236
аристократияның құндылықтарына қайта бағалау жүргізді. Олар:
Бақытсыз адамдар ғана – жақсы адамдар, ал кедей, тұлдыр, азап
шегушілер – Құдай сүйіспеншілігіне лайық адамдар», – деп мәлімдеді.
Құндылықтардың осылайша қайта бағалануын кейіннен христиандық
дін құп көрді. Сондықтан «иудейлік-христиандық моральды» қайта
қарайтын және тақсырлар мен аристократтар моралінің төмендегі
қағидаларға негізделген құқықтарын қалпына келтіретін уақыт келді.
Ол қағидалар:
1. Өмір құндылығын сол қалпында тану.
2. Адамдар табиғатынан теңсіз.
3. Күшті адам моральдан азат.
Ф.Ницше жоғарыда аталған қағидаларға сай келетін адамдардың әлі
дүниеге келмегеніне қамығады. Егер хайуандардың бір немесе басқа
түрі тарих алаңынан кетерде артында ең жақсы, өмірге бейімделген
тұқым қалдырса, онда адам түр ретінде ерекше жаратылған адамды
тудыра алмайды, өйткені адам – ауру хайуан. Оның Табиғат берген
бастапқы ырықсыз сезімдері сөнген, ал олардың орнын сана басқан.
Ницше ерекше жаратылған адам – аққұба алаяқтың пайда бо-
латын кезі келгеніне сенімді болды. Бұл – «нордтық тұрпатқа» жата-
тын «арийлік нәсіл» адамы. Моральдық көзқарас тұрғысынан алғанда,
ондай адамдар бір-біріне қарым-қатынасында кішіпейіл, сыпайы,
ізгілікті. Бірақ басқалармен қарым-қатынас жасағанда, олар ойларына
келгенін істей алады, тіпті айуандық көрсетуі мүмкін.
Ницше ерекше адамды сыртқы түріне қарап-ақ тануға болатынын
айтады. Егер оның шыққан тегі бірден көрініп тұрса, онда тобыр оған
сөзсіз бағынуға әзір. Егер тобыр оның сырт келбетінен ізгілікті көре
алмаса, онда байлық пен билік оған мүлдем кездейсоқ беріліп қалған
деп санайды. Сол кезде жай адамның басына: «Ал мен неге бағымды
сынап көрмеймін?» – деген бүлікшіл сұрақ келе қалады. Ондай ой,
Ф.Ницшенің пікірінше, ақыр соңында, социализмге алып келеді.
«Көңілді ғылым» (1882) атты еңбегінде Ницше Құдайдың бар
екені туралы мәселені қарастырады. Автор алаңға жүгіріп шығып:
«Мен Құдайды іздеп жүрмін! Мен Құдайды іздеп жүрмін!» – деп
айғайлайтын есуас туралы әңгімелейді. Оның айғайын базардағы
Құдайға сенбейтін адамдар естиді. Олар кекесінмен есалаңнан:
«Мүмкін, Құдай адасып кеткен шығар?» – деп сұрайды. Сонда әлгі
делқұлы оларды көздерімен атып: «Құдай өлді. Құдай тірі емес. Оны
біз өлтірдік», – дегенді айтады.
237
Бұл кішкене әңгіме арқылы Ницше ғылым мен техниканы дамы-
тып, Құдайды өлтірген еуропалықтарға кінә артады. Адам Құдаймен
тең тұруға ниет етіп, қоршаған әлемді танып біліп және өзгертіп, енді
іс жүзінде сенімнен айырылған күйге түсті.
Философ болашақта христиан Құдайының орнын әлемдік тарихта
дүниеге келуге тиіс Ерекше адам басатынына сенімді болды.
Өзінің философиясын Ницше құндылықтарды қайта бағалау
ретінде қарады. Рационализмнен, ақыл-естің өмірге билік еткісі
келетін әрекетінен ол қоғамның кері кетуін («декаданс») көрді. Фило-
соф культі – ол «ең жақсылардың», «таңдаулылардың» культі. Демокра-
тияны үйірдегі жан-жануарлардың моралі деп атап, ол, шындығында,
буржуазиялық демократия мен моральды сынға алды.
Сөз жоқ, Ницшені ең бір қауіпті және жападан-жалғыз қалған фи-
лософияны тудырушы деп санағандар шындықтан алыс кетпеген.
Ницшенің фашизм идеологиясының жаршысы болғаны туралы
да жиі айтылады. Бұл кереғар пікірдің тууына, мүмкін, Гитлердің
өзінің, мамандардың ойынша, жаман суретші болмаса да, өнерді
жан-тәнімен жек көргені себеп болған шығар, бірақ Ницшені құрмет
тұтып, фюрер оның Веймарда орналасқан мұрағатына келгенде,
философтың қарындасы Ферстер-Ницше қонаққа сыйлық ретінде
ағасының сүйікті таяғын тарту еткен. Әрине, бұл кездейсоқ келу емес
еді, өйткені жұртшылықтың санасында ол кезде бірнеше шындықтан
құрылған: «бәріне де жол берілген», «өмір – ол билеу еркі», «құлайын
деп тұрғанды итеріп жіберу керек», «ешқандай жанашырлық жоқ,
күштілер бұйыруға, ал әлсіздер бағынуға тиіс» деген сияқты таптау-
рын пікір – стереотип қалыптасқан-ды.
Бірақ, біздің ойымызша, «Фашизмді тудырған Ницше емес, фа-
шизм Ницшені тудырды», – деген неміс жазушысы, антифашист
т.манн (1875-1955) дұрыс айтқан, өйткені ол басталып келе жатқан
империализмнің алғашқы белгілерін байқап, фашизмнің жақын екенін
жария еткен (Манн Т. Шығ. жин. 10-т. – М., 1961. – 379-380-беттер).
238
8-тарау. XX ғасыРДағы ғылым мен ФилОсОФиЯ
8.1. XX ғасыр философиясындағы негізгі үрдістер:
сциентизм мен антисциентизмнің күресі
Қазіргі заман философиясы деп біз, негізінен, XX ғасырдың
ғылымы мен философиясын түсінеміз, өйткені XXI ғасырдың басын-
да ғана өмір сүріп жатқандықтан, философиялық деңгейде болып
жатқандарды қорытындылау үшін, біз әлі жеткілікті рухани тәжірибе
жинақтап үлгірген жоқпыз.
Өткен ғасыр әлемдік тарихта қашанда оқшау тұрған қалпында
сақталады. Біріншіден, ол таным және қоршаған әлемді өзгерту
мәселесінде адамның орасан үлкен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті.
Адамзат әйел-құдай Изиданың жамылғысындағы: «Мен бұрын болған,
болып жатқан және болатын солмын және келуші бірде-бір тіршілік
иесі менің жамылғымның етегін көтере алмайды» деген жазуды теріске
шығарғандай. Өйткені нақ осы ғасырда табиғаттың ең бір құпия сыр-
ларына адам даналығының ғажап енуі орын алды. Нәтижесінде,
атомдық электр станциялары адамдардың бейбіт өміріне энергия
беріп жатыр; интернет бүкіл жер шарын қамтыды; жер шарының кез
келген нүктесінен ұялы телефон арқылы басқалармен хабар алысуға
болады; жолдардың үстімен жүз миллиондаған машиналар жүйткіп,
жүз мыңдаған ұшақтар аспанды шиырласа, ғарыш кемелері жерді
айнала ұшып жүр. Осылардың барлығы да бір ғана XX ғасырда іске
асты! Адамдардың өмір салтында орын алған ғаламат өзгерістер фи-
лософияда сциентистік бағыт тудырып, ойшылдардың оптимистік
дүниетанымын оятты.
сциентизм (лат. scientia – білім, ғылым) – бұл негізінде аса жоғары
мәдени құндылық және адамның Әлемдегі бағдарын анықтаушы фак-
тор туралы ғылыми білім туралы ұғым жатқан идеялық ұстаным.
Оның үстіне, ғылымның өзінің мұраты ретінде, әдетте, табиғат
заңдарын танып білудегі жетістіктерінің және соған байланысты
ғылыми-техникалық ілгерілеудің ықпалымен сциентизм пайда бола-
тын нақты математикаландырылған жаратылыстану қарастырылады.
Қарама-қарсы идеялық ұстаным – ол антисциентизм. Ол адамның
әлемге қатынасының факторы сияқты мәдениет пен ғылыми таным
саласындағы ғылымды және оның рөлін сын тұрғысынан бағалаудан
көрінеді.
Алайда біз «шыңдар қаншалықты биік болса, тұңғиықтардың да
соншалықты тереңдігі» туралы нақылды әрдайым есте ұстауға тиіспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |