239
АЭС-термен қатар атом бомбалары да пайда болды және оларды сы-
нау адамдарға жасалды (Хиросима мен Нагасакиді еске түсіріңіз),
ядролық полигондар, Чернобыль АЭС-індегі жарылыс ғасырдың
сциентистік қиялын түбірімен жоқ етті. Бұл философия саласында
антисциентистік көзқарастардың пайда болуына әкеп соқтырды.
XX ғасырдың тағы бір ерекшелігі – осыған дейінгі бірде-бір
ғасырдың онда болған алапат соғыстарды және соған байланысты
қатыгездіктерді білмегендігі болды. Он мыңдаған өрімдей жастар екі
дүниежүзілік және одан кейінгі «жергілікті соғыстар» деп аталатын
қақтығыстардың құрбаны болды. Адамның өмірі тіпті нәзік болып
шықты. Бұл жағдай философтардың бір бөлігінің өмір философиясын,
экзистенциализмді және басқа бағыттарды туғызып, осы әлемдегі
адам болмысының ерекшеліктерін зерттеуге бет бұруына себеп болды.
Егер қоғамның рухани өмірін алып қарасақ, онда бұл жерде де
қарама-қайшылықтар аз емес. Бұған, біріншіден, ғылымның, жоғары
білімнің дамуы, ғылымдардың қолжетімдігі, жүз мыңдаған данамен
таралатын мәдениет экспонаттары, ал, екіншіден, адамның техника,
заттай байлық пен тән-сезімдік ләззаттардың құлына айналуы мы-
сал бола алады. Бір жағынан, әлемнің ұлы гуманистері – Тереза-Ана,
А.Сахаров, А.Швейцер, Махатма Ганди өмір сүрсе, екінші жағынан,
«зұлымдықтың данышпандары» – Сталин, Гитлер, Муссолини, Пол-
Поттың және басқаларының да өмір сүргенін айтқан жөн.
Әлеуметтік өмір жайында айтсақ, онда ғасырдың басында Ресей-
де большевиктер бұған дейін көз көріп, құлақ естімеген батырлықтың
үлгісін көрсетті, сонымен қатар жетпіс жылға созылған қайғылы
әлеуметтік тәжірибеге жеткізген социалистік революция жасады.
Миллиондаған адамды құрбан еткен революцияның ақсиған құбыжық
тісі адамзаттың ағарған, озық бөлігін коммунизм, ұлттық социализм
сияқты қандай да бір ізгілікті идеялардан түбегейлі айырып тынды.
XX ғасырдың жетпісінші жылдары Батыстың көптеген елдері өз
дамуының «постиндустриалдық қоғам» деп аталып кеткен жаңа
кезеңіне аяқ басты. Халықтардың өмір сүру деңгейі шапшаң өсті,
демократияға және «адам құқы» дегенге басымырақ назар аударыла
бастады. Алайда материалдық байлықтың артуы бұл елдерді рухани
өмірдің дәл сондай көтерілуіне жеткізбеді. Керісінше, оның тоқырауы
орын алған сияқты. Ғасыр соңына қарай байлыққа батқан, өз кезінде
Ертедегі Римдегідей, «нан мен қызық іздеген» «алтын миллиард» де-
ген, ал екінші жағынан, қарапайым игіліктерге мұқтаж, тойып нан же-
240
меген миллиард адам шықты. Ал олардың ортасынан өмірден азғантай
да болса жақсылық іздеген төрт миллиард беймаза топты көреміз.
Біздің ойымызша, бүгінгі күні адамзат үшін ең маңызды да өзекті
мәселе – ол табиғаттың ең жоғарғы өнімі – жер бетіндегі өмірді сақтау
болып табылады. Ол үшін ғылыми-техникалық прогресс барлық за-
мандарда жасампаз болған «адамзат әкелерінің» рухани өсуімен,
адамгершілік тұрғыда қалыптасуымен ұштасуға тиіс. Осындай шарт-
тар орындалғанда ғана философияның: адамның өмір сүруінің мәні
неде және адамның өзінің мақсат-мұраты не деген «мәңгілік сұрағына»
жауап беруге болады. Бұл жолда халықтардың бәсекелестігі емес,
олардың бір-бірлерін өзара толықтыруы және ынтымақтастығы
қажет.
8.2. XX ғасырда классикалық емес немесе постклассикалық
ғылымның пайда болуы және оның ерекшеліктері
Классикалық ғылымның, бәрінен бұрын, математикалық талдау
әдістемесін пайдаланатын тәжірибелік зерттеулердің жетістіктеріне
сүйеніп, ғалымдар XX ғасырда ғылымда таңғажайып жаңалықтар
ашты және сонымен бір мезгілде классикалық ғылымның негізгі
қағидаларын сынға ұшыратты. Ғылымда жаңа жағдай орын алып,
ол ғылым дамуындағы классикалық емес кезеңнің пайда болуына
келтірді.
Оның негізгі себебі адам даналығының микро- және мегаәлем
құпияларына енуі болды. Ғасыр басында Майкельсон бірқатар тәжі-
рибелер жасай отырып, ғылымнан кезінде Аристотель енгізген эфир
түсінігін қуып шығады. Бірақ, екінші жағынан, мүлдем қара денелер
жиынтықтарын түсіндіруде үлкен қиындықтар туды.
Классикалық ғылым тудырған, сол уақытта денелер жылдам-
дығымен танымал болған әлемнің механистік суреті шектерінде
электр-магниттік құбылыстардың табиғатын түсіну мүмкін бол-
мады. Соңғылардың жылдамдығы Күн сәулесінің жылдамдығына
(300 шақ/сек) парапар болып шықты. Бұл релятивистік физиканың
шығуына себеп болды. Немістің ұлы ғалымы А.Эйнштейн 1905
жылы салыстырмалылықтың дербес, ал 1916 жылы жалпы тео-
риясын құрып, кеңістік пен уақыттың классикалық ғылымда
қалыптасқан түсінігін төңкеріп тастады. «Ультракүлгін апат» деп ата-
латын жаңалық классикалық ғылымның микроәлемде болып жататын
үдерістерге қатысты түсінік құралын пайдаланудың мүмкін еместігін
241
көрсетті, сөйтіп, макро- және микроәлемдерді танып білуде оларды
ажыратудың қажеттігі айқын болды. Классикалық физикада болған
энергияның біркелкі және үздіксіз таралуы туралы ережені терістей
отырып, М.Планк энергияның жекелеген топ-шоғырлармен таралаты-
нын дәлелдеп, сол арқылы кванттық механика негіздерін құрды. Сол
жылдары ғалымдар атомның күрделі құрылымын тапты: саны көп
қарапайым бөлшектер, олардың қасиеттері, оның ішінде, тыныштық
жиынының жоқтығы ашылды.
Жоғарыда аталған және басқа жаңалықтардың барлығы да клас-
сикалық емес ғылымға есігін айқара ашты. Мүлдем жаңа жағдайда
классикалық ғылымның ескі қағидаларының күл-талқаны шықты,
зерттеудің ғалымдардың ақыл-ойына үлкен ықпал еткен жаңа жүйелері
пайда болды. Олай болса, қолда бар әдебиеттерге сүйеніп, классикалық
емес ғылымның негізгі өзгешеліктерін қарастырайық.
Психоанализ (психикалық талдау). З.Фрейдтің осы жаңа пәнді
құруы адамның ішкі жан дүниесін емдеп жазуға ғана емес, сонымен
қатар адам психикасының айқын еместігін көрсете отырып, таным
теориясына да зор ықпал етті. Сөйтіп, әртүрлі мәселелер бойынша
ғалымдар арасында: қалай шындықты іздеуге және пәтуаға келуге бо-
латыны, адамның жыныстық энергетикасының сублимациясының
1
шығармашылықта қалай орын алатыны, оның бұрыс немесе дұрыс
ырықсыз сезімдерінің таным үдерісіне қалай әсер ететіні туралы
сұрақтар туды.
Психикалық талдау барысында табылған адам психикасының
синкретизмі
2
ғылым нысандарының тұтастығы, көпдеңгейлілігі,
өзгеше күрделілігі идеясына келтірді. Адам психикасында қоршаған
әлемдегі заттар мен құбылыстарға нышан беру механизмдерін зерттеу
де бөлу және синтездеу барысында ғылыми ақпараттарға, оның сим-
метрияларына талдау жасау үдерісіне ықпал етті. Таным үдерісінде
түйсіктіктің, шындыққа тікелей жетудің, субъективтік бейнелердің
объективтік маңызын ажыратудың жаңа қырлары ашылды.
Персонализм.
3
Классикалық емес ғылымда тұлғаның шығарма-
шылық әлеуетіне өзгеше көп көңіл бөліне бастады. Егер алдыңғы
1
Сублимация (лат. sublimare – жоғары көтеру) – бұл жерде: ішкі энергия (мысалы,
жыныстық немесе биологиялық) күштерінің тікелей мақсатты нысандарынан «ізгілікті» –
әлеуметтік, моральдық немесе эстетикалық сипатқа ауысуы.
2
Синкретизм – бір құбылыстардың әуелгі, о бастағы тұтастығы.
3
Персонализм – болмыстың бастапқы негізі жеке біреу деп есептейтін философиялық
бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: |