108
Мəміленің белгілі бір құқықтық нəтижеге қол жеткізуге бағыт-
талуы, оны заңи іс-қимылдан (ҚР АК 245-бабы – затты табу; ҚР АК
247-бабы – тұлғаның көмбені табуы жəне т.б.) ажыратады. Заңи іс-
қимылдың құқықтық салдары субъектінің еркіне жəне оның əрекет
қабілеттілігіне қарамастан заңға орай туындайды.
Мəміленің субъектісі ретінде азамат толық əрекет қабілеттілігі-
не ие болуы тиіс.
Мəміле құқылы əрекет болып табылады жəне осы арқылы құқыққа
қайшы əрекеттерден ажыратылады.
6.2. Мəміле түрлері
Мəмiлелер бiржақты жəне екi немесе көпжақты (шарттар) бо-
луы мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сəйкес жа-
салуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет жəне жеткiлiктi бола-
тын мəмiле бiржақты мəмiле деп есептеледi. Мысалы, біржақты
мəмілеге келесілерді жатқызуға болады: азамат немесе заңды тұлға
өзiне тиесiлi мүлiк бойынша меншiк құқығынан бас тартуы (ҚР АК
250-бабы); сенімхат жасап, өсиет қалдыру (ҚР АК 1046 бап); жай
векселді ұсыну; мiндеттемені қарсы талапты есепке жатқызу арқылы
тоқтату (ҚР АК 370 бап).
Тек, бір тұлғаның еркін сипаттауы себепті, бiржақты мəмiле оны
жасаған тұлғаға мiндеттер жүктейдi.
Мысалы, тек заңды тұлғаларда, өзінің негізгі құралдарының
жартысынан бас тартып оны мемлекет пайдалануына берген кезде –
сəйкесінше баланстан шығарып жəне салық салынатын базадан алып
тастау бойынша тапсыру рəсімдері міндеттеледі.
Ал, басқа тараптан алғанда, біржақты мəмілелер заң құжатта-
рында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған реттерде ғана
мiндеттер жүктей алады (ҚР АК 149-бабы). Мысалы, мердігер
ретіндегі заңды тұлға тапсырысшының кінəсінен мердігерлік
жұмыстарды одан əрі орындаудан бас тартқан ретте, тапсырысшы іс
жүзінде орындалған жұмыстарды акті бойынша қабылдап, сол бой-
ынша онымен есеп айырысуы қажет (ҚР АК 631 бап).
Бiржақты мəмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы жəне шарт-
тар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңнамаға
жəне мəмiленiң құқықтық табиғатына қайшы келмейдi (ҚР АК 149-
бап).
Бiржақты жəне көпжақты мəмiлелерді жасау үшін тиісінше екі
жəне одан да көп тараптың үйлескен еркі қажет. Мұндай мəмілелер
109
шарттар деп аталады жəне кең таралған заңи фактілердің санаты-
на жатады жəне оларға мəмілелер, міндеттемелер жəне шарттар
жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Ал, олардың жекелеген
түрлеріне міндеттемелердің жекелеген түрлері жөніндегі ережелер
қолданылады ( ҚР АК 147-162, 268-960 баптары).
Мəмілелерді жасасу мақсатының бар не жоқтығына қарай аза-
маттық құқық мəмілелерді каузалдық жəне абстрактілік деп бөледі.
Егер ондай мақсат бар болса, онда мəміле каузалдық деп танылады,
ал, егер жоқ болған ретте ол абстрактілі саналады. Біріншісінің мыса-
лына, тұрғын үй құрылыс шартын атауға болады, яғни онда мəміленің
мақсаты – тұрғын үйді салу нақты айқындалған. Абстрактілі мəміленің
мысалына, акцияларды сатып алу үшін жай векселді ұсынуды айтуға
болады. Бұл ретте, мəмілені орындауға жəне оның қатысушыларының
жауапкершілігіне қатысты ешбір талаптар қарастырылмайды. Са-
тып алушы (вексел ұстаушы) кейіннен акцияларды сатып алуға
аударылған дивидендтердің аз мөлшерде екендігін білгенімен, ол са-
тушыдан векселді кері талап етуге құқығы болмайды.
Тəжірибеде мəмілелерді консенсуалды жəне нақты деп бөлу аса
маңызды орын алады.
Консенсуалды мəмілелер – келісімге келген сəттен бастап аза-
маттардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мəмілелер. Нақты
мəмілені жүзеге асыру үшін келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса
затты тапсыру керек. Нақты мəмілелер болып табылатын шарттардың
мысалы ретінде сақтау, заем, кепілпұлды жəне т.б. атауға болады. Де-
мек, бұлардың жасалуы үшін заттың да берілуі қажет етіледі.
Сондай-ақ мəмілелер ақылы жəне ақысыз деп ажыратылады.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тарап-
тар бір-біріне бір нəрсе беруі керек болса, бұл ақылы мəміле болып
табылады (мəселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал бір та-
рап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнəрсе бермей бірнəрсені
ұсынуды міндеттене алған мəміле ақысыз болып есептеледі.
ҚР АК 150-бабына сəйкес кейінге қалдырылатын жəне кейін күші
жойылатын шарттармен жасалған мəміле ұғымы енгізіледі.
Егер тараптар құқықтар мен мiндеттердiң туындауын басталу-ба-
сталмауы белгiсiз мəн-жайға байланысты етiп қойса, мəмiле кейiнге
қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледi. Демек, аталған
мəміле жасасу сəтінен емес, көрсетілген шарттар орын алған ретте ту-
ындайды жəне ол шарттардың туындау-туындамауы белгісіз болады.
Егер ол мəн-жай туындамаса, онда мəміле өз əрекетін тоқтатады.
110
Мысалы екі заңды тұлға мəміле жасаған, соған сəйкес шаруашы-
лық жылдың қорытындысы бойынша белгілі мөлшерде таза табыс
алған жағдайда бір тарап бір тарапқа автокөлік сыйлауға міндеттенген.
Егер тараптар құқықтар мен мiндеттемелердiң тоқтатылуын ба-
сталу-басталмауы белгiсiз мəн-жайға байланысты етiп қойса, мəмiле
кейiн күшi жойылатын шартпен жасалды деп есептеледi.
Осы ретте, тараптардың құқықтары мен міндеттері мəмілені жа-
сасу күнінен туындағанымен, көрсетілген мəн-жай орын алған ретте
тоқтатылады. Мысалы, тараптардың арасында жасалынған тұрғын
үйді жалға алу шарты жалға берушінің ұлы басқа қаладан келгенше
қолданылады.
Адал емес пиғылмен шарттың басталуына кедергі жасаған неме-
се теріс пиғылымен оның басталуына əрекет еткен жағдайда, аталған
құқық нормасы шартты мəмілелердегі адал емес пиғылды тараптарға
санкциялар көздейді. Бірінші жағдайда, егер бұл теріс пиғылды
əрекеттер жасалған болса – шарттар басталды деп есептеледі, екінші
жағдайда басталмаған болып есептеледі.
Акционерлік қоғамдар туралы ҚР Заңның 7-тарауында акционерлік
қоғамның ірі мəміле жасасу ұғымы берілген. Аталған заңнамалық
анықтама ондай əрекеттерді жасасу рəсімдерінің өзіне ерекше талап-
тар қояды жəне аталған категориядағы заңды тұлғалардың оларды
сақтамауының құқықтық салдарларын қарастырады.
Аталған Заңның 68-бабына сəйкес нəтижесінде құны қоғам
активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес жəне одан да
көп пайызы болатын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен
шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мəміле
немесе өзара байланысты мəмілелердің жиынтығы ірі мəміле деп та-
нылады.
Заңи тұрғыдан ірі мəміле ұғымы тек, акционерлік қоғамдардың
қызметіне ғана қолданылады. Заңды тұлғаның өзге ешбір түрі өз
қызметінде аталған ережелерді жəне рəсімдерді қолданбайды.
Мəмілені жасасу кезінде акционерлік қоғамның атынан оның
атқарушы органы, мысалы, президенті, директорлар кеңесі, сондай-
ақ қоғамның ең жоғары органы ретіндегі акционерлердің жалпы жи-
налысы əрекет етеді.
Аталған баптың ережелеріне сəйкес ортақ бір міндеттеме, ортақ
мақсат жəне мəмілелердің ортақ пəні, жасасу уақытының бірмезетте
болуы, сондай-ақ бірнеше мəмілелерде сол бір тараптардың қатысуы
арқылы біріккен бірнеше мəмілелер өзара байланысты мəмілелер деп
танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |