№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
154
Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап,
қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок
түріне келтірген. Мұндай қайнатынды бояуға ашудас, мұсатыр, тотияйын, тұз,
қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, ӛріктің, жаңғағы
тағы басқалары.
Қазақ халқының дәстҥрлі ою-ӛрнегінің шығу тарихы. Қазақ халқының кӛне
заманнан бері қарай дәстүрінде ӛмір сүріп келе жатқан ою-ӛрнегі, олардың тыныс-
тіршілігімен тығыз байланысты. Ою-ӛрнектер елдің тарихымен, мәдениетімен және
ұлттық ерекшеліктерімен айқын танылуда.
Қазақтың «оюы» мен «ӛрнегі» бірігіп, латынша «орнамент» деген ұғымды
түсіндіреді, ал бұл сӛздің мағынасы «сәндеу, әсемдеу» дегенді білдіреді.
Қазақ ою-ӛрнегінің ӛзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау
алғашқы кӛне заман – тас, мыс, қола және темір дәуірлерінен бастау алады.
Тарихымызға жүгінсек, онда «палеолит» кезеңінде адамдар ӛнерге бейімделе
бастаған болатын. Палеолит кезеңіндегі ӛнердің алғаш туындысын 1879 жылы
кӛркемдеуші М. Саутуолой Испанияның Альтамир үңгірінен аң мен малдың
бейнелерінен тапқан. Сонымен бірге ағаштан және сүйектен жасалған «ана»
бейнелері Еуразияның бірнеше аймағынан археологиялық зерттеулер кезінде
табылған болса, соның бірі Мальтадан да табылған.
Неолит және қола дәуірін зерттеуден белгілі болған «ұлу» ӛрнегі сол
уақыттағы қоғамның таптық құрылысқа бӛліне бастаған тұсында пайда болған деген
тұжырым бар. Тарих зерттеушілерінің бірі Х. Арғынбаев анықтаған «ұлу» ӛрнек
элементтерінің ӛзі кӛптеген қазақ ру тайпаларынан белгілі болып келген. Қола
дәуіріндегі «Андронов мәдениетінің» космогониялық, геометриялық және
зооморфтық, мифтік ӛрнектерін қазақ ою-ӛрнек туындыларынан кӛруге болады.
Қола дәуірінде ӛмір сүрген адамдардың табиғи күштерге сенімінен туған
ӛрнектерін орта ғасыр сәулетшілері туындыларында кең қолданған. Энеолит
дәуіріндегі безендіру ісінде жай және күрделі геометриялық ӛрнектерді – ромб,
торкӛз, аралас түзу сызықтар қүні бүгінге дейін жеткен, ол «Таңбалы» мәдениетінен
аян екендігін ғалымдарымыз (Қ. Ақышев, Ә. Марғұлан, т.б.) мәлімдеп айтқан
болатын.
Қола дәуіріне жататын Үнді ескерткіштеріндегі ою-ӛрнек үлгісі геометриялық
– ирек, торкӛз, ірі түзу жолақтар, сынық сызықтар мен жіңішке тік сызықтар және
биологиялық тіршілік дүниелері, кейінгі қазақ ӛнерінде кӛрініс тапқан. Ою-ӛрнек
ғылымын жан-жақты зерттеуші ғалымдарымыз олардың құрылымы бойынша
былайша жіктегендігі белгілі, олар – космогониялық, геометриялық, зооморфтық
және ӛсімдіктік болып келеді.
Ежелгі адамдар ӛмірінің қоршаған ортасының, ӛздеріне беймәлім күштерінен
туған наным-сенім түрлері: анимизм, тотемизм, шаманизм, фетишизм сияқты
қарапайым сенімдері бүгінгі күні әлемге кең тараған буддизм, христиан, ислам,
индуизм сияқты ірі діни ағымдардың пайда болуына алып келді.
Адам ӛмірінде әрбір затқа киелі наным-сеніммен қарап, онда магиялық немесе
қасиетті күш-қуаты бар деп түсінгендіктен, осыған орайлас ӛздері салған оюларына
оны белгілеген. Магия кезінде әлем кеңістігінде кең таралғандықтан, олардың
тұрмыс-тіршілігінде қолданылатын барлық заттарға космогониялық, геометриялық,
зооморфтық, ӛсімдік түріндегі ою мен олардың қосындысынан пайда болған және
киелі деп танылған ӛрнектердің түрлі нұсқалары адамдар арасында туындаған
болатын.
Күн мен ғарыш денелеріне қатысты туған ойдан ою-ӛрнектер түрлерінде
кӛшпелілердің қолӛнер бұйымдарындағы негізгі элементтері «күн» ӛрнегі алынған
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
155
және бұл ӛрнек заттың дәл орта тұсына орналастырылған. «Жарты шеңбер оюы»
күннің шығысы мен батысын білдірген. Сонымен бірге кӛшпелі ел ӛмірінде «крест»
оюы да ежелгі адам-дардың екі таяқты бірінің үстіне бірін крест сияқты
қойып,оларды үйкегенде от шығарып жағуына байланысты пайда болғанын білуге
болады.
Дӛңгелек, шеңбер оюлардың символдары күнге қатысты кӛп оюлардың
түрлеріне жатады, ал солардың бірі «күн кӛзі», «күн сәулесі», «шыққан күн». Күн
типтес оюлар қатарына халық кӛне оюлардың бірі «тоғыз тӛбені» жатқызады.
Қазақтың ең кӛп тараған космонологиялық ою-ӛрнектерін кебеже мен әбдіренің дәл
орта тұсынан, кӛбінесе күн бейнесінде орналастырылғанын кӛруге болса, ал
айналасындағы ұсақ жұлдыздарды, бұлттарды кӛбінесе нүкте немесе толқын
сызықтары түрінде бейнелеген.
Қазақтың үй жиһаздарында кең тараған тағы бір ою-ӛрнектердің бірі – ӛсімдік
тектес оюлар. Мысалы, «тӛртқұлақ» ӛрнегіндегі ӛсімдік тәріздес ою б.з.б. VІІ-V ғғ.
сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының қолӛнерінде жиі қолданылғандығы туралы дерек
кӛздері де бар. Осыған орай, түрік кезеңінде Тараз қаласынан табылған (Х-ХІ ғғ.)
бұйымдардан «үш жапырақты» ою жалғыз қазақ жерінде ғана емес, сонымен бірге
Орта Азия, Византия, Батыс Еуропа мен Кавказ және кӛшпелі түркі тобына жататын
халықтарда кеңінен қолданыс тапқан.
«Ӛсімдік ою-ӛрнектері» ежелгі дәуірлерде ӛмір сүрген адамдардың
терімшілдікпен, егіншілдікпен айналысуынан, олардың наным-сенімдері кейін
ӛнерге айналуы ӛмір ӛзгерісін кӛрсетеді.
Зоомотфтық ою-ӛрнектер тӛрт түлік малдың бейнесінде болуы, осы
жануарлардың түршілік қасиеттеріне байланысты туындаған. Тарих зерттеуші С.И.
Руденконың пайымдауынша, зооморфтық стиль аңның, жануар мен құстардың
кішірейтілген басын (абстрактілі), бейнесін қола дәуірінің шеберлері дәл беруге
тырысқан, ал сақ ӛнершілері кӛбіне аңның, құстың, жан-жануарлардың мүйіздерін
спираль тәрізді дӛңгелетіп, ою-ӛрнекке айналдырып отырған.
Мал шаруашылығымен айналысқан кӛшпелі халық қойды пірі санауынан, ал
кейіннен «Қошқар ата» қой иесі деп танып, олардың наным мен сенімдері
қошқармүйіз оюның тууына себеп болды. Қазіргі кезде қошқармүйіз оюлар:
қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз т.б. түрлерде түрленіп қолданылуда. Қолӛнерге
ерекше нақыш беретін бұл ою, әр түкпірдегі елдерде ӛзіндік әсемдігімен әртүрлі
әрленіп дамуда.
«Есің кетсе ешкі бақ, есеге сенде жетерсің» демекші, осы «Сексек ата»
тұқымының қарағайдай басы, желбіреген құйрығы мен сақалы ел ішінде орын алған
«айшық-мүйіз» оюды ажарлай түседі. Оюдың әркездегі дамуында осы зооморфтық
оюлардың дара қасиеттеріне байланысты, оның мағынасы, композициясы,
симметриясы, ассиметриясы, колориті мен ритмін тарихи-философиялық мәні дами
түсуде.
Кӛршілес Қытай ӛнерінде де жиі кездесетін «канатты ат пен айдаһар»
образдары «аң» стильдік ӛрнектердің кейбір туындыларында ӛзіндік орын алады.
Ежелгі адамдар геометриялық ою-ӛрнектің магиялық және символдық мәні бар деп
есептеген. Магиялық сол кездегі наным-сенім бойынша киелілік,ол ӛліге де, тірі
табиғатқа да тән деп есептелген. Сондықтан ою-ӛрнектің магиялық күші бар деп
сенген ежелгі адамдар тұрмыс-тіршіліктерінде қолданытын барлық заттарға
геометриялық оюлардың түрлі нұсқаларын берген.
Геометриялық «меандр» ою-ӛрнегін дүние жүзі халықтары бүгінгі күнге дейін
бейнелеу ӛнерінде қолданады. Бұл оюдың символдық мәні «бақыт жібі» дегенді
түсіндіреді, ал екінші мәні «жүріп ӛткен жол мен ӛткен тарихты» білдіреді. Араб
Достарыңызбен бөлісу: |