы және
ақпаратты құрылғылардың адресі болып табылатын, сонымен қатар нұсқаулықтар мен
функциялар адресі болып табылатын адрестер тізбегін реттейді. Компилятор адрестерді
физикалық машинада басқа бірде-бір программамен қатар орындалмайтындай етіп
виртуальді машина үшін реттейді.
СДЖ арналған бақылау жұмыстары:
1. UNIX ОЖ-де файлдың қандай түрлері бар?
2. Кәдімгі файлдар мен анықтамалар арасында қандай айырмашылық бар?
3. Арнайы файлдар не үшін қолданылады? Арнайы файлдың қандай түрлері бар?
Олар қайда қолданылады?
4. UNIX ОЖ-де бірдей файлдар әр түрлі атпен байланыса ала ма?
5. UNIX ОЖ-де виртуальды жадыда файлдарды сипаттау қалай жүргізіледі?
6. UNIX ОЖ-ның бұрынғы нұқаларында файлдарға рұқсатты синхрондау қалай
жүргізілген? Қазіргі кезде синхрондаудың қандай нұсқалары қолданылады?
7. UNIX ОЖ-де рұқсат етілмеген қол жеткізуден файлдарды қорғау неге негізделген?
8. Жіктелген файлдық жүйе деген не? Оның кемшіліктері мен артықшылықтары
9. Ағынды драйвердің жұмыс істеу принципі
10. UNIX ОЖ-де виртуальді жадының қандай ұйымдастыру әдістері қолданылады?
Оларға сипаттама бер
11. UNIX ОЖ-де виртуальді жадының қандай секіріс (подкачка) қандай ұйымдастыру
әдістері қолданылады?
12. Әрбір процестің виртуальды жадысы қандай сегменттермен берілген? Оларға
қысқаша сипаттама бер
13. Аппаратты – тәуелсіз деңгейде сегметті жадының ұйымдастыру әдістері қалай
жүзеге асырылады?
14. UNIX ОЖ-де басты жадының беттік орнын басу қалай жүзеге асырылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. А.В.Гордеев, А.Ю.Молчанов. Системное программное обеспечение. — "Питер",
2002. — 736с.
2. Кристиан К. Введение в операционную систему Unix: пер. с англ. — М. Финансы и
статистика, 1985. – 360с.
3. Робачевский А.М., Немнюгин С.А., Стесик О.Л. Операционная система Unix. 2-е
изд.– СПб.: БХВ – Петербург, 2005. – 635с.
5. 5 тақырып. Процестер мен тізбектерді басқару, UNIX ОЖ -дағы енгізу/ шығару.
Үзілулер мен ерекше жағдайлар.
Дәріс жоспары
5.1 ПРОЦЕСТЕР МЕН ТІЗБЕКТЕРДІ БАСҚАРУ
5.1.1. Процестердің орындалу ортасы
5.1.1.1 Процестердің тууы
5.1.1.2 Процестердің жоспарлануы
5.1.1.3 Процестерді басқарушы шағын жүйелер
5.1.1.4 Құрастырмалы блок элементтері
5.1.2 Процестердің тұтынушылық және өзектік құрылымдары
5.1.3 Көп қолданбалы режимдердің ұйымдастырылу принциптері
5.1.4 Тұтынушы деңгейінде процестерді басқарудың дәстүрлі механизмі
5.1.5 Тізбек ұғымы (threads)
5.2 ЕНГІЗУ / ШЫҒАРУ БУФЕРЛЕУДІҢ ЖҮЙЕЛІК ПРИНЦИПТЕРІ
5.2.1 Семафорлар
5.2.2 Хаттар кезегі
5.3 ҮЗІЛУЛЕР МЕН ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЛАР.
5.3.1 Процессорлық үзілу деңгейі
5.4 UNIX ОЖ ОРТАСЫН ҚАБЫЛДАЙТЫН КЕЛЕШЕК ОЖ
5.4.1 Тұтынушының графикалық интерфейс құрылғылары
5.1 Процестер мен тізбектерді басқару
5.1.1. Процестердің орындалу ортасы
5.1.1.1 Процестердің тууы
UNIX ОЖ -де жаңа процестің пайда болуы 2 кезеңнен тұрады:
1. Алдымен процесс - әкесінің көшірмесі құрылады, яғни дескриптор, контекст және
процесс кейіпі көшіріледі.
2. Одан кейін жаңа процесте кодтың сегменті берілгенінен ауыстырылады.
Қайта құрылған процеске ОЖ бүтін санды идентификатор, жүйенің қызметі
барысындағы ең бірегейі тапсырылады.
5.1.1.2 Процестердің жоспарлануы
UNIX System V Release 4 жүйесінде басымдықтар мен квантауды қолдануға
негізделген ығыстырушы көпміндеттілік іске асырылған.
UNIX System V Release 4 жүйесінде жүйені инсталляциялау кезінде жаңа басымдық
класстары қосылуы мүмкін. Қазіргі кезде 3 басымдық кластары бар:
Нақты уақыт класы
Жүйелік процестер класы
Жіктелінетін уақыт процестерінің класы
UNIX бұрынғы нұсқаулармен салыстырғанда процес басымдығы басымдық
білдіретін сан үлкен болған сайын жоғары болады. Басымдық мағынасы түрлі кластар
үшін әр түрлі анықталады. Жүйелік кластардың процестері белгіленген басымдық
стратегияларын қолданады. Жүйелік клас өзек процесі үшін арналған. Процестің
басымдық деңгейін өзек белгілейді және ол ешқашан өзгертілмейді. Жүйелік фазаға
ауысқан тұтынушылық процес жүйелік басымдықтар класына ауыспайды.
Нақты уақыт процестері де белгіленген басымдықтар стратегиясын қолданады, бірақ
тұтынушы оларды өзгерте алады. Басымдықтың әр деңгейі үшін өз кванттық уақытының
көлемі қабылданған. Процеске берілген квант уақытында процессорды басып алуға рұқсат
етіледі, ал ол біткеннен кейін жоспарлаушы процесті орындаудан алады.
5.1.1.3 Процестерді басқарушы шағын жүйелер
UNIX System V Release 4 VFS ( Virtual File System) виртуальді файлдық жүйе
механизмі іске асырылған, ол жүйе өзегіне бір уақытта файлдық жүйенің бірнеше түлерін
қабылдайды. VFS механизмі өзек үшін файлдық жүйе туралы әлдебір абстракты көрніс
береді, одан әрбір файлдық жүйенің нақты ерекшеліктерін жасырады.
5.1.1.4 Құрастырмалы блок элементтері
Бұрын айтылғандай, UNIX жүйенің жетілдіру концепциясы элементтерінен құралған
ОЖ құруға негізделген, олар тұтынушыға күрделілеу программаларды құру кезінде