Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақФ



жүктеу 3,88 Mb.
Pdf просмотр
бет117/147
Дата20.11.2018
өлшемі3,88 Mb.
#22302
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   147

265 
 
арналған  тапсырмаларды  құрастырылады,  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың 
модерациясын жузеге асыруды қарастырады. 
Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  жүргізілетін  критериалды 
бағалаудың  бір  бӛлігі,  оқушы  портфолиосын  жүргізу.  Портфолио  -  оқушының 
білім алудағы белгілі бір кезеңінде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, 
ілгерілеуін,  оқудағы  нәтижені  кӛрсететін  жеке  жетістіктерін  мақсатты  түрде 
жинақтау  /2/.  Портфолио  оқушылардың  нәтижесін  бағалауда  әділдікті  және 
шынайылықты қамтамасыз ету мақсатында жинақталады. Портфолио мұғалімге 
оқушылардың  бағаланатын  оқу  мақсаттарына  жетуін  анықтауға  кӛмектесетін 
және  жұмыс  дәптерінің,  оқушылардың  салған  суреттерінің,  практикалық 
жұмыс  орындау  барысындағы  кестелерінің,  зерттеу  жұмыстарының 
нәтижелерінің, мұғалімнің оқушы жұмысына жазған түсіндірмесінің дәлелінен 
тұрады.  Оқушылардың  бірнеше  жұмыстары  электрондық  түрде  сақталуы 
мүмкін. 
Критериалды  бағалаудың  әдістемесі  оқушыны  оқу  іс-әрекетіне  уәждеу 
құралы  болып  табылады,  сондай-ақ,  оқушыны  бағалауда  оның  жеке  тұлғалық 
ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Курс барысында мұғалімдер барлық 
оқушыға  бірдей  ӛлшеммен  бағалаудан,  оқушының  деңгейін  анықтай  отырып, 
критерийлерге  сәйкес  әділ  баға  берудің  тиімділігіне  кӛз  жеткізеді.  Бағалаудың 
бұл  жүйесін  енгізгенде  әр  оқушы  бағалау  кезінде  «екі»,  «үш»  деген  баға  ғана 
алып қоймай, дамудың белгілі деңгейіне жетіп, кері байланыс арқылы әрі қарай 
ілгерілеуге мүмкіндік алады. Ӛйткені бұл әдістің маңыздылығы баланы ӛзін-ӛзі 
дамытуға, алға жылжуына бағытталған үдеріс.  
Әдебиеттер тізімі: 
1. Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  бағдарламасы.  /  «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы. - 2015 ж. - 26 
бет.  
2. Жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдеріне  арналған  критериалды 
бағалау  басшылығы.  Жоба.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 
Педагогикалық шеберлік орталығы. - 2015 ж. - 38 бет.  
 
 
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ БІЛІМ 
БЕРУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНА СӘЙКЕС ЖАҢАРТЫЛУДА 
 
Мейрамова А. Т., 
академиялық бӛлімнің бас маманы 
«Ӛрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ 
Петропавл қаласы, aisulu_di@mail.ru 
 
Қазақстанда  заманауи  білім  берудің  қалыптасқан  жаңа  жүйесі  әлемдік 
білім  беру  кеңістігіне  қарай  бағдарланған.  Бұл  үрдіс  оқу-тәрбие  үдерісінің 
педагогикалық  теориясы  мен  тәжірибесіндегі  бар  ӛзгерістермен  жүзеге 
асырылады.  Бұл  жағдайда  мұғалім  оқу  материалдарын  жаңаша  тұрғыдан  құру 


266 
 
үшін 
заманауи 
инновациялық 
әдістерге 
кӛңіл 
бӛлу 
қажет. 
Оқу 
материалдарының  жаңа  түрлерін  әзірлеу,  олардың  білім  беру  тәжірибесіндегі 
ӛзгеруі  мен  қызмет  ету  мүмкіндіктері  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  бір 
бӛлігі болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңына,  Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  Қазақстанда  жаңа  мектеп  үлгісін  қалыптастыру 
үдерісінде жауапты істі талап етеді. Бағдарламада «орта білім берудің мақсаты - 
еліміздің  экономикалық  ӛрлеуі  үшін  бәсекеге  қабілетті  адами  капиталды 
дамыту үшін ӛзгермелі әлемде табысты жетістікке қол жеткізу, рухани дамыту 
кӛрсетілген. Білім беру мазмұнын жаңартудың базалық қағидасы - әр мектепте 
тұлғаны  рухани-адамгершілік  дамытуға  белсендіретін  білім  берудің 
адамгершілік ортасын құру.  
Білім  беруді  сапалы  ӛзгерту  мұғалім  кӛзқарасы  мен  орнын,  оның  оқу 
үдерісіндегі  рӛлінсіз  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Сондықтан  әр  мұғалім  жаңа 
ӛзгерістердің  мәнін,  жаңа  білім  берудің  нәтижелерін  түсінуі  тиіс.  Біздің 
ойымызша,  мұғалімдердің,  әдіскерлер  мен  мектеп  басшыларының  сапалы 
дайындығысыз жаңа мектепке ауысу асығысытық болар еді, ӛйткені тәжірибеде 
жаңа  теориялық  идеяларды,  жаңа  мақсаттар  мен  міндеттерді,  оқытудың 
мазмұны  мен  технологиясын,  бағалаудың  жаңа  түрін  жүзеге  асыру  мүмкін 
болмас еді. Сәйкесінше педагогтердің біліктілігін арттыру кезінде құзыреттілік-
бағдарланған білім беру мазмұнының жаңартылуц есепке алынуы тиіс және ол 
оқыту мен әдістемеде жаңа әдістерді енгізуде озық тәжірибелерді таратуы тиіс. 
Білім беру мазмұнын жаңартуға кӛшу кадрлық ресурсқа да жаңа талаптар 
қояды:  педагогтерді  білім  берудің  құзыреттілік  әдісі  аясында  даярлау; 
педагогтерді денсаулық сақтау технологияларымен қамтамасыз ету; білім беру 
үдерісін шынайы ӛскен жекелендіру жағдайында жұмыс істеуге қалыптастыру. 
Сондықтан  педагогке  жалпы  білім  берудің  жаңартылған  жалпыға  міндетті 
МЖБС мазмұны мен оны қабылдау методологиясына дайындығы қажет. 
Бүгінгі күні әр педагогті толғандыратын сұрақтар:  
 Білім беру мазмұнының жаңартылуының бұрынғыдан ӛзгешелігі неде?  
 Мектепте білім беру үдерісін ұйымдастыру әдістері ӛзгере ме? 
 «білім беру, нәтижеге бағдарлану» түсініктері нені білдіреді? 
 Жаңартылған білім беру мазмұнына мұғалім қалай дайындалуы керек? 
Осы  сұрақтарды  шешуге  біліктілікті  арттыру  институты  әрекет  етеді. 
«Ӛрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы»  АҚ  мен  бірігіп  әрекет  ететін 
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі,  «Назарбаев 
Зияткерлік мектебі» АҚ мақсатты бағытталған жұмысының нәтижесінде біздің 
облыстың  педагогтері  жаңартылған  бағдарламалар  бойынша  дайындық 
курстарынан ӛтті.  
Филиалда 
профессорлық-оқытушылық 
құрамның 
кәсіби 
және 
шығармашылық  ӛсуіне  ерекше  кӛңіл  бӛлінеді.  Соңғы  2  жылдың  ішінде 
«Ӛрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығының  саясаты  арқасында  филиал 
қызметкерлері  ӛздерінің  кәсіби  біліктіліктерін  алдыңғы  қатарлы  шет  елдерде 


жүктеу 3,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау