58
қабілетінің, яғни логикасының болуы, білім алушы білімінің жан-жақтылығы,
қойылған сұраққа сай тұшымды жауап бере алуы мен сөз саптауына көңіл
бөлінуі шарт.
Жазылым – ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне жазып,
сауатты жеткізе білу. Физикалық тұрғыда – мәтіннің мазмұнын толық түсіне
отырып жазу арқылы пән бойынша теориялық білімнің нық қалыптасуына себі
тиеді, жаза отырып ойдан ой туады. Физика пәнінен әрбір өткен
лабораториялық жұмыстардың қорытындысын жазып үйренсе, пәндік
олимпиадалардың
турында
жасалған
эксперименттік
тапсырманың
қорытындысын ғылыми деректерге сүйене отырып дәлелдеп жаза алады.
Физикалық тақырыпта эссе жаза білуге дағдыланатын болады, бұл өз кезегінде
ғылыми жобаларды жазуда септігін тигізеді.
Мысалы, PISA тапсырмаларында «Төменде 7 аймақтағы тұрғындар саны
мен жұмыспен қамтамасыз етілу туралы мәлімет көрсетілген. Жұмыc күші
ретінде саналмаған адамдардың ішіне балалар, үйдегі ата-аналар және
зейнеткерлер кіреді» [14].
1-
сұрақ.
2010-
жылдың желтоқсан айында қай аймақта жұмыссыз адамдардың ең
көп саны болған?
Аймақтың нөмірі:
2-
сұрақ.
2009 жылғы желтоқсан айында 2 аймақтағы жұмыс күшіндегі
адамдардың жалпы саны қанша болды?
Адамдардың жалпы саны
Бұл тәрізді тапсырмаларды орындауда білім алушыларға түрлі кестелер,
суреттер, жайған физикалық шамалар, формулалар мен өлшем бірліктер,
физикалық ұғымдар беріп сол бойынша жазуға, есептеуге немесе бір-біріне
сәйкестендіріп бірін шешуде екіншісін қолдана алатындай тапсырмалар беруге
болады.
Тыңдалым–есту арқылы түсіну. Физика пәніне білім алушының
тыңдалым әрекетін дамыту арқылы ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай алуға
тыңдалым арқылы алған білімі арқасында өзі ой қорытып жаза алуға, ойын
дәлелдеп айта алуға дағдыландыруға болады
Тілдік емес пәндердің оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға
негізделеді, бірақ кем дегенде бір мақсатты тілді дамытуға арнау қажет.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 79-қадамдағы негізгі міндеттердің
бірі орта мектептің жоғары сыныптарында және ЖОО-да ағылшын тілінде
білім беруге өту болып табылады. Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020
жылдарға арналған Жол картасында білім берудің барлық деңгейлерінде кезең-
кезеңімен енгізу шаралары анықталды. Білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-
2019 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, үш тілде білім беру
эксперименталды мектептердің, НЗМ, БИЛ тәжірибесі негізінде 2019 жылы
басталады.
Көптілді білім беру аясында оқыту әдістемесінің негізі пән мен тілді
кіріктіріп оқыту (CLIL) болып табылады[15].
59
CLIL сабақтарында тілдік біліктер мен пәндік білімдерді дамытудың
маңызы бірдей болғандықтан, ондай сабақ жиі жағдайда төрт сатылы сызбаға
негізделеді:
1. Мәтінді өңдеу. Идеалды мәтін құрамына оқылған материалдың
визуалдылығын қамтамасыз ету үшін иллюстрациялар енуі керек. Шет тілдегі
мәтінмен жұмыс жасауда білім алушыларға мәтінді құрылымдық белгілеуді
(қатарларды, азат жолдарын нөмірлеу, бөлімдерге, шағын тарауларға аталым
беру) жүргізу керек, бұл мәтінмен жүргізілетін жұмысты айтарлықтай
жеңілдетеді.
2. Жете түсіну және алынған білімдерді ұйымдастыру. Көп жағдайда
мәтіндер сызба түрінде беріледі, бұл білім алушыларға мәтіннің идеясын, онда
берілген ақпаратты анықтауға көмектеседі.
3. Мәтіннің тілдік ұғынуы. Білім алушылар мәтіннің идеясын өзінің жеке
сөзімен жеткізе алатыны күтіледі. Білім алушылар қарапайым тілдік
құралдарын да, сонымен қатар айтарықтай алға басқан түрлерін де қолдана
алады, бұл жағдайда қандай да лексиканы таңдауда нақты градация болмауы
тиіс, дегенмен де, мұғалімнің білім алушылар назарын тақырыбы мен пәні
бойыша сай келетін белгілі лексикалық бірліктерге аударғаны жөн. Оған қоса,
мұғалім өз назарын тек арнайы лексикаға ғана емес, сонымен бірге сабақтың
тақырыбы мен пәнге байланыссыз қажет болатын фразалық етістіктер, тұрақты
сөз тіркестері, салыстыру дәрежелері секілді әмбебап тілдік бірліктерге де
аударуы тиіс.
Тапсырмалар білім алушылардың дайындық деңгейіне, оқыту
міндеттеріне, сонымен қатар білім алушылар талғамына қарай таңдалуы керек.
Тыңдалымға арналған тапсырмалардың мысал тізімі:
−
тыңдап алып, диаграмманы, кестені, картаны және тағы басқа құрыңыз;
−
тыңдап алып, кестені толтырыңыз;
−
тыңдап алып, нақты ақпаратты табыңыз (күні, орны, уақыты);
−
тыңдап алып, азат жолдарын дұрыс тәртібімен орналастырыңыз;
−
тыңдап алып, кімнің сөз алғанын, оқиғаның өткен орнын және тағы
басқа анықтаңыз;
−
тыңдап алып, әрекеттердің орындалу кезегін анықтаңыз (мысалы,
нұқсаулық);
−
тыңдап алып, мәтінде өткізіп жіберген жерлерін толықтырыңыз;
−
мәселені белгілеу: сұрақ-жауап, анықтама-термин, бөлік-тұтас;
−
өткізілген жерлерін толтыруға жататын тапсырмалар (көп жағдайда
сұрақтары бар парақшалар таратылады);
−
нақты ақпаратты іздестіруге бағытталған тапсырмалар;
−
сөзді табуды көздейтін ойындар;
−
мәтінге қатысты 20 сұрақ қойыңыз, бұл кезде сұрақтар түрлері
бейнеленген көрнекі сызба болады;
−
жұмыстың визуалды қатарымен бекітілген ауызша тұсаукесері.
60
Толық енуде тұтас сабақ (физика) мақсатты тілде, яғни ағылшын тілінде
жүргізіледі (Қазақстанда кіріктірілген оқытудың ондай нұсқасы тек жоғары
сыныптарда жоспараланады).
Кіріктіріп оқытуды тәжірибесінде қолданып жүрген Астана қаласындағы
№72 мектеп-лицейінің мұғалімі Базарова Альмира Назымқызы әзірлеген қысқа
мерзімді жоспары ұсынылады.
Сабақтың тақырыбы:
Механикалық жұмыс және энергия
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні
Сынып: 9
Қатысқан білім алушылар саны:
Қатыспаған білім алушылар саны:
Сабақ
негізделген
оқу
мақсаттары
9.2.3.5 -
механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілдермен
анықтау;
9.2.3.6 -
жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру
Сабақ
нәтижесі:
Білім алушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген
және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа
жауап береді. Мысалдар келтіре алады, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
жасайды.
Білім алушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе
орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша
үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Білім алушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып
бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау
критерийі
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында
тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік
құзірет
тілік
Механикалық жұмыс – Механическая работа – Mechanical work
Энергия – Энергия – Energy
Кинетикалық энергия – Кинетическая энергия – Kinetic energy
Потенциалдық энергия – Потенциальная энергия – Potential energy
Ресурстар
Кестедегі мәліметті талдап, өзара байланыстыру (Flow chart),
«Ыстық орындық» орындық әдісі
Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, математика, технология.
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарлан
ғануақыт
Сабақ барысы :
Бағалау
түрлері
Басталуы
5 минут
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Білім алушыларға себеттен жұлдыздар
алулары сұралады. Жұлдыздардың түстеріне
қарай 4 топқа бөлініп отырады.
1-
топ «Сары жұлдыздар»
2-
топ «Көк жұлдыздар»
3-
топ «Қызыл жұлдыздар »
4-
топ «Жасыл жұлдыздар »
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Достарыңызбен бөлісу: |