71
БІЛІМДІ БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕУ
1-тест
Абайдың «Адамның адамшылдығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген сӛзіне сенің кӛзқарасың?
А) Әрбір адам отбасын риясыз жақсы кӛруге міндетті.
Ә) Отбасының барлық мүшелерін жақсы кӛру мүмкін емес.
Б) Мүмкін, бірақ адамның ерік-жігері жетер ме екен?
2-тест
Сыйластық болған жерде сенім, бірлік болады. Сенің кӛзқарасың?
А) Дұрыс айтады. Адамдар бір-біріне сенім білдіргенде ғана жүрегіне
тыныштық орнайды.
Ә) Дұрыс емес. Адамдар үнемі сыйластықта жүре алмайды.
Б) Үнемі сыйласып жүру шарт емес.
3- тест
Қоршаған әлемге риясыз сүйіспеншілікпен қараған адамның жүрегі нұрға
толып тұрады. Ондай адам ешкімге ешқашан қиянат жасамайды.
А) Әрбір адамның қоршаған әлемді жақсы кӛруі мүмкін емес.
Ә) Адамзат баласы қоршаған әлемсіз ӛмір сүре алмайды. Адамдар
арасындағы мейірімділік, жақсылық жасау болмаса ӛмірдің мәнін білмеген
болар едік!
Б) Мүмкін, бірақ әркімнің ӛз ойы бар.
4- тест
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген Абайдың
ӛлеңіне кӛзқарасың қандай?
А) Дұрыс айтады. Адамдық басты міндетіміз қоғамнан ӛз орнымызды
табу ғой.
Ә) Әрине, бірақ ол қиын емес пе?
Б) Білім алмай-ақ дүниеден ӛз орныңды табуға болады.
73
IV ТАРАУ
АДАМЗАТТЫҢ РУХАНИ ТӘЖІРИБЕСІ
25-26 сабақтар
ДӘУІРЛЕРДІ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ ЖЕЛІ
Бҥгінгі кҥнді тҥсініп-тҥйсіну ҥшін де, болашақтың дидарын
кӛзге елестету ҥшін де кешегі кезеңге кӛз жіберуіміз керек
.
Нұрсұлтан Назарбаев
1-тапсырма. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі,
рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Ӛркениетті ұлт ең алдымен тарихымен,
мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын
қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сӛйтіп, тек ӛзінің тӛл
мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген сӛзін басшылыққа алып, ӛз
пікіріңді дәйектеп жаз.
____________________________________________________________________