Компания туралы


Стратегия және инновациялар комитеті



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет32/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44

79
Стратегия және инновациялар комитеті
Төрағасы: 
Кристофер Уолтон (ҚМГ тәуелсіз директоры)
Мүшелері: 
П. Лэйн (ҚМГ тәуелсіз директоры) 
Ф. Куйлаарс (ҚМГ тәуелсіз директоры)
Баймұратов Е.У. (ҚМГ тәуелсіз директоры)
Комитет Директорлар кеңесіне мынадай мәселелер бойынша 
ұсынымдарды әзірлеу және ұсыну арқылы жәрдемдесу мақса-
тында жұмыс істейді:
  даму  стратегиясы  және  инвестициялық  саясаты,  сондай-ақ 
қызметтің басым бағыттары;
  инвестициялық  тартымдылықты  арттыру,  оның  ішінде  кор-
поративтік басқаруды жетілдіру арқылы;
 қаржы-шаруашылық қызметті лайықты түрде жоспарлау;
 инновацияларды енгізу.
карталарын бекіту туралы;
 ҚМГ қызметінің негізгі көрсеткіштері шежіресін құруды алдын ала талқылау; 
 2015 жылғы ҚМГ қызметінің корпоративтік негізгі көрсеткіштерін және олардың мақсатты мәндерін талқылау және бекіту;
 басқарушылық персонал төлемінің деңгейлері бойынша бенчмаркинг қорытындылары туралы есеп; 
 ҚМГ басшы және басқарушы қызметкерлері, Ішкі аудит қызметінің басшысы мен Корпоративтік хатшысы қызметінің тиімділі-
гін бағалау қағидаларын алдын ала талқылау;
 ҚМГ ОмбудсменІ туралы;
 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобында Корпоративтік Омбудсман институтын құру тұжырымдамасын алдын ала талқы-
лау (мәселені қоюға кейбір аспектілер);
 ҚМГ әкімшілік-басқарушылық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі бойынша ақпарат;
 ҚМГ қызметкерлерінің тиімділігін және еңбекақысын бағалауды реттейтін кейбір ішкі құжаттар туралы; 
 адам ресурстарын басқару саласында жүргізетін жақсарту мәртебесі бойынша ақпарат;
 уәждемелік ҚНУ карталары бойынша қорытынды нәтижелілікті бекіту және 2014 жылғы жұмыстың қорытындылары бойын-
ша ҚМГ Басқармасының мүшелеріне (басшы қызметкерлеріне) сыйақы мөлшерін белгілеу туралы;
 алдын ала талқылау үшін ҚМГ ұзақ мерзімді сыйақы бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекіту туралы.
 «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлеріне әлеуметтік қол-
дау көрсету қағидаларын бекіту туралы;
 ҚМГ негізгі еншілес ұйымдарының деңгейінде Басқарма төрағаларының (бас директорлардың) сабақтастығын қамтамасыз 
ету жұмысының ағымдағы мәртебесі туралы;
 ҚМГ ЕТҰ бас директорларын (Басқарма мүшелерін) тағайындау туралы;
 ҚМГ ЕТҰ Байқау кеңестері, Директорлар кеңесі төрағаларының және мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, 
оларды сайлау және өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу туралы;
 ҚМГ ЕТҰ Басқармаларының мүшелері қызметінің 2015 жылғы уәждемелік негізгі көрсеткіштерінің және олардың мақсатты 
мәндерінің карталарын бекіту туралы;
 ҚМГ ЕТҰ бірқатар ішкі құжаттарын бекіту туралы;
 «HAY GROUP» компаниясының әдіснамасы бойынша операциялық ЕТҰ Корпоративтік орталығының әкімшілік қызметкер-
лерінен бастап, топ-менеджментінің деңгейіне дейін лауазымдарды бағалау тәсілі.
Комитеттің ұсынымдары Директорлар кеңесінің отырыстарында жарияланды және шешімдерді қабылдау кезінде ҚМГ Дирек-
торлар кеңесі оларды ескерді.
2015 жылы Комитетің 10 отырысы өткізілді, оларда шамамен 120 мәселе қаралды, олар бойынша ҚМГ Директорлар кеңесі 
ұсынымдар берді. 
Комитет әзірлеген ұсынымдар ҚМГ Директорлар кеңесінің отырыстарында тұрақты негізде жарияланды және ҚМГ Директор-
лар кеңесінің шешімдері қабылданған кезде ескерілді.
Комитет ҚМГ Директорлар кеңесіне ҚМГ даму жоспарының, ҚМГ орнықты даму саласындағы есептің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 
трансформация бағдарламасының жол картасының, ҚМГ еншілес ұйымдарының бизнес-жоспарларын оңтайландырудың, ҚМГ 
еншілес ұйымдарының жарғыларын бекіту мен өзгертудің мәселелері бойынша ұсынымдар берді; «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобы 
бойынша компаниялар санын қысқарту жөніндегі іс-шараларды жүргізді. Корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шара-
ларды қарау шеңберінде Комитет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 ж. 15.04 №239 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қа-
зына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес келу мәніне өзін-өзі бағалау 
шеңберінде, сондай-ақ нәтижесінде ҚМГ-ге 79% (2014 жылғы өзін-өзі бағалау қорытындылары бойынша 75% орнына) ҚМГ кор-
поративтік басқару диагностикасы шеңберінде үлкен жұмыс жүргізілді. ҚМГ даму стратегиясының мәселелерін қарау шеңберін-
де Комитет бөлімшелерімен және қызметкерлерімен, сондай-ақ тәуелсіз консультант – McKinsey компаниясымен әр түрлі сце-
нарийлерді, оның ішінде жекешелендіруді ескере отырып пысықтау бойынша елеулі жұмыстар жүргізді.
Комитеттің әрбір отырысында Солтүстік Каспий жобасын, «Қарашығанақ» жобасын дамытудың ағымдағы жағдайы мен пер-
спективалары жүйелі түрде талқыланды, «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ мәртебесі және «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ бақыла-
уды қайтару салдары қаралды, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Солтүстік Каспий жобасының мердігерлік компанияларымен бір-
лесіп іске асыратын, Солтүстік Каспий жобасының операторы мен оның агенттерін NC Production Operations Company B.V. North 
Caspian Operating Company N.V. қосылуы және North Caspian Operating Company B.V. North Caspian Operating Company N.V. қо-
сылуы арқылы біріктіру көзделген M&A жобасы және басқалары алдын ала мақұлданды.
Комитетің отырыстарында ҚМГ компаниялары тобының бейінді және бейінді емес активтерін қайта құрылымдау, ҚМГ-нің 
жер қойнауын пайдалану құқықтарын алуы мен пайдалануы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт-
тарға өзгерістер енгізу, ҚМГ-нің басқа заңды тұлғалардың он және одан да көп акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу 
үлестерін) сатып алуы мен иеліктен шығаруы, ЕТҰ Жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.


80
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ
Қаржы жөніндегі комитет 
Төрағасы: 
Ф. Куйлаарс (ҚМГ тәуелсіз директоры)
Мүшелері:  
П. Лэйн (ҚМГ тәуелсіз директоры)
Рахметов Н.Қ. (ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшесі, 
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының мүшесі)
Кристофер Д.У. (ҚМГ тәуелсіз директоры)
Баймұратов Е.У. (ҚМГ тәуелсіз директоры)
ҚМГ  тиімді  қаржы  саясатын  жүргізу  бойынша  Директорлар 
кеңесіне ұсынымдарды әзірлейді, ҚМГ қаржы жағдайын баға-
лауды, сондай-ақ қаржы стратегиясының мониторингін жүргі-
зеді.
Жауапкершілік туралы мәлімдеме
«Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Заңының 62-бабының 1-тармағының 3) тармақшасының нор-
маларына  сәйкес  Директорлар  кеңесінің  мүшелері,  тәуелсіз 
аудит жүргізуді қоса есептегенде, бухгалтерлік есеп жүйесінің 
тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте «Акционерлік 
қоғамдар  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  63-ба-
бының  5-тармағының  нормаларына  сәйкес,  егер  қоғамның 
қаржы  есептілігінде  қоғамның  қаржы  жағдайы  бұрмаланса, 
қоғамның осы қаржы есептілігіне қол қойған қоғамның лауа-
зымды  тұлғалары  осының  нәтижесінде  материалдық  залалға 
ұшыраған үшінші тұлғалар алдында жауап береді.
Аудит комитеті
Төрағасы: 
П.Лэйн (ҚМГ тәуелсіз директоры)
Мүшелері: 
Ф. Куйлаарс (ҚМГ тәуелсіз директоры)
К.Уолтон (ҚМГ тәуелсіз директоры)
«ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  Директорлар  кеңесінің  Аудит  коми-
теті  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  Директорлар  кеңесінің  шешімімен 
(2006.20.09 №9 хаттама) құрылған. 
Аудит комитеті Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңес 
органы болып табылады және өз қызметін ҚМГ Директорлар 
кеңесі бекіткен (2011 ж. 01.03 №1 хаттама) Аудит комитеті тура-
лы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚМГ корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес Ди-
ректорлар кеңесінің Аудит комитетімен, Ішкі аудит қызметімен 
және  ҚМГ  сыртқы  аудиторларымен  бірлесіп,  ҚМГ-нің  қаржы 
есептілігі  мен  ішкі  бақылау  қағидаттарын  қолдау  жолдарын, 
ҚМГ сыртқы аудиторларымен тиісті қатынастарды белгілеудің 
ресми және анық тәртібін белгілейді.
Аудит  комитетінің  негізгі  функцияларға  мынадай  міндеттерді 
орындау кіреді:
 қаржы есептілігінің мәселелері қарау;
 ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару мәселелері қарау;
 сыртқы аудит мәселелері қарау;
 ішкі аудит мәселелері қарау.
2015 жылы Қаржы жөніндегі комитет компанияның қаржылық орнықтылығын сақтау бөлігінде ҚМГ күш-жігерін үйлестіруші 
болды. ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларының 50%-тін «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына сату, ҚМГ Еурооблигацияларын ұстаушы-
лардан және кредиторларынан сатуға тиісті келісімдер алу, 3,7 миллиард АҚ доллары сомасына ҚМГ Еурооблигацияларын са-
тып алу ҚМГ таза қарызын азайтуға бағытталған неғұрлым маңызды транзакциялар болды.
Аудит комитеті ішкі және сыртқы аудит мәселелерін, қаржы есептілігі мен тәуекелдерді басқару мәселелерін қарайды. Аудит 
комитеті Директорлар кеңесіне осы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау бойынша ұсынымдар береді. 
Аудит комитеті іштей отырыстарды, оның ішінде конференц-байланыс арқылы тұрақты өткізеді. 
2015 жылы Аудит комитетінің 10 отырысы өткізілді. 2015 жылы Аудит комитеті барлығы 79 мәселені қарады.


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау