ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет136/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   142

404

жинақтаған  тәжірибесінде  өлген  адам  тірілген  емес,  ал  қазіргі  за-

ман  адамының  ажалсыз  жанның  денеден  тыс  және  одан  бөлек  өмір 

сүретініне сенімі аз.

Олай болса, адамның ажалсыздығы деп нені түсінуіміз керек? Осы 

заманның ғылыми деректеріне сүйеніп, біз тіпті адам тәнінің де бұл 

өмірден  мүлдем  жоқ  болып  кетпейтінін  нық  сеніммен  айта  аламыз. 

Біздің  бейнеміз,  мінез-құлқымыз,  дауысымыз,  іс-әрекетіміз,  дене 

тұрқымыз толық болмаса да, ұрпақтарымызға беріледі. Сөйтіп, біз ба-

лаларымыз бен немерелеріміз арқылы өмір сүре береміз.

Жан мен рух, ұлы адамдардың істері туралы айтар болсақ, олардың 

туындылары  қашанда  адамзат  тарихында  өмір  сүруін  жалғастыра 

береді.  Солар  құрған  құндылықтардан  біз  мәңгіліктің  жылы  лебін 

сеземіз.  Егер  миллиондаған  қарапайым  адамдардың  тағдыры  туралы 

сөз  қозғасақ,  онда  олардың  өлместігі  –  айналасындағылардың  есінде 

сақталатын олардың қайырымды істерінде.

Әрине,  біз  осылардың  барлығын  да  ақылымызбен  түсінеміз,  бірақ 

адам нақты ажалсыздық туралы армандайды және барлық үміттерін 

қазіргі  заманғы  ғылымға  бағыттайды.  Әсіресе  жылдам  қарқынмен 

дамып  келе  жатқан  генетика  адамға  оның  өмірін  белгісіз  уақытқа 

ұзартуға уәде береді.

Айтылғандарды  қорыта  келе,  нақты  ажалсыздықтың  әлемнің 

миллиардтаған  жылдар  бойғы  дамуы  барысында  қалыптасқан  іргелі 

де  маңызды  заңдарына  қайшы  келетінін  растауымызға  болады.  Бізге 

берілген  баға  жетпес  сый  –  өмір  жайында  және  оның  кеңістік  және 

уақытпен  шектелген  аясында  осы  өмірде  ізін  қалдыратын  жақсылық 

жасаудың  бақытты  мүмкіндіктері  туралы  айтқанымыз  дұрыс  болар. 

ал оны өлім жоя алмайды.

4.5. адамзаттың ғаламдық мәселелері және 

 оларды шешу жолдары

Пайда  болғаннан-ақ  бірінші  орында  ядролық  соғыс  мүмкіндігі 

және  адамзаттың  өзін-өзі  құртуы  мәселесі  тұрады.  Бір  жағынан, 

ядролық  қару  ары  қарай  жетілдіріліп  жатса,  екінші  жағынан,  бүкіл 

әлемге  таралу  үстінде.  Ядролық  қаруы  бар  айқын  бес  мемлекет-

ке  Үндістан  мен  Пәкістан,  Оңтүстік  Африка  және  Исраил  қосылды, 

бірқатар  елдер  (Иран,  Солтүстік  Корея)  ядролық  технологияны 

қарқынды  игеріп  жатыр.  Мәселенің  қиындығы  ядролық  клубтың 

жаңа  мүшелерінің  халықаралық  жағдай  ушығып  тұрған  аймақтарда 



405

орналасқанында  болып  тұр.  Үндістан  мен  Пәкістан  арасында  2001 

жылғы қақтығыста екі тараптан да ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі 

туралы жантүршігерлік мәлімдемелер жасалғанына куә болғанымызды 

айтқан  жөн.  Ирак  соғысы  қарсаңында  Дж.Буш  тактикалық  ядролық 

қару қолданылуы мүмкіндігін жасырмаған.

Мәселені  шешудің  негізгі  жолы  –  халықаралық  бақылау  арқылы 

ешбір  елге  дара  мүмкіндік  берместен,  ядролық  қарудың  қорларын 



қысқарту, ал содан кейін толық жою болуға тиіс. Атом энергиясы АЭС 

салу арқылы бейбіт мақсаттарға ғана жұмсалуы керек. Алайда ядролық 

қару иеленуші алып мемлекеттердің «өзімшіл мүдделері» бүгінгі күні 

аталған  мәселені  түбегейлі  шешуге  мүмкіндік  бермей  отыр.  «Соғыс 

шоқпарын»  сүйреткен  ядролық  қарудың  «жайылуын»  тоқтату  саяса-

ты  әлемді  әлсіздендіріп,  ядролық  қаруы  бар  мемлекеттерге  біржақты 

артықшылық  тудырады.  Бұл  мәселе  түбегейлі  шешілгенше,  төніп 

тұрған қауіп адамзаттың үстінде төнген күйінде қала бермек.

Екінші үлкен мәселе – табиғат ресурстарын осы кездегі қарқынмен 

жалмай берсе, адамзатты орасан зор апатқа апарып соқтыруы мүмкін 



экология мәселесі.

Кез келген қоғам дамуға, өсуге қабілетті, құрылысы күрделі жүйе 

болып табылады. Ал қоғамның «атомы» – ол тәнімен бірге жаны бар, 

қарама-қайшылықтарға,  қуаныш  пен  мазасыздықтарға,  сүйіспеншілік 

пен  мұңға,  шабыт  пен  күйзеліске  толы  адам  болып  табылады.  Әр 

адам  өзінің  алдына  нақты  мақсаттар  қойып,  соларды  жүзеге  асыруға 

ұмтылады.  Адамды  алғашқы  жаратылған  күйіндегідей  табиғат  енді 

қанағаттандыра  алмайды.  Міне,  сондықтан  да  мыңдаған  қалалар,  ги-

дроэлектр станциялары, жасанды теңіздер және т.б. пайда болды. Адам 

өзін қоршаған табиғатпен өзара әрекетке түседі.

Табиғат  түсінігі  ұғымы  үш  мағынада  қолданылады.  Өте  кең 

мағынасында әлемде табиғаттан басқа ештеңе жоқ – ол тұтас ғарыш. 

Тар мағынасында бұл термин мән санатымен бірігіп кетеді. Біз: «Бұл 

заттың  табиғаты  неде?»  –  деп  сұрасақ,  ол  оның  мәнін  анықтауға  па-

рапар болып шығады. Үшінші мағынасында біз табиғат түсінігін осы 

кітапта: «Ол – бізді қоршаған орта, яғни қоғаммен өзара әрекеттесуге 

түсетін орта», – деп қараймыз.

Миллиардтаған  жылдарғы  дамуы  барысында  өмірдің  барлық 

формаларының  бір-бірлерімен  бірігіп  кеткені  соншалықты,  «Үлкен 

жүйе» деп аталатын жүйе құруға жетті. Ол үлкен үш құрамдас бөліктен 

тұрады:  а) өсімдіктер әлемі; ә) жануарлар әлемі; б) микроорганизмдер 

әлемі.



406

өсімдіктер әлемін бейнелі түрде Күн энергиясының алып аккуму-

ляторымен салыстыруға болады. Өсімдік жапырақтарын Күнге қарай 

бұрып және жерден әртүрлі минералды тұздарды тарта отырып, фото-

синтез арқылы оларды өз денесіне айналдырады.

Жануарлар  минералды  тұздар  жинақталған  өсімдіктермен 

қоректене отырып, энергияны да өз денесіне сіңіріп, оны қозғалысқа, 

кеңістікте орын ауыстыруға, қозғалып жүруге жұмсайды.

микроорганизмдер әлеміне келсек, көзге көрінбегенмен, оларсыз 

өмірдің  жоғарыда  аталған  формалары  өмір  сүре  алмаған  болар  еді. 

Күзде жапырақтар сарғаяды және шіриді. Бұл – микроорганизмдердің 

ісі, олар табиғатқа өсімдіктердің қалдықтарын минералды тұздар мен 

элементтер  түрінде  кері  қайтарады.  Микроорганизмдер  болмаса,  жа-

нуарлар ас қорыта алмас еді.

Сонымен,  өмірдің  осы  үш  формасы  биосала  құра  отырып,  бір-

бірінсіз  тіршілік  ете  алмайды.  «биогеоценоз»  деген  екінші  ұғым  – 

белгілі  бір  географиялық  кеңдікке  бейімделген  өмірдің  әртүрлі  фор-

малары  жүйесін  сипаттайды.  Мысалы,  қолтырауын  біздің  суларда 

өмір  сүре  алмайды,  өйткені  ол  осындай  қатаң  табиғат  жағдайларына 

бейімделмеген.

Ерте  замандарда  табиғат  қоғам  мен  адамның  қалыптасуына 

екіжақты  әсер  етті.  Климаты  қатаң  жақтарда  немесе  табиғаты  тым 

жұмсақ  жерлерде  қоғамның  даму  қарқыны  бәсеңдейді.  Мысалы, 

Солтүстіктің  табиғатында  адамның  бар  энергетикасы  жан  сақтауға 

бағытталды,  ол  тым  қатал  табиғатқа  қарсы  тұра  алмады.  Экватор 

кеңдігіндегі  табиғаты  бай,  қолайлы  мұхит  аралдарында  адам  өзіне 

керектінің бәрін тапты, адам табиғаттың жетегінде жүргендей болды, 

бұл да қоғамның алға ілгерілеуін тежеді.

Сондықтан  да  бастапқы  өркениеттер  климаты  жұмсақ,  суы  мол 

жерлерде  пайда  болды,  бірақ  сонымен  бірге  кейіннен  үш  еселеп 

қайтарылған еңбек, тер төгу қажет болды. Өркениеттің бұл ошақтары 

Тигр  және  Ефрат,  Ганг  пен  Инд,  Хуан-хэ  мен  Ян-цзы  өзендері 

аралықтарында, Нил алқабында дүниеге келді. 

Мыңжылдықтар  барысында  адамзат  Қиыр  Шығысқа  дейін  жетіп, 

табиғатты  табандылықпен  игерді.  Табиғат  адамның  шаруашылық 

қызметін  байқамағандай,  өз  қалдықтарын  қайта  қорыта  берді. 

Бірақ  Жаңа  заманның  келуі,  қалалардың,  жүздеген  зауыттар  мен 

фабрикалардың пайда болуы табиғатты «сілкіндіріп», табиғат пен екеуі 

арасындағы тепе-теңдік бұзылды. Алайда табиғат үшін шынайы апат 

XX  ғасырмен,  ғылыми-техникалық  ілгерілеудің  қарқынды  өсуімен 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау