413
глОссаРиЙ
(түсініктемелер)
абстракция – 1) заттардың және олардың арасындағы қаты-
настардың бірқатар қасиеттерінен ойша алшақтау; 2) дерексіз ұғым;
3) таным нысанын ойша бөлшектеудің нәтижесі; соған орай ғылымда
солардың арасында ойша сұлбалар мен байланыстар (түсініктер,
пікірлер және т.б.) құрылады.
аксиомалық әдіс – мәні белгілі бір заттай сала туралы жүйелі
пікірлердің көп саны ішінен қисынды түрде басқа шынайы пікірлер
шығатын сондай тұжырымды (теоремалар және жеке-дара шынайы
пікірлер) бөліп алу болып табылатын ғылыми (әсіресе теориялық)
білімді ұйымдастыру тәсілі.
актуализм – тарихи өзгеріп отыратын нысандарды ғылыми зерт-
теу әдісі барысында олардың шынайы ахуалы олардың өткенін түсіну
кілті болатын әдіс.
алыпсатарлық – метафизика негізінде жатқан, өмір сүретін,
бар нәрсенің шекті негіздемелерін ұғынуға бағытталған арнайы
философиялық пән сияқты білімдер тұрпаты. Ойлау және рефлек-
сия көмегімен жүзеге асырылатын теориялық білім нысаны ретінде
алыпсатарлық білімдер саласы тікелей тәжірибе саласынан жоғары
тұрады. Жалпы мағынасында алыпсатарлық практикаға қарсы тұратын
теорияны, яғни таным мен түсіндіруден басқа нысаны жоқ ойды
білдіреді және тәжірибеге бағытталған іс-әрекеттер құралы сияқты
ойға қарсы жорамалданады. Алыпсатарлық ахуалға – рефлексиямен
бақылаушының сырттай белсенді бақылауына да, үдеріске – өз-өзін
рефлексиялық қабылдауға да жатқызылады.
анализ (талдау) – зерттеу нысанасын бөлшектеуден тұратын
ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірі. Ол қашанда мазмұн
деңгейінде әлдебір тұтастық ретінде белгілі бір құрамдас бөлшектерге,
элементтерге, аспектілерге, қосымша жүйелерге беріледі.
антиинтеракционализм – соған сәйкес философия мен ғылымның
мақсаттары бойынша әртүрлі болатыны соншалықты, олардың ара-
сында ешқандай ішкі байланыс бола алмайтын философия мен
ғылымның арақатынасы тұжырымдамасы (экзистенциализмнің,
мәдениет философиясының, құндылықтар философиясының, өмір
философиясының өкілдері және т.б.).
414
антиципация – болашақ оқиғалар субъектісін, «саңырауқұлақтың»
ішкі және сыртқы жай-күйін күнібұрын біліп отыру; бірдеңе туралы
алдын ала кесіп-пішіп қойған пікір.
антроптық ұстаным – қазіргі заманғы космологияның
(әлемнің құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы
ілім және астрономияның осы ілімге арналған саласының) негізгі
тұжырымдарының бірі. Соған сәйкес Ғаламның онда адамның өмір
сүруіне қарай ғажап бейімделуі орын алады.
антропологизм – 1) Адам теориясының, оның мәнінің, өмір сүру
тәсілдері мен мағынасының жалпы теориясы ретіндегі философия
нысанасының тұжырымдамасы; 2) барлық нысаналарды гуманитарлық
танып білуге, олардың адами өлшемдегі мағынасы мен маңызын
іздеуге деген ұстаным.
апостериорлық білім – таным нысанасын сезімдік және эмпирия-
лық зерттеу нәтижесінде алынған білім.
апперцепция – кез келген әрекеттің нақты бір субъектінің
алдыңғы жинақтаған өмірлік тәжірибесіне немесе/және оның өмір
сүруі мүмкіндігінің априорлық шарттарына тәуелділігі.
ар-ождан – моральдық сана мен этика санаты ұғымы. В.Даль
бойынша, «адамның ішкі адамгершілік қадір-қасиеті, қажыр-қайрат,
адалдық, жанның ізгілігі, таза ар-ұят». Ар-ожданды адамның қоғамдық
танымдағы табиғи қажеттіліктері салдарының көрінісі сияқты
атаққұмарлықтан ажырата білу керек. Атаққұмарлық ізгіліктен бас-
тап көргенсіздікке (теріс қасиет деп бағаланатын менмендікке) дейін
әртүрлі деңгейде көрінеді.
әдістеме – 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 2) әлдебір
ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
биофилософия – дүниетанымдық, адамгершілік және эпистемо-
логиялық мәселелерді шешу барысында бастапқы негізгі ұғымы
оның ғылыми-биологиялық түсіндіруінде деген сенімнен шығатын
табиғи бағытталған философияның бір нұсқасы. Биофилософия осы
мағынасында XIX ғасырдың аяғында-ақ дарвинизмнің әсерімен және
соның негізінде жеткілікті дәрежеде адал белгіленген. Қазіргі уақытта
биофилософия қалыптасатын, кемінде, үш дербес, бірақ өзара байла-
нысты: 1) биологияның немесе биология философиясының филосо-
фиялық мәселелерін зерттеу; 2) адамға және адам мәдениетіне
байланысты барлық биологиялық негіздер саласындағы зерттеу; 3) өз
кезегінде, мүдделердің екі векторын қамтыған бағыт: өмір құбылысын
415
зерттеу және өмірді зерттеу барысында жинақталған ұғымдарды
күрделі табиғи, әлеуметтік және мәдени жүйелердің бүкіл тобына,
оның ішінде Ғаламға да тұтас аударуды зерттеу саласы бар.
биоэтика – биомедициналық ғылым және іс жүзіндегі денсаулық
сақтаудың этикалық-құқықтық мәселелерін зерттейтін білім саласы.
бифуркация – жүйенің эволюциялық режимі орнықтылығының
бұзылуы; бір нәрсенің қақ жарылуы, бөлінуі, тармақталуы.
буровщина – ТМД және кейбір еуропалық елдерде таралған жал-
пы атау. Ол басқаша ойлаумен және діни плюрализммен этикалық
релявитивизм және бойларын шаттық билеген сенімге төзбеушілік
тұрғысында кең көлемді күрес жүргізетіндермен біріккен (үлестес)
ғалымдарға таңылады. Көбінесе ол сынға алынған нысананы білмеуден
шығады, ал надандық қашанда озбырлықты тудырады.
Верификация – дәлелдеу, растау: теориялық (ғылыми) тұжырым-
дардан салдарлар шығару болып табылатын, эмпириялық шындықпен
тікелей салыстырылатын тексеру амалдары. Егер барлық осындай
салдарлар шындыққа сай болса (яғни шынайы болып шықса), онда
тұжырым верификацияланған (расталған) деп танылады.
генезис – шығу, пайда болу тегі; дамып жатқан құбылыстың
құрылу немесе қалыптасу үдерісі.
гомеостазис – өздігінен реттелетін күрделі жүйелерге тән және
рұқсат етілетін шектерде сақтау үшін елеулі маңызы бар өлшемдер
жүйесін қолдаудан тұратын серпінді тепе-теңдік тұрпаты.
ғылым – 1) әлем туралы объективтік, жүйелі ұйымдастырылған
және негізді білімдерді құрауға бағытталған танымдық қызметтің ерек-
ше түрі; 2) ғылыми танымдық қызметтің жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін әлеуметтік институт.
ғылым психологиясы – ғылым философиясымен, когнитология-
мен және ғылымтанумен шекаралас сипаты бар жаңа психлогиялық
пәндердің бірі. Оның зерттеу нысанасы жеке ғалымдардың да, ғылыми
ұйымдардың да ғылыми қызметін психологиялық әдістермен зерттеу
(тестілер, статистикалық, өмірбаяндық және әлеуметтік әдістер) болып
табылады.
ғылыми білім деңгейлері – пәні, әдістері, қызметтері бойын-
ша ғылыми білімнің әрқилы сапалы, жеке бір ғылыми пән аясында
біртұтас жүйеген біріккен түрлері. Кез келген дамыған нақты-ғылыми
пәнде ондай үш: эмпириялық, теориялық және метатеориялық деңгейді
ажыратуға болады. Олардың бірлігі кез келген ғылыми пән үшін оның
Достарыңызбен бөлісу: |