Компания туралы



жүктеу 56,28 Mb.
Pdf просмотр
бет10/44
Дата21.11.2018
өлшемі56,28 Mb.
#22953
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44

ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
28
301
328
321,8
324,1
326,5
344,1
354,2
338,3
280,0
Газ, млн. м3
279,7
Амангелді кен орнында табиғи газ бен газ конденсатын өндіру
 
2015
 2015
18,6
20,7
21,8
21,3
22,0
24,1
26,0
26,2
26,2
24,6
Газ конденсаты, 
мың тонна
14 888
14 544
14 550
12 698
13 522
13 620
11 691
8 977
7 254
6 910
Газ өндіру, 
млн. м3
27 158
26 679
27 105
24 212
25 839
25 912
22 526
17 274
13 931
Мұнай және газ конденсатын 
өндіру, мың тонна
13 319
 
2014
 
2014
 
2013
 
2013
 
2012
 
2012
 
2011
 
2011
 2010
 
2010
 
2009
 
2009
 
2007
 
2007
 
2008
 
2008
 
2006
 
2006
 
Ірі мұнай-газ жобаларына қатысу
Теңіз жобасы
Теңіз кен орны 1979 жылы ашылды және әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. 
1993 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы Теңіз жобасы жөніндегі келісімге қол 
қойылды. Көмірсутегіні барлауға және өндіруге лицензия 1993 жылы 40 жыл мерзімімен «Теңізшевройл» ЖШС-ға (ТШО) берілді.
ТШО қызметінің негізгі түрі Атырау облысындағы Теңіз және Королевское кен орындарынан көмірсутегіні барлау, өндіру және 
сату болып табылады.
Мыналар ТШО Әріптестері болып табылады: Chevron (50%), ExxonMobil (25%), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (20%) пен LUKArco (5%).
ТШО өндіру
2015 жылы іс жүзінде мұнай және газ конденсатын өндіру жоспарлы 26,704 млн. тоннаның орнына рекордты 27,158 млн. тон-
на болды, бұл жоспарлы көрсеткіштен 454 мың тоннаға артық. 2016 жылы ТШО мұнайын өндіру жоспары 26,466 млн. тонна-
ны құрайды. 
Қазіргі уақытта ТШО Сағалық қысымды басқару жобасын/Болашақ кеңейту жобасын (СҚБЖ/БКЖ) іске асыруды жоспарлап отыр.


29
СҚБЖ/БКЖ шеңберінде ұңғыма өнімін жинаудың жаңа жүйесін, қысымды арттыру объектілерін, инфрақұрылымдық және қо-
салқы объектілерді салу, жылына 12 млн. тонна қуатымен мұнай өңдеу бойынша жаңа зауытты және жылына 9,4 млрд. м3 шикі 
газды кері айдау объектілерін салу жоспарланған. СҚБЖ/БКЖ жобасын іске асыру ТШО мұнайын өндірудің жылдық көлемін 39 
млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
«Fluor», «WorleyParsons»,«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ пен «ҚазГипроМұнайТранс» ЖШС компаниялары құрған «Қа-
зақстандық жобалар бірлескен кәсіпорны» (KPJV) СҚБЖ/БКЖ жобасының бас мердігері болып табылады.
2014 жылғы қарашада СҚБЖ/БКЖ жобасы бойынша Нобайлық жобалау (FEED) аяқталды. Әлемдік нарықтағы мұнай бағалары-
ның күрт түсуіне байланысты 2015 жылы ТШО СҚБЖ/БКЖ және СҚБЖ/БКЖ ерте жұмыстарының (жаңа вахталық кентті, мерді-
герлердің құрылыс базасын және т.б. салу) бағдарламасын іске асыру шығындарын оңтайландыруға көңіл аударады. Жобаны 
қаржыландыру туралы түпкілікті шешімді қабылдау 2016 жылға жоспарланған.
СҚБЖ/БКЖ шеңберінде Қазақстанда 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланды, кадрларды оқыту және даярлау бойын-
ша іс-шаралар көзделді, сондай-ақ СҚБЖ/БКЖ жаңа өндірістік объектілерін пайдалану кезінде кем дегенде 500 тұрақты жұмыс 
орны ашылды.
Солтүстік Каспий жобасы
1997 жылғы 18 қарашада Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге (СК ӨБК) қол қойылды. Мыналар СК ӨБК қаты-
сушылары болып табылады: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 16,88%, ЭНИ, Тоталь, ЭксонМобил, Шелл - 16,81%-тен, қытай ұлттық мұнай-
газ корпорациясы - 8,33 %, Инпекс - 7,56%.
2015 жылғы 13 маусымда бірыңғай Операторға біріктіру және Солтүстік Каспий жобасын (СКЖ) басқарудың жаңа операциялық 
моделіне ауысу аяқталды. СК ӨБК Әріптестерінің атынан жұмыс істейтін «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компания-
сы Оператордың міндеттерін жүзеге асырады.
СК ӨБК келісімшарттық аумағында Қашаған, Қаламқас-теңіз, Ақтоты, Қайраң, Оңтүстік-Батыс Қашаған кен орындары бар. 
Қашаған кен орны – бүгінгі таңда ашылған ең ірі және күрделі теңіз кен орындарының бірі – 4,6 млрд. тоннаға бағаланатын 
геологиялық қорлары бар бірыңғай көмірсутегі иірімін білдіреді және шамамен 820 км2 аумағында орналасқан. Қашаған кен 
орнын игеру Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру (ТӨИ) іске асыру сатысында.
2015 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша ТӨИ объектілеріндегі жұмыстың жалпы прогресі жоспарлы 98,55% орнына 97,9% 
болды. 2015 жыл ішінде теңіз жобаларының ЕРС-2, ЕРС-3 және ЕРС-4 бұрғылау аралдарының жоғары құрылыстарын  жобалау, 
сатып алу және дайындау, осы бұрғылау орталықтарында ұңғымаларын салу және аяқтау (игеру) жұмыстары орындалды. Батыс 
Ескене теміржол кешені жобасын сатып алу мен салу және т/ж байланысты емес объектілерді (күкіртті сақтау алаңы, теміржол 
тиеу терминалы, сұрыптау терминалы) салу жұмыстары, сондай-ақ Жерүсті кешенінің ағынды суын кәдеге жарату жобасы 
бойын ша жұмыстары орындалды.
2015 жылы Оператор «Д» аралы мен «Болашақ» жерүсті кешені арасында мұнай өнімдері мен газ құбырын ауыстыру жұмысын 
жүргізді, өндірістік объектілерді (FIMPR) консервациялау, жаңғырту және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шара-
лар кешенін орындады. Барлығы 2015 жылы Касторо-12 және Ерсай-1 баржаларының теңіз және ауыспалы учаскелерінде 61,3 
км салынды. Таяз және жерүсті учаскелерде, тиісінше, 16,5 км және 8,6 км құбырлар тартылды. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 
жағдай бойынша Қашаған кен орынның өндірістік объектілерінің мәртебесі өзгермеді, жерүсті учаскесінде құбырларын салу 
және өндірістік операциялар ұзақ уақыт бойы уақытша тоқтатылғаннан кейін өндіруді бірте-бірте қалпына келтіруге дайын-
дау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру жалғасуда.
2015 жылы Қаламкас-теңіз, Ақтоты мен Қайраң кен орындары бойынша оларды игеру тұжырымдамаларын айқындау бойын-
ша зерттеу және зерттеу жұмыстары орындалды. Оңтүстік-Батыс Қашаған құрылымы бойынша СКЖ Әріптестері зерттеу қо-
рытындылары бойынша құрылым аумағын зерттеу рентабельсіз болғандықтан, мемлекеттік пайдасына оны қайтару туралы 
шешім қабылдады.
Қарашығанақ жобасы
Қарашығанақ кен орны 1979 жылы ашылды.
Қарашығанақ жобасы Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің (ӨБТК) шеңберінде іске асырылады. 1997 жылғы 18 қарашада 40 
жыл мерзімімен Келісімге қол қойылды және ол 1998 жылғы 27 қаңтарда күшіне енді. 
Мынадай мердігерлік компаниялар арасында үлестік қатысуды бөлу: Бритиш Газ (29,25%), Аджип (29,25%), Шеврон (18%), Лу-
койл (13,5%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 10%.
Қазіргі уақытта Қарашығанақ кен орны 2М өнеркәсіптік игеру кезеңі іске асырылады, оның шеңберінде жыл сайын шамамен 
11 млн. тонна сұйық көмірсутегі және шамамен 11 млн. тонна газ өндіріледі. 2М кезеңінің негізгі мақсаты жылына шамамен 11 
млн. тонна деңгейінде сұйық көмірсутегіні жаңа ұңғымаларды бұрғылау, газ қуаттарын ұлғайту және көмірсутегілерді дайын-
дау үшін технологиялық қондырғыларды жаңғырту арқылы өндіру деңгейін қолдау болып табылады. 
2016 ж. 01.02 жағдай бойынша ӨБТК қолданыла басталғаннан бері кен орнында 146 млн. тонна сұйық көмірсутегі және 207 
млрд. текше м. газ өндірілді. 2003 жылдан бастап газды кері айдау 78 млрд. текше м. болды.
2М кезеңінің жобалары аяқталғаннан кейін сұйық көмірсутегілерін өндіру деңгейін одан әрі қолдау үшін Қарашығанақ кеңей-
ту жобасын жүзеге асыру жоспарланады. Жобаның тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін оны бірінші кезеңде іске асыру 
көзделіп отыр. 


жүктеу 56,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау