Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет45/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   141

146

бірқатар сандары өсу немесе төмендеу  ретін сипаттайтын саты-

лы  шкаламен құрылады. Мысалы материктер мен мұхиттардың 

географиялық атласында төменде көрсетілген шкалалар сатылары 

қабылданған: 1) 1шақырым

шаққандағы  халықтың тығыздығы 1 



адамнан аз;  2) 1шақырым

шаққандағы  халықтың тығыздығы 1-10 



адамға дейін;  3) 1шақырым

шаққандағы  халықтың тығыздығы 



10-50 адамға дейін; 4) 1шақырым

шаққандағы  халықтың 



тығыздығы 50-100 адамға дейін;  5) 1шақырым

шаққандағы  



халықтың тығыздығы 100 адамнан артық. Картаграммадағы 

шкаланың сатылары өлшемі жағынан тең немесе еселі (өсімді) 

болуыда мүмкін. 

3.15 сурет. Батыс Еуропаның жеке елдерінің жалпы өнеркəсіптегі 

үлесінің  картограммасы

Картаграммада бөліп көрсетілген барлық аумақтың шекарасы 

міндетті түрде белгіленуі тиіс.  Онда бір топқа жататын көршілес 




147

жатқан аумақтық бөліну бірлігінің шекарасының телімдері 

 

көсетілмей бір бояумен боялуы мүмкін.  Мұндай картограмма-



лар  жинақталған немесе тегістелген деп аталады. Халықтың 

тығыздығының көптеген оқу карталары тегістелген картограм-

ма болып табылады. Бұдан басқа бөліп көрсетілген ауданда 

кескінделетін құбылыстар болмайтын түзетілген картограммалар 

да болады. 

Картодиаграммалар мен картограмманы пайдалану барысын-

да екі тəсілде де құбылыстар алып жатқан нақтылы бір аумақтың 

шекарасы мен оның ареалы көрсетілмейтінін ескеру қажет. 



Нүктелік тəсіл. белгілі бір құбылыстардың географиялық 

орналасуын ғана емес, сандық сипатын да көрсететін нүктелік 

тəсіл көбінесе əлеуметтік-экономикалық карталарда кеңінен 

қолданылады. Қандай да бір құбылыстардың орналасуы мен 

мөлшері нүктелермен белгіленеді. 

Мысалы, ауылшаруашылық карталарындағы əрбір нүкте 

ірі қара малының орналасқан аймағымен белгілі бір сандық 

көрсеткішін анықтайды. Бір нүктедегі малдың санын нүктенің 

жалпы санына көбейтсек барлық масштабының саны шығады. 

Нүктелерді əртүрлі түспен бояп кескіндеу бір картада бірнеше 

құбылыстарды көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, егіншілік 

картасында əртүрлі дақылдардың орналасуы, халықтар картасын-

да ұлттық құрамына қарай қоныстану ерекшеліктерін анықтауға 

болады.      

Құбылыс саны нүктелердің жиынтығын көрсетеді (кіші 

өлшемді геометриялық пішіндерді), олар халық саны, мал 

басының саны жəне тағы басқа құбылыс белгілерінің санына 

(салмағына) сəйкес келеді.

Нүктелік тəсілдің белгілеуден түпкілікті айырмашылығы 

құбылыстардың таралу аудандарын кескіндеуінде (географиялық 

ареалдарда немесе сол аумақ ұяшықтарының шектерінде яғни 

əкімшілік, ауылшаруашылық, шартты геометриялық жəне т.б.). 

Егер картада аудан масштабы көрсетілген болса, сирек жағдайда 

ғана бұл тəсіл елдімекендерге сипаттама беруге қолданылады. 

Нүктелердің картада орналасуы кескінделетін құбылыстың шы-

найы таралуына сəйкес келетін географиялық  жəне нүктелер 

аумақтағы  ұяшықтар шегінде тең орналасып, солар арқылы 



148

ақпарат берілетін сызбалық  немесе статистикалық түрлері 

белгілі болады. Осы екі түрдің біреуін таңдау сəйкес келетін 

статистикалық мəліметтердің жағдайына байланысты болады. 

Ғылыми-анықтамалық картаға түсіруде көбінесе географиялық 

түрлері қолданылады. Əлеуметтік-экономикалық карталарға 

түсіруде нүктелік тəсілдің кеңінен қолданылуы  көбінесе 

құбылыстың сандық сапасының көрсетуімен тығыз байланысты. 

Оны пайдаланғанда  картаға түсірілетін нысандардың сипаттама-

сы да əсер етеді. Нүктелік тəсілдің алуан түрлілігі мен көлемі кар-

та масштабындағы нүкте өлшемімен бірдей «эквиваленттік» деп 

аталатын нүктелерді қолданғанда өседі. Мұндай нүктелер көбіне 

ауылшаруашылық жерлеріне сипаттама беру үшін қолданылады  

[3.16-сурет].  



3.16 суретНүктелік тəсіл

Эквивалентті нүктелерді ғылыми-анықтамалық картаға 

түсіру барысында қолдану өте тиімді. Мұнда олар құбылыстың 

географиялық таралуын сақтай отырып, сандық сипаттарын 

қамтамасыз етеді. Нүктелік тəсілдің басқа түрі – бөлшектік жəне 

пайыздық нүктелер, олар құбылыстың сандық көрсеткіштері мен 

белгілі бір аумақтағы пайыздық қатынасты біріктіреді.



149

3.3. Жалпы географиялық жəне тақырыптық 

карталардың мазмұны

Физикалық географиялық тақырыптық карталардың не-

гіз гі түрлері. Тақырыптық карталар мазмұны мен қызметіне сəй   -

кес физикалық жəне экономикалық карталарға топтастырылады. 



Геологиялық карталар аумақтың  геологиялық құрылысын 

жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Онда тау жыныс-

тарының жасы, петрографиялық құрамы, жатыс бағыты 

ның 


жағдайы, жер қыртысының құрылысы мен қозғалысы кескінделеді. 

Меншікті геологиялық карталарда түзетін тау жыныс 

тарының 

кешенін жастарына сəйкес біріктіру қағидасын еске ріп, бейне-

леу жолымен жер қыртысының құрылысы кескінделеді. Əртүрлі 

геологиялық кезеңде түзілген тау жыныс 

тары жасына сай 

Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде қабыл  данған стан-

дартты сапалық түс əдісімен көрсетіледі. Əртүрлі жастағы тау 

жыныстары бояумен қатар геологиялық жасын, түзілген эрасы 

мен дəуірін көрсететін əріптік белгілермен бейне ленеді. 

Кейбір меншікті геолгиялық карталарда магмалық жыныс-

тардың жер бетіне шығып жатқан  орындарды арнайы белгімен 

бөліп көрсетеді. Жарылыс түріндегі əртүрлі тектоникалық бұзы-

лу лар, көтерулер мен ығысулар геологиялық карталарда сызықтық 

бел гілермен беріледі.       

Ірі масштабты геологиялық карталарда географиялық негіздің 

элементтерінің  ішінде топографиялық картаның масштабына 

сəйкес  жер бедерінің горизонтальдармен кескінделуін көруге 

болады. Ұсақ масштабты геологиялық карталарда жатыс бағыты 

мен созылған бағытына сəйкес келетін геологиялық қима-

сызбалармен ғана шектеледі. Оларда изосызықтар болмайды. 

Аталған карталарға қарама-қарсы сипатта құрылатын 

карталар  ға геологиялық карталардың ерекше тобы тектоникалық 

карталар жатады. Ол карталарда жер қыртысы платформалар мен 

əртүрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға бөлінеді. Екі картада да 

негізгі кескіндеу əдісі сапалық түс əдісі болып табылады. 

Жер бедерінің ерекшелігі кескінделетін карталардың қатарына 

гипсометриялық жəне геоморфологиялық карталар жатады. 

Гипсометриялық  карталарда  жер бедері гипсометриялық 

əдісті қолдана отырып, изогипстің көмегімен кескінделеді. 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау