37
тын, орта жəне iрi кəсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды
тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) жəне олардың филиал-
дары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттары
қоса тiркелiп, өтiнiш берiлген күннен кейiнгi жетi жұмыс күнiнен
кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс. Жеке кəсiпкерлiк субъектiлерiне жат-
пайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда,
коммерциялық емес ұйымдарды, мемлекеттiк тiркеу 10 жұмыс
күнiнен кешiктiрмей жүргiзiлуге тиiс. Саяси партиялар үшін тіркеудің
бас мерзімі бекітілген. Оны тіркеу қажетті құжаттарды қоса ұсынған
өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір айдан кешіктірілмей жүргізі-
луі тиіс.
Тіркеудің жоғарыда аталған мерзімінің өзінің қызметін Үлгілік
жарғы негізінде жүзеге асыратын ЖШС жəне ҚЖС, толық серіктес-
тік жəне сенім серіктестігі, АҚ жəне ӨК сияқты заңды тұлғалар үшін
ғана айқындалғанын білген жөн.
Қазіргі уақытта бұл сферада келесідей НҚА қолданылады: ҚР
Үкіметінің «Шағын, орта жəне ірі кəсіпкерліктің субъектілері бо-
лып табылатын заңды тұлғалардың Үлгілік жарғыларын бекіту
жөніндегі» 2008 жылдың 16 қыркүйегіндегі №852 қаулысы; «Əділет
министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиал-
дар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту
жөніндегі» 2007 жылдың 12 сəуіріндегі №112 бұйрығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Əділет министрінің 2008 жылдың
13 қазанындағы №273 бұйрығы. Осы құжаттарға сəйкес тіркеу түрін
ескере отырып, өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыра-
тын заңды тұлғалар үшін өтініштердің жаңа нысандары (мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік қайта тіркеу, енгізілген өзгерістердің əрбіріне же-
келей) əзірленді.
Шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жəне
өндірістік кооперативтердің шағын, орта жəне ірі кəсіпкерліктің
субъектілері болып табылатындығын ескере отырып, аталған
ұйымдық-құқықтық нысандардың арасында барлық тіркеу рəсімдеріне
деген өтініштер ажыратылған.
Ең бастысы – өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге
асыратын заңды тұлғаларды тіркеудің шектеулі мерзімдерімен бірге,
тіркеуші органға жарғыны ұсыну талап етілмейді. Нотариалды
куəландырылған жəне бекітілген нысандағы үш дана өтінішті ұсыну
қажет (1-ші данасы – тіркеуші органға, 2-шісі – салық органына,
3-шісі өтініш берушінің өзіне).
38
Егер құрылтайшыларының саны біреуден көп болса, онда
құрылтайшылардың тізімі өтінішке қоса ұсынылатын қосымша
түрінде рəсімделеді. Осы ретте, өтініште келесідей деректер көр-
сетілуі тиіс: аты-жөні толықтай жазылған қатысушылардың тізімі,
тұрғылықты жері, жеке куəлігінің деректері (егер құрылтайшы жеке
тұлға болса) жəне атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері (егер
құрылтайшы заңды тұлға болып табылса).
Жаңалығы – өтініште қызметтердің барлығын көрсетпеуге де бо-
лады. ЭҚБК (экономикалық қызметтің басты кодын) сандық белгіде
көрсету жеткілікті жəне олар құжаттарды ХҚО тапсыру кезінде
қалыптастырылады. Өтініштердің бекітілген нысандарын ХҚО алуға
болады.
Егер заңды тұлға өзінің қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге
асыратын болса, онда тіркеуші орган нотариалды куəландырылған
жəне бекітілген нысандағы өтінішке (бұл заңды тұлғаның жарғысы бо-
лып табылады) келесідей мазмұндағы таңба «Үлгілік жарғы негізінде
тіркелді», сондай-ақ əділет департаментінің мөрі жəне тіркеу туралы
тиісті таңбалар қойылады.
Сондай-ақ, тіркелген заңды тұлғаның жоғары органы (құрыл-
тайшысы, мүлік иесі) өз қызметін Үлгілік жарғы негізінде жүзеге
асыру туралы шешім қабылдауға жəне тіркеу рəсімдерін өтуге де
құқылы екендігін атап өткен жөн.
Заңды тұлғалардың қайта тіркелуі заңды тұлғаның мемлекеттік
тіркелуін жүргізген органдарда жүргізіледі. Заңды тұлға мынадай
жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылғада;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы
өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн
жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн
жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар
бағалы қағаздар рыногының кəсiби қатысушысы жүзеге асыратын
шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс (ҚР
АК 42-бабы).
Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген
өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табы-
лады.
Тіркеу жəне қайта тіркеуге қарағанда, бір айлық мерзімде ха-
бардар ету заңды тұлғаның тіркеуші органға жүгінуі, яғни заңды
39
тұлғаның жарғысына оны қайта тіркеуге негіз болып табылмайтын
өзгерістер немесе толықтырулардың енгізілгендігі туралы хабар-
лауы болып табылады. Бұл орналасқан жерінің өзгеруі, жарғылық
капиталының ұлғаюы, органдар құзіретінің өзгеруі жəне т.б. болуы
мүмкін.
Шетел қатысуымен құрылған заңды тұлғалар барлық заңды
тұлғаларға қойылатын талаптар бойынша мемлекеттік тіркелімге
жатады. Тіркеу кезінде олардың құрылтайшыларының құқықтық
мəртебесін растайтын бірнеше қосымша құжаттар талап етіледі.
Мұндай заңды тұлғалар ҚР əділет органдарында тіркелгеннен кейін
отандық заңды тұлға статусына ие болады.
3.2.6. Заңды тұлғаның қайта құрылуы
Заңды тұлғаны қайта құру – оны құқықтық мирасқорлық
арқылы тоқтату.
ҚР АК 45 бабында заңды тұлғаны қайта құрудың төмендегідей
нысандары көзделген.
- қосу;
- біріктіру;
- бөлу;
- бөліп шығару;
- өзгерту;
Қосу – ол екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың жойылып,
олардың орнына жаңа заңды тұлға құрылатын қайта құрудың нысаны.
Біріктіру – заңды тұлға қысқартылып, құқықтық мирасқор бо-
лып табылатын заңды тұлға ірілендіріледі.
Бөлу – заңды тұлға құрамынан жаңа заңды тұлға бөлінеді жəне
бірінші заңды тұлға да қызмет ете береді.
Бөліп шығару – заңды тұлға жойылу негізінде екі немесе бірнеше
жаңа заңды тұлғалар пайда болады.
Қайта құру – заңды тұлғаның өзгертілуі оның ұйымдық -
құқықтық нысанының өзгертілуін білдіреді, мысалы, акционерлік
қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестікке өзгертіледі.
Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Ерікті түрде қайта құру мүлік иесінің шешімі бойынша, мүлік
иесінің уəкілдік берген органымен, құрылтайшыларымен жəне
құрылтай құжаттары арқылы уəкілетті органның шешімі бойынша
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |