85
Қор жыл сайын ресми басылымдарда өз мүлкiн пайдалану тура-
лы есептi жариялауға мiндеттi.
Құрылтайшыларының құрамына, сондай-ақ қызмет ету саласына
қарай жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар құрылуы
мүмкін.
Қызметінің мақсаттарына қарай əлеуметтік, қайырымдылық,
мəдени, білім беру жəне өзге де қорлар құрылуы мүмкін.
Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың – бiр отбасы мүше-
лерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры
жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нота-
риалды куəландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн.
Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың –
коммерциялық жəне (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы
ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор
деп танылады.
Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың
жəне (немесе) заңды тұлғалардың – қоғамдық бiрлестiктердiң құрған
қоры қоғамдық қор деп танылады.
Мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген
тəртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану жəне оған билiк
ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк
бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор
деп танылады.
Қатысушылардың материалдық жəне өзге қажеттерiн қана-
ғаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын
бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi
тұтыну кооперативi деп танылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне
заңды тұлғалар кiре алады.
Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес,
селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық жəне
өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн.
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша
кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жəрдем
беру жөнiнен ортақ жауапты болады.
Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi ара-
сында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi.
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жыл сайынғы баланс бекi-
тiлгеннен кейiн пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу
арқылы үш ай iшiнде жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттердi орындамаған
86
ретте кооператив несие берушiлердiң талабы бойынша сот тəртiбi-
мен таратылуы мүмкiн.
Рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ор-
тақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тəртiп бойынша
бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп та-
нылады.
Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға
өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары
сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап
бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша
жауап бермейдi.
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен ак-
циялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайда-
ланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп
танылады.
Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың артықшылықты
акциялар, туынды жəне айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды
жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның құрылтай шарты осы
шартқа əрбiр құрылтайшының немесе оның уəкiлеттi өкiлiнiң қол
қоюы арқылы жасалады.
Дербес бiлiм беру ұйымдары, нотариаттық палаталар, адвокаттар
жəне жеке сот орындаушылары алқалары, сауда-өнеркəсiп палатала-
ры, кəсiби аудиторлық ұйымдар, меншiк пəтер иелерi кооперативтерi
жəне басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-
құқықтық нысанда құрыла алады.
Коммерциялық ұйымдар өздерiнiң кəсiпкерлiк қызметтерiн
үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүлiктiк жəне өзге де мүдделердi
бiлдiру жəне қорғау мақсатында өзара шарт бойынша, сондай-
ақ коммерциялық емес ұйымдармен бiрлесiп қауымдастықтар
(одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады.
Коммерциялық
емес
ұйымдар
осы
ұйымдардың
қауымдастықтарына (одақтарына) ерiктi түрде бiрiге алады.
Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өзiнiң дербестiгiн жəне
заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады.
Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойын-
ша жауап бермейдi. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның
мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай
87
құжаттарында көзделген мөлшерде жəне тəртiпте субсидиарлық
жауаптылықта болады.
Қауымдастық (одақ) мүшелерi, егер құрылтай құжаттарында
өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталған соң өзiнiң қалауы бо-
йынша қауымдастықтан (одақтан) шығуға құқылы. Бұл жағдайда
қауымдастық (одақ) мүшесi өзi қауы мдастықтан шыққанға дейiн
туындаған мiндеттемелерi бойынша шыққан кезiнен бастап екi жыл
бойына оның өзiнiң жарнасына бара-бар субсидиарлық жауаптылықта
болады.
Қауымдастық (одақ) мүшесi қауымдастықтың (одақтың) құрылтай
құжаттарында белгiленген реттерде жəне тəртiппен қауымдастық
(одақ) мүшелерiнiң шешiмi бойынша одан шығарылуы мүмкiн.
Қауымдастықтың (одақтың) шығарылған мүшесiнiң жауапкершiлiгiне
қатысты қауымдастықтан (одақтан) шығуға жататын ереже қолда-
нылады.
Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң келiсiмiмен оған қауым-
дастықтың жаңа мүшесi кiре алады. Қауымдастыққа (одаққа) жаңа
мүшенiң кiруi қауымдастықтың (одақтың) ол кiргенге дейiн туындаған
мiндеттемелерi бойынша оның субсидиарлық жауаптылықта байла-
ныстырылуы мүмкiн.
4.3. Тапсырмалар
Есеп 4-1
Қазыналық кəсіпорынның кəсіподақ комитеті директордың іс
əрекетіне шағым жасап, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі ко-
митетке жүгінеді. Кəсіподақ комитеті директордың жекеменшік бір
фирмамен кəсіпорынға тиесілі клуб ғимаратын жалға беру туралы
жасасқан шартын заңсыз деп санады. Фирма клубта тұрмыстық тех-
никалар мен басқа да тауарларды жаппай сатуды ұйымдастырады.
Клубтағы үйірмелер мен секциялардың жұмысы тоқтатылады.
Комитеттің шартты бұзу туралы бұйрығын директор орындамай-
ды. Қаржы көздерінің кірісінде жалдау ақысының үлкен маңызы бар.
Ал, шарт мерзімінен бұрын бұзылған ретте көзделген санкцияны
төлеуге кəсіпорынның дəрменсіз болуы себепті, шартты мерзімінен
бұрын бұзу мүмкін емес.
Есептен туындайтын сұрақтар:
Қазыналық кəсіпорынның мүлікті басқару жəне билік ету жө-
ніндегі құзыреті қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |