106
Көркем еңбек
«Менің пәнім бойынша жаңа бағдарлама менің білім алушыларымның
басым көпшілігіне қызықты» деген пайымдау бойынша «Көркем еңбек» пәні
бойынша «толық байқалады» жауабын 79,6%, «ішінара байқалады» жауабын
20,4% мұғалім таңдады.
«Пән бойынша бағдарлама менің білім алушыларымның басым
көпшілігінің жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді» пайымдау бойынша «толық
байқалады» жауабын 89,8% мұғалімдер таңдап, 10,2% «ішінара байқалады»
жауабын белгілеген.
«Оқу мақсаттарының саны оптималды» деп мұғалімдердің 79,6% білдірді,
яғни пайымдаумен толық келіскенін көрсетті, ал 20,4% «ішінара байқалады»
жауабын таңдады.
107
«Барлық оқу мақсаттары жетімді» деген паймдаумен мұғалімдердің
91,8% толық келіседі, сонымен қатар 8,2% «ішінара байқалады» деген пікірін
білдірді.
«Пән бойынша бағдарлама мазмұны практикалық дағдыларды дамытуға
бағытталған» пайымдаумен мұғалімдердің 81,6% толық келіседі, 16,3%
«ішінара байқалады», 2% «байқалмайды» жауаптарын таңдады.
«Ұзақ мерзімді жоспар анық құрылымданған, сондықтан менің бір
жылдық сабақтарымды оңай жоспарлауыма көмегін тигізеді» пайымдауы
бойынша мұғалімдердің 83,7% «толық байқалады» жауабын таңдап, 16,3%
«ішінара байқалады» жауабын таңдады.
108
«Ұсынылған орта мерзімді жоспарлардың мазмұны бағдарламаның
мақсаттарына сәйкес келеді» пайымдауды мұғалімдердің 93,9% толық қолдады
да, 6,1% «ішінара байқалады» жауабын белгіледі.
«Орта мерзімді жоспарлардың ұсынымдары білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес келеді» деген пайымдаумен мұғалімдердің 93,9% толық
келісті, ал «ішінара байқалады» жауабын 6,1% мұғалімдер көрсетті.
«Орта мерзімді жоспарлардың мазмұнында қазақстандық компонент
көрініс тапқан» деген пайымдау бойынша «толық байқалады» жауабын
мұғалімдердің 87,8% белгіледі, ал 12,2% мұғалімдер «ішінара байқалады»
жауабын таңдады.
109
«Мен өзімнің қысқа мерзімді жоспарларымды оңай әзірлеймін» деген
пайымдауды 85,7% мұғалімдер толық колдап шықты, ал 14,3% «ішінара
байқалады» деген пікір білдірді.
«Мен білім алушыларымның қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа
ресурстарды оңай табамын» пайымдауы бойынша мұғалімдердің 51% «толық
байқалады» жауабын, ал «ішінара байқалады» 46,9% және «байқалмайды»
жауабын 2% таңдады.
Мұғалімдерге қойылған «Сіздің білім алушыларыңыз үшін жаңа оқу
бағдарламасының басымдығы неде?» деген сұрақтың құрамында 4 пайымдау
110
ұсынылды. Барлық пайымдаулар бойынша «толық байқалады» жауабын
таңдаған мұғалімдердің үлесі 70 пайыздан асты. Мысалы, «Кең спектрлі
дағдыларды дамытуға бағытталған» пайымдауды мұғалімдердің 85,7%, «Сын
тұрғысынан ойлауды дамытады» - 87,8%, «Оқу мақсаттары қисынды құрылған»
-
79,6%, «Бағдарлама білім алушыларға практикалық жұмыс үшін мүмкіндік
береді» - 81,6% толық қолдады.
«Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жүргізу кезінде қандай
қиындықтар туындады?» деген сұраққа берілген пайымдаулар бойынша жауап
берген мұғалімдер үлесі төмендегі диаграммаларда көрсетілген.
«Оқу мақсаттарының негізінде бағалаудың өлшемшарттарын құру»
пайымдау бойынша «толық байқалады» жауабын 28,6%, «ішінара байқалады» -
36,7
%, «байқалмайды» -34,7% мұғалім белгіледі; «Кері байланысты ұсыну»
пайымдауға қойылған баллдардың нәтижесі: «толық байқалады» - 55,1%,
«ішінара байқалады» - 10,2%, «байқалмайды» - 34,7%; «Бағалаудың
өлшемшарттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру» пайымдау бойынша
берілген жауаптар үлесі: «толық байқалады» - 32,7%, «ішінара байқалады» -
32,7%, «байқалмайды» - 34,7%; «Әрбір тапсырмаға дескрипторлар әзірлеу»
пайымдау бойынша: «толық байқалады» - 57,1%, «ішінара байқалады» - 8,2%,
«байқалмайды» - 34,7%; «Топта оқу мақсатына жетуді бағалау» пайымдау
бойынша: «толық байқалады» - 51,0%, «ішінара байқалады» - 18,4%,
«байқалмайды» - 30,6%; «Ауызша жұмысты/жауапты бағалау» пайымдау
бойынша: «толық байқалады» - 57,1%, «ішінара байқалады» - 8,2%,
«байқалмайды» - 34,7%.
111
«Жиынтық бағалауды ұйымдастырған кезде және өткізген кезде қандай
қиындықтар туындайды?» сұрақ бойынша мұғалімдер берген жауаптар үлестері
төменде
көрсетілген.
«Оқу
мақсаттарының
негізінде
бағалаудың
өлшемшарттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру» пайымдау бойынша:
«толық байқалады» - 24,5%, «ішінара байқалады» - 38,8%, «байқалмайды» -
36,7%; «Кері байланысты ұсыну» пайымдау бойынша: «толық байқалады» -
38,8
%, «ішінара байқалады» - 22,4%, «байқалмайды» - 38,8%; «Бағалаудың
өлшемшарттарына сәйкес тапсырмалар құрастыру» пайымдау бойынша:
«толық байқалады» - 42,9%, «ішінара байқалады» - 20,4%, «байқалмайды» -
36,7%; «Әрбір тапсырмаға дескрипторлар әзірлеу» пайымдау бойынша: «толық
байқалады» - 28,6%, «ішінара байқалады» - 34,7%, «байқалмайды» - 36,7%.
«Критериалды бағалауды қолданғалы сабақ беру жақсы жаққа өзгерді
ме?» деген сұраққа мұғалімдердің басым көпшілігі «өзгерді» жауабын таңдады
(89,8
%), «өзгермеді» деп тек 10,2% санайды және 0% жауап беруге қиналды.
Ағылшын тілі (Т3)
«Менің пәнім бойынша жаңа бағдарлама менің білім алушыларымның
басым көпшілігіне қызықты» деген пайымдау бойынша «Ағылшын тілі» пәні
бойынша «толық байқалады» жауабын 85,7%, «ішінара байқалады» жауабын
12,2%, «байқалмайды» жауабын 2% мұғалім таңдады.
Достарыңызбен бөлісу: |