асырудың басты шарттарының бірі өмір сүру сапасына жаңа қатынасты
дамытуды көздейтін сауаттылық түсінігінің ауқымын кеңейту болып табылады.
Бірқатар дүниежүзілік ұйымдар (ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және т.б.) сауаттылық
түсінігінің жаңа мәнін ой елегінен өткізе отырып, оны «өмірлік дағдылар»
түсінігімен байланыстырады. Жалпыға мәлім «Дакар әрекет ету шеңберінде»
жалпыға білім берудің (ЖББ) алты мақсаты анықталған, бұл адамның бүкіл
өмір бойы қоғамның әр мүшесінің бәсекеге қабілеттілігін және өмір сүру
қабілетін қамтамасыз ететін сауаттылықтың мәнділігін дәлелдейді.
Оқушылардың п
әндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына (БЕД)
сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту
үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады (1-сурет).
Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде
берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық
жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің
құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни олардың
функционалдық сауаттылығы [8].
1-
сурет ‒ Функционалдық сауаттылық мазмұны
А.К. Рауандина «функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты жүргізілген
зерттеулер бүгінгі күні отандық және әлемдік ғалымдардың еңбектерінде
«функционалдық сауатгылық» ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екенін көрсетті
деп санайды.
7
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың
әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына,
үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі
өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны
мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ғылыми
еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің
грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені
байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге
ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен
дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі тілдік
сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес келе
бермейді.
Ғалым мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай өзіміздің
ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай жетілдіру үшін
«Нәтижеге бағдарланған білім» моделін ұсынады [9]. Мектеп түлектерін өмірде
болып жатқан өзгерістерге дайындау және білім беруді заман ағымына сай
өзгерту мақсатында оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген
құзыреттіліктері алынған (2-сурет).
2-
сурет ‒ Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
Оқушылардың қатысымдық,
ақпараттық, проблемалардың
шешімін табу
құзыреттіліктерінің бірлігі
Оқушылардың білім, білік,
дағдыларының
құзыреттілікке ұласу жолы
Оқушылардың сыртқы
ортамен қарым-қатынас
жасау қабілеті
Оқушылардың өзгермелі
өмірге бейімделуінің
шарты
Оқушылардың
әлеуметтік дағдыларын
дамытудың негізі
Оқушылардың жеке бас
қабілеттерін дамытудың
тетігі
Оқушылардың
әлеуметтік-мәдени
дамуының өлшемі
8
Р.Н. Бунеев айтқандай, оқытудың соңғы нәтижесі – «өмір бойы алған білім,
білік және дағдыларының барлығын адамның іс-әрекеті, қарым-қатынасы және
әлеуметтік қатынастарының түрлі шеңберінде өмірлік міндеттердің барынша
кең өрісін шешуде қолдануға қабілетті» тұлға – «функционалды сауатты тұлға
тәрбиелеу» болуы тиіс [10].
Мұндай түсіндіруде функционалдық сауаттылық тек негізгі құзыреттіліктің
синониміне ғана емес, өзінше «жарқын болашақтың кезекті құрылысшысы
кодексіне» айналғанын байқау қиын емес. «Функционалдық сауаттылыққа»
бағдарлану кәдімгі практикалық жағдаяттарда оқушыларда қарапайым іс-
әрекеттерді орындау білігін (несие төлеуде пайыздарды есептеу, өз өмірбаянын
жазу, топта ағылшын тілінде келіссөздер жүргізу, өзі және отбасы үшін
салауатты өмір салтын ұйымдастыру, қандай да бір саяси жағдайларды дұрыс
бағалау және т.б.) қалыптастыру білім беру процесінің шамадан тыс
бағытталуына алып келуі мүмкін, яғни мектептегі білім беру мақсатын
принципті түрде тым қарапайым етуі және интеллектуалды дамыған тұлға
қалыптасуына кедергі келтіруі мүмкін.
Мысал ретінде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын
қарастырайық. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – бұл тек білім беру ғана
емес, сонымен бірге, көп жағдайда, қоғамның ғылыми және инновациялық іс-
әрекетті қолдау қабілетімен қатар, мәдени деңгейін көрсететін азаматтық
сипаттама. Қазақстан Республикасында технологиялық жаңғыртуды жүзеге
асырудағы халықтың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығына деген қажеттілік
ғалымдар, конструкторлар, инженерлерге деген қажеттілікпен бірдей дәрежеде
деп айтуға болады.
Дегенмен, PISA халықаралық зерттеу нәтижелері көрсеткендей [5],
оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруда
еліміздің білім жүйесі атқарып отырған ісі әзірге жеткіліксіз.
Тұжырымдалған ойлардан байқағанымыздай, жаратылыстану-ғылыми
сауаттылық құзыреттіліктері мен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының (МЖБС) метапәндік білім беру нәтижелері жаңа жалпыланған
сапаны таза пәндік білімдер және біліктермен салыстыра сипаттайды,
сондықтан жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытуда қандай да бір ортақ
тәсілдерді қолданғанда ғана бұл нәтижелерді күтуге болады. Өз кезегінде
метапәндік жаратылыстану-ғылыми біліктерді (зерттеуші рәсімін қолдану,
модельдердің көмегімен құбылыстарды түсіндіру, деректердің талдауы
негізінде қорытындылар жасау) меңгеру – таза пәндік міндеттерді де ойдағыдай
шешуге мүмкіндік береді.
В.Н. Максимованың ұйғаруынша, пәнаралық біліктер – бұл «оқушының
ұқсас пәндерден білім және біліктерді тасу және жалпылау процесінде
байланыс орнату мен меңгеру қабілеті» [11, 42].
Оқушылардың практикаға бағдарланған оқытуын ұйымдастырудың
дидактикалық шарты ретінде пәндердің өзара байланысының жүзеге
асырылуын қарастыра отыра, пәнаралық байланыстар теория мен практиканы
9