ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет91/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   142

272

рек, яғни мәтіннің ар жағынан тұлғаның қайталанбас ерекшеліктерін 

емес,  авторды  толғандырған  мәселені  көре  білуге  ұмтылу  керек.  Бұл 

жерде  біз  Г.Гадамердің  герменевтикадағы  артық  психологизмге  теріс 

көзқарасын көреміз.

Бір  дәуірден  екіншісіне  өткенде  мәдениеттегі  ахуал  өзгереді,  ескі 

көзқарастар,  құндылықтар  мен  нормалар  сынға  ұшырайды,  жаңа 

философиялық,  этикалық,  эстетикалық  және  басқадай  теориялар 

пайда  болады.  Алайда  әлдебір  тұрақты  нәрсе  қалады,  ол  тіл,  соның 

нәтижесінде  өмірлік  тәжірибе  ұрпақтан-ұрпаққа  беріледі,  адамдар 

бір-бірлерін өзара түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, түсінбеу – әртүрлі 

тілдерде  сөйлеумен  парапар.  Сол  себепті  тілге  құнттылықпен  қарау 

арқылы,  ұмыт  болған  сөздерді  «тірілту»,  олардың  құпия,  жасырын 

мағыналарын ашу арқылы, біздің ойымызша, герменевтика мәдениетте 

өзінің делдалдық қызметін атқара алады.

XX  ғасырдың  70  жылдарының  ортасынан  бері  қарай  Еуропа 

елдерінен  өзге,  АҚШ  пен  Канадаға  қозғау  салған  «герменевтика 

дүңкілі» басталды.

Сонымен,  герменевтика  бүгінгі  күні  –  ол  тағы  бір  философиялық 

пән, бірақ ол философия мен ғылым тарихына, логикаға, психологияға 

лингвистикаға  және  т.б.  негізделсе  де,  тіпті  де  философияны 

қайталамайды,  бірақ  оның  назар  аударатын  нысанасы  –  нақты 

шындыққа енгізілген түсінетін адам болды және бола бермек.

8.8. Экзистенциализм – бірегей адам тұлғасы өмірінің 

мағынасы туралы ілім ретінде

«Экзистенциализм»  сөзі  кейінгі  латынның  «existentia»  –  тіршілік 

ету деген сөзінен шыққан, яғни бұл тіршілік ету философиясы – ирра-

ционализм бағыттарының бірі.

Экзистенциализм  XX  ғасырдың  басында  Ресейде  (Н.А.Бердяев, 

Л.И.Шестов),  ал  содан  кейін  Германия,  Франция  және  басқа  ел-

дерде  пайда  болды.  Оның  мазмұнын  бөлшектеп  талдап  шығу  өте 

қиын,  өйткені  бүгінгі  күні  философиялық,  әдеби  және  әлеуметтік-

гуманитарлық  уәж-дәлелдердің  орасан  көп  болуы  бұл  бағыттың 

мәнінің өзін кең түсіндіруге мүмкіндік тудырады.

Экзистенциализмнің  бастапқы  көзі  Кьёркегордың  философиясы 

болды, ол, алдында айтылғандай, адамның өміріне себеп болатын және 

оны  қиындататын  бүтіндіктен  (адами  ұйымдардан,  идеялар,  ұғымдар 

әлемінен)  азат  етіп,  оны  «қорқа-қорқа  және  дірілдеп-қалшылдаған» 

күйде дәл сондай оқшауланған Құдайдың алдына тұрғыза қояды. «Бол-



273

мыс»  ұғымы  адамның  ішкі  тәжірибесімен  теңестіріледі.  Ал  осыдан 

барлық  экзистенциалдық  доктриналарға  тән:  «жалғыз  шынайы  бол-

мыс  деп  адам  тұлғасы  болмысын  тануға  болады»  дейтін  сенім  келіп 

шығады, яғни экзистенциализм адам мәселесін XX ғасырда түбегейлі 

жаңа тұрғыда ойлайды.

Адам  тұлғасының  болмысы  –  кез  келген  және,  бәрінен  бұрын, 

философиялық  білімнің  басы  және  аяғы.  Алдымен  адам  тіршілік 

етеді  –  ойлайды,  сезеді,  өмір  сүреді,  ал  содан  кейін  әлемдегі  өзін, 

өзінің орнын айқындайды. Адам өзінің одан тыс емес мәнін (мысалы, 

өндірістік  қатынастардағы  немесе  Құдайдың  алдын  ала  пешенесіне 

жазғанын) өзі айқындайды, адамның мәні мақсат-мұратқа сай әлдебір 

бейне  –  «мәңгі»,  «өзгермейтін»  адамдық  немесе  «антропологиялық» 

қасиеттер  иеленген  түптұлға  (прототип)  емес.  Оның  басқадай  емес, 

осындай  болғысы  келеді,  ол  өз-өзін  тудырады,  өмірден  жеке,  дер-

бес  мақсат  іздейді.  Бірақ  ол  кезде  адам  «дербестіктен  тыс  болмыс» 

сағымдарының артына тығылмайды. Ол өзінің іс-әрекеттері мен одан 

шығатын салдарларға толық жауапкершілікті екенін түсінеді.

Адамның  болмысы  –  ол  драма.  Адамның  санасы  азат  және  оның 

еркі  өмір  жолын  алдын  ала  айқындағанмен,  ал  біздің  таңдауымыз 

мәнімізді,  жеке  тұлға  болмысының  мәнін  анықтайды,  бірақ  бұл  адам 

өз таңдауында қоғамнан мүлдем азат деген сөз емес.

Адам  өзінің  сезімдерінде  ғана  жалғыз.  Онда  ол  бір  бос  кеңістікте 

қалғандай.  Басқа  адаммен  қарым-қатынас  жасағанда  ол  оның  еркін 

өзіне бағындырады немесе өзі оның еркіне бағынады (не «қарақшы», 

не  «құрбандық»).  Бұл  жағдайда  ешқандай  нақты  шындық  жоқ  екені 

түсінікті.  Шындық  көп  –  қанша  адам  бар  болса,  сонша  шындық  бар. 

Шындық – ол «субъектілік», өз күйзелістерін зерттей келе, оны табуға 

болады.  Тірі  адам  үшін  жалғыз  шындық  –  ол  өзінің  жеке  этикалық 

шындығы, ал нағыз нақтылық (шындық) – ішкі шешім. Ғылыми зертте-

улермен айналысатын адам үшін бұның түбегейлі маңызы бар, өйткені 

дүниенің  бойкүйездігі  мен  бейберекеттігіне  ғалым  әрекетті  енгіз-

генде, зерттелетін құбылысты өз мақсатының, еркінің сүзгісінен өткізе 

отырып,  өзінің  өзгерткіш,  түрлендіргіш  рөлін  санамен  түйсінгенде, 

дүние өзгереді.

Экзистенциалистер  үшін  Мартин  Хайдеггердің  «Болмыс  және 

уақыт» атты еңбегі өзіндік Библия («Кітаптардың кітабы») іспетті бол-

ды.  Экзистенциалистік  идеялар  бұрында  да  алға  тартылғанмен,  Хай-

деггер  философияда,  антропологияда  және  қоғам  туралы  ғылымда 

алғаш  рет  экзистенциалистік  көзқарастың  негізгі  ұстанымдарын 

жүйелі түрде баяндауға әрекет жасады.



274

Хайдеггердің  өмірбаяны  тым  қасіретті,  бірақ  нақ  сол  оның 

шығармашылығын  түсінудің  кілті  болды.  Қызметі  тамаша  өсті: 

ол  оған  дейін  Гуссерльден  тәлім  алған  университеттің  (Фрейбург 

университеті)  ректоры  болып  тағайындалды.  Бірақ  бұл  қызметке  ол 

нацистермен  тығыз  араласып,  бірлесе  жұмыс  істеуінің  нәтижесінде 

жетті.  Қызметке  тағайындалуының  салтанатты  рәсімінде  (инаугура-

ция) сөйлеген сөзінде ол ұлттық социализмді әспеттей дәріптеді, өзін 

нацистік  қозғалыспен  байланыстырып,  сол  заманғы  саясат  тілінің 

өзінің  философиялық  тілімен  бірігуі  жайында  айтты.  Бірақ  он  айдан 

кейін  Хайдеггер  отставкаға  кетуге  өтініш  беріп,  белсенді  саясаттан 

қол үзді.

Алайда  осының  бәрі  бұл  философтың  жеке  басы  туралы  осы 

уақытқа  дейін  толастамай  келе  жатқан  пікірталастардың  баста-

уы  болды,  ал  1945  жылдан  1955  жылға  дейін  басқыншы  билік  оның 

оқытушылық қызметіне тыйым салды.

«Болмыс  және  уақыт»  деген  еңбегінде  Хайдеггер  «болмыстың» 

мағынасын зерттеді. Оның пікірінше, болмыстың өзін түсінуге апара-

тын жол адамның тіршілік етуіне талдау жасау арқылы өтеді.

Дүние  –  біз  өмір  сүріп,  тіршілік  қарекетімен  жүріп  жатқан  хал-

ахуал  (жай-күй),  біздің  өмірімізді  сол  белгілейді.  Біз  «дүниедегі  тірі 

тіршілік иелеріміз», ал біздің адам ретіндегі нақтылығымыз (болмысы-

мыз) немесе тіршілік ету тәсіліміз – біз өмірді жүзеге асырып жатқан 

жолдардың көптігі болып табылады.

Хайдеггер  адам  тіршілігін  «dasein»  деген  терминмен  (болмыс 

мағынасында) белгілейді. Сол арқылы ол адамның болмысы «осы жер-

де және қазір» деп тіршілік етумен шектеле отырып, тарихи тұрғыда 

өлшенеді деп көрсеткісі келді. Жер бетіндегі өмірдің бірде-бір формасы 

өз болмысының соңын, яғни өзінің өлетінін түйсінбейді. Тек адам ғана 

өзінің  өмір  сүруінің  уақытша  екенін,  сонымен  бірге  өз  болмысының 

мағынасын түсінеді. Осы тұрғыдан алғанда, философияның міндетіне 

өмір сүретін адамның «осы жердегісі мен қазірінің» ішкі күйзелістерін 

зерттеу  және  осы  өмір  тәжірибесіне  егжей-тегжейлі  талдау  жасау 

кіруі керек. М.Хайдеггердің жаңа онтологиясының негізінде нақ осы 

қағидалар жатқан-ды.

Жоғарыда  аталған  қағидалар  тұрғысынан  сол  заманғы  қоғамды, 

яғни  конвейерден  шығатын  заттар  сияқты,  адамдар  да  орташала-

нып,  оп-оңай  бір-бірлерін  алмастырып  жататын  қоғамды  талдай 

келе,  М.Хайдеггер  көңілсіз  қорытындыларға  келеді.  Адамдар  өзара 

бір-бірлерін  алмастыратын  болғандықтан,  онда  «басқа»  –  ол  «нақты 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау