ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет126/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   142

374

ә)  бифуркация – құрылысы күрделі жүйелерде оның орнықты си-

патын жоғалтып, алдында ары қарай жетілудің жаңа мүмкіндіктерінің 

тұтас жиыны ашылатын сәт. Осы тұрғыда, еркіндік – бұл «танылмаған 

қажеттік»  емес,  тұлғаның  алдында  пайда  болған  көптеген 

мүмкіндіктердің «таңдауы»;

б)  апат  –  жүйенің  дамуындағы  біртіндіктің  үзілуі  және  мүлдем 

жаңа қасиеттердің пайда болуы;

в)  аттрактор  –  жүйенің  «тартымдылығына»  орай  әр  кездері  онда 

пайда болатын «бүліктерді» басып тастау орын алады;

г)  флуктуация – жүйе бифуркациясы нүктесінде әлдебір кездейсоқ 

факторлардың оны дамудың жаңа жолына ауыстыруға шешімді түрде 

ықпал  ету  мүмкіндігі.  Мысалы,  қоғамдық  өмірде,  ол  бифуркация 

нүктесіне  жеткен  кезде,  әлдебір  кездейсоқ  оқиға  немесе  қайсыбір 



адамның  іс-әрекеті  үлкен  әлеуметтік  өзгеріске  немесе  күйзеліске 

соқтыруы мүмкін;

д)  когеренттік – құрылысы күрделі жүйелердің ары қарай дамуы 

барысында олардың өзара байланыстылығы, келісушілігі.

Енді  жоғарыда  аталған  және  басқа  санаттарға  сүйене  отырып, 

әлемнің бағдарсыз бейнесінің негізгі белгілерін сипаттауға болады:

1.  Эволюциялық үдерістердің қайталанбастығы. Уақыт векторын 

кері бұруға болмайды.

2.  Құрылысы  күрделі  жүйелер  бифуркация  нүктесіне  жеткенде, 



кез  келген  кездейсоқтық,  флуктуация  оның  ары  қарай  дамуы  векто-

рын күрт өзгертуі мүмкін.

3.  Бифуркация  кезінде  жүйе  құрылымдық  және  жүйелік 



өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Бірінші жағдайда жүйе өз құрылымына 

өзгерістер  енгізе  отырып,  өзінің  орнықтылығын  сақтап  қала  алады. 

Ал  екінші  жағдайда  ескі  құрылым  толықтай  өзгереді  де,  жүйенің 

жаңа сапасы пайда болады.

4.  Болашақты  жаңаша  түсіну.  Жүйенің  бифуркация  нүктесінде 



оның  ары  қарай  өзгеруінің  виртуалдық  (нақты  емес)  үлгілері  пайда 

болады. Ұсынылатын үлгілердің қайсысы жеңетіні және жүйенің ары 

қарай  дамуы  векторын  белгілейтіні  туралы  мәселені  көп  жағдайда 

«Ұлы  Мәртебелі  Кездейсоқтық»  айқындайды.  Олай  болса,  болашақ 

қазіргі  ахуалға  да  әсерін  тигізеді  деуімізге  болады.  Классикалық 

ғылымда бұл жөнінде сөз де болмаған, – ондай көзқарас оның барлық 

қағидаларына қайшы келеді.

Бағдарсыз  даму  тұжырымдамасы  алдыңғы  ғылымның  бірқатар 

қағидаларын теріске шығарады:



375

1.  Ғылым  аясында  шексіз  білімге  және  шындыққа  жету  мүмкін 



емес.

2.  Классикалық  детерминизм  ұстанымының  маңызы  теріске 



шығарылады.

3.  Кез  келген  үдерістер  мен  құбылыстар  әлдебір  бастапқы 



қарадүрсін  негіздемелерге  келтіруге  әрекеттенген  кезде,  редукцио-

низм қағидасы терістеледі.

4.  Дамуда нысанның пайда болуының бастапқы кезеңін, қазір оның 



не болып табылатынын біле отырып, оның соңын болжауға болатын 

бірбағдарлық теріске шығарылады.

5.  Адамзат  жинақтаған  барлық  білімдердің  апостериорлық, 



тәжірибелік сипаты терістеледі.

Сонымен, әлемнің синергетикалық бейнесі төмендегідей көрінеді:

1.  Болмыс, әлем барлық уақытта қалыптасу, қозғалу, өзгеру және 

даму үдерістерінде болады.

2.  Кез келген жүйе қоршаған ортамен зат, энергия және ақпарат 



арқылы  алмаса  отырып,  өз-өзін  ұйымдастыру  арқылы  өзінің  ары 

қарай күрделенуіне бет алады.

3.  Болашақ әлемнің қазіргі ахуалына ықпал етеді.

4.  Кездейсоқтықтардың  жүйе  бифуркациясы  аймағындағы 

маңызды рөлі.

5.  Бүтіндік (фрактальдық) қағидасы, яғни жүйенің қалыптасуында 



оның элементтері емес, бүтіндігі шешуші рөл атқарады.

6.  Қосымшалық  қағидасы:  жүйенің  ары  қарай  дамуының  бірнеше 



үлгісі болуы керек

Бағыттық  емес  даму  тұжырымдамасы  жаратылыстанушылық-

ғылыми  білімдер  аясында  пайда  болып,  әлемнің  жаңа  бейнесінің 

қалыптасуында  үлкен  рөл  атқарады.  Әсіресе  оның  әлеуметтік-

гуманитарлық үдерістерді танып білудегі рөлі ерекше бағалы, өйткені 

қоғамдық  өмір  өз-өздерін  қалыптастыратын  құрылысы  күрделі 

жүйелердің  жоғарғы  формасына  жатады.  Бұл  сенім  ұялатады,  яғни 

әлемнің  жаңа  бейнесінің  әдістемелік  қағидаларына  сүйеніп,  қазіргі 

заманның көптеген ғаламдық мәселелерін шешуге болады.



4.2. әлемнің жаңа ғылыми бейнесін қалыптастырудағы

 химия ғылымының рөлі

Химия  ғылымы  заттектердің  қасиеттерін,  олардың  өзара  бір-

бірлеріне  өтуін,  нәтижесінде,  –  құрылымы  мен  құрамын  зерттейді. 



376

Тарихи  тұрғыда  ол  адамның  табиғаттағы  әлдебір  заттектерге, 

материалдарға  мұқтаждығынан  пайда  болады.  Орта  ғасырларда  ал-

химиктер  табиғаттың  әртүрлі  заттектерін  алтынға,  басқа  қымбат 

бұйымдарға  айналдыру  мақсатында  олармен  есепсіз  көп  тәжірибелер 

жасап,  қорытындысында,  химия  ғылымының  пайда  болуына  қажетті 

орасан көп эмпириялық материал бейберекет жинақталды. 

Тек  XIX  ғасырда  ғана  тарихи  жинақталған  деректерді  біртіндеп 

теориялық  ойластыру  орын  алғанмен,  алайда  ғалымдар  әлі  де  атом-

дарды табиғаттың аса ұсақ, ары қарай бөлінбейтін бөлшектері деп са-

найтын. Нәтижесінде, осындай жағдайда «Атомдардың бір-бірлерімен 

өзара  байланыстарының  себебі  неде?»  деген  қасиетті  сұраққа  жауап 



табылмады. 

Тек XX ғасырда, атомның күрделі құрылымы табылған кезде ғана 

жоғарыда  аталған  сұраққа  жауап  беру  мүмкіндігі  туды.  Атомдардың 

өзара  химиялық  байланысы  олардың  электр  зарядтары  күшінің 

көмегімен  бір-бірлеріне  өзара  ықпал  етуі  болып  шықты.  Ол  күш-

тердің  атом  ядросында  және  оның  электрондық  қабыршағында 

шоғырланатыны анықталды.

Химия  ғылымында  ұлы  орыс  химигі  Д.и.менделеевтің  аты 

оқшау тұрады. Ол 1869 жылы элементтердің кезеңдік жүйесін жасап, 

ғасырлар  бойы  бейберекет  жинақталған  химиялық  деректердің  ора-

сан  көп  санын  белгілі  бір  тәртіпке  келтірді.  Д.И.Менделеевтің  ойы 

бойынша,  химиялық  элементтер  өзара  олардың  атомдық  салмағына 

қарай ажыратылады. Әлбетте, ол уақытта ғалымдар атомның күрделі 

құрылымы  туралы  әлі  ештеңе  білмейтін.  Қазіргі  кезде  химиялық 

элементтер  арасындағы  айырмашылықты  ғалымдар  атом  ядросы 

зарядының көлемінен көреді. Сол уақыттан бері қарай химия әлеуетті 

қарқынмен дами бастады.

Бүгінгі күні іс жүзінде адам өмірінде химия енбеген бірде-бір сала 

жоқ.  Химия  өнімдері  киімімізде,  тамағымызда,  біз  дем  алатын  ауада 

бар. Әдебиетте айтылғандай, осы уақытқа қарай адамзат 8 миллиардқа 

жуық әртүрлі химиялық қосылыстарды дүниеге әкелді. Алайда олар-

ды жүйелеу арқылы химия ғылымын төрт бағытқа келтіруге болады:

1.  Химиялық қосылыстар туралы ілім (1660-1800 жж).

2.  Химиялық құрылымдар туралы ілім (1800-1950 жж).

3.  Химиялық үдерістер туралы ілім (1950-1980 жж).

4.  Эволюциялық химия (осы уақытта).

Қосылыстар туралы ілімде маңызды орын химиялық элементтер 

мәселесіне берілген. Химиялық элемент деп ары қарай өз құрылымын 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау