біріктіретінін, білімді қоршаған шынайылықта (табиғатта, тұрмыста, өндірісте)
қолдануға ықпал ететінін атап өту керек.
Сондықтан, пәнаралық мазмұнның міндеттерін де өмірлік маңызды
міндеттер және проблемалар ретінде қабылдау қажет. А.В.Усованың пікірінше
[11,
63], оқушыда есепті шығарудың жинақтау білігі қалыптасуы қажет. Ол
нақты тақырып бойынша есеп шығару кезінде қалыптаса бастайды, сонан кейін
ол жинақталады және жинақталған құрылым нақты мазмұнмен
толықтырылады.
Осыған ұқсас пікірді Г.П.Стефанова [11, 67] да білдірген. Ол есепті
жинақтау әдісімен шешуді меңгерген оқушы, дұрыс үйреткен жағдайда, кез-
келген практикалық есептерді табиғи білімін пайдалана отыра, сауатты шығара
алады деп есептейді.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тағы бір тәсілі –
жаратылыстану-ғылыми пәндердің барлығы үшін ортақ оқу тапсырмаларының
номенклатурасын бөліп көрсету. Бұл номенклатура әр пән бойынша оқу
тапсырмаларының барлық түрін қамтымайды, бірақ тікелей жаратылыстану-
ғылыми сауаттылықты анықтайтын құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған
тапсырмаларды сипаттайды. Оларға жататындар:
−
жаратылыстану-ғылыми
зерттеулердің
(немесе,
танымның
жарытылыстану-ғылыми әдісінің) негізгі ерекшеліктерін түсіну;
− ғылыми білім негізінде жаратылыстану-ғылыми құбылыстарды түсіндіру
немесе суреттеу білігі, сол сияқты өзгерістерді болжау білігі;
− қорытынды жасау үшін ғылыми деректерді және қолдағы бар деректерді
қолдану, олардың талдауы мен дұрыстығын бағалау білігі.
Осы негізгі үш құзыреттілікке сәйкес тапсырмалардың да үш тобын бөліп
көрсетуге болады. Бұл топтар жинақталған шартты тараулардың атаулары да
оқушы тіліне түсінікті, олар үшін түрткі болатын, ынталандыратын мағынада
болуы тиіс. Мысалы, тапсырмалардың бір тобын «Қалай тануға болады?» деп
атауға болады. Бұған енетін тапсырмалар ғылыми танымның әдісіне жататын
құзыреттіліктің біріншісіне, яғни ғылыми білім алудың тәсілдеріне сәйкес
келеді. Бұл тапсырмаларда оқушыға қандай да бір фактілерді белгілеу,
физикалық шамаларды (өлшемдерді) анықтау, жорамалдарды тексеру
тәсілдерін табу; ұсынылған проблеманы зерттеу жоспарын жасау ұсынылуы
мүмкін.
«Түсіндіріп көр» тапсырмасы құбылыстарды түсіндіру және сипаттау,
процестердің өзгерістері мен барысын болжау білігін (құзыреттіліктердің
ішіндегі екіншісі) қалыптастыратын тапсырмалар тобына сәйкес келеді. Бұл
біліктер белгілі бір көлемдегі ғылыми білімге ғана емес, сонымен қатар, сол
тілде түсінік немесе сипаттама берілетін құбылыстардың модельдерін
операциялау қабілеттеріне сүйенеді.
«Қорытынды жаса» сериясы үшінші құзыреттілікке сәйкес келеді және
қолда бар деректер негізінде қорытынды жасау білігін қалыптастыратын
тапсырмалардан тұрады. Бұл деректер сандар, суреттер, графиктер, схемалар,
диаграммалар, ауызша суреттеулер жинағы түрінде ұсынылуы мүмкін. Берілген
10
деректердің талдауы, құрылымдық түрленуі, жинақтауы қандай да бір
заңдылықтарды, үрдістерді логикалық жолмен көрсетуден тұратын қорытынды
жасауға, бағалауға және т.б. мүмкіндік береді. Бұл біліктер көп жағдайда
формалды, логикалық іс-әрекетке арқа сүйейтіндіктен құбылысты түсіндіру
білігіне сәйкес келмейтіндей болып көрінеді, ал түсіндіру – бұл айтарлықтай
дәрежеде эвристикалық әрекет.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру міндеті мен
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының білімдік нәтижелеріне
қол жеткізу сабақтағы оқу әрекетінің мазмұнына және мұғалімде болуы тиіс
құзыреттіліктерге белгілі бір талаптар қояды.
Осыған сәйкес сабақтың материалы да жаратылыстану-ғылыми
сауаттылық құзыреттілігін қалыптастыратын осындай іс-әрекетті ұйымдастыру
және оқу тапсырмаларын құрастыру үшін «себеп тудыруы» тиіс. Сонымен,
шартты түрде сабақ мазмұнын өзінше ерекше тестілеуден өткізуге болады. Бұл
тест сұрақтарының жалпы мағынасы төмендегідей. Сабақ мазмұны бойынша
нәтижелі сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру мүмкін бе? Басқаша айтқанда,
сабақта оқу тапсырмалары аясын орындауда қолдануға болатын, жоғарыда
аталған іс-әрекет түрлеріне сәйкес келетін тәсілдер (формулалар, модельдер,
алгоритмдер) беріледі ме?
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыру міндетін ескере
отыра тесттің түйінді сұрағын нақтырақ құрастырылған сұрақтар арқылы ашуға
болады:
1. Сабақтың мазмұны төмендегі сұрақтар арқылы тұжырымдауға мүмкіндік
береді ме?:
Баяндалған фактілер қалай алынды? ... екенін қалай білуге болады?
... қатысты қандай болжам айтуға болады?
Бұл болжамды қалай тексеруге болады?
Мұндай тапсырмалар берілген сабақтың материалына ғана емес, сонымен
қатар, өткен сабақтарда ғылыми таным әдісін жүйелі түрде қолдануға сүйенуі
тиіс.
2. Сабақтың оқу материалы алынған білімді қолдану арқылы фактіні немесе
құбылыстарды түсіндіру ұсынылған сұрақтарды тұжырымдау мүмкіндігін
береді ме?
Ол үшін осы және осыған дейінгі сабақта фактілер мен құбылыстардың кей
топтарын түсіндіруде қолдануға болатын ойдың (алгоритмдер) модельдері және
схемасы қарастырылуы тиіс.
3. Сабақтың оқу материалы бойынша деректерді талдау және қорытынды
жасау тапсырылған сұрақтарды тұжырымдау мүмкін бе?
Ол үшін сабақта, мысалы, график немесе кесте түрінде ұсынылған
өлшемдердің нәтижелері сияқты талдау үлгілері берілуі мүмкін.
4. Сабақтың оқу материалы бойынша, қандай да бір проблемаға балама
көзқарастар баяндалатын немесе түпкілікті қорытынды жасау үшін жетіспей
тұрған факт көрсетілетін, пікірталас ұйымдастыру мүмкін бе?
11