№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
150
сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне тӛселе келе ӛздерінің
кӛрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға ӛз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне
жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады.
Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар ӛз
ӛнерінің тамаша үлгісін ӛзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды.
Осыдан келіп әр түрлі ою-ӛрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен
кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі»,
«орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды.
Осы ою-ӛрнектердің кӛп қолданылатындарына, сондықтан да халық
шеберлерінің кӛпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап ӛтейік.
Ою-ӛрнектердің тҥрлері. «Мүйіз» – қазақ оюының ең кӛне мәнері. Ою-
ӛрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-ӛрнек кейде ұсақ,
кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолӛнер
саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет ӛнерінде сан
түрлі мәнерде қолданылады.
Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз»,
«қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бӛлінеді.
«Мүйіз» ӛрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, кӛрпе, түскиіз,
шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.),
сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат
әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын
жері жоқ десе де болады.
«Қосмүйіз» ою-ӛрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді
және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй
жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін
пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін
бейнелейтін ою-ӛрнек.
Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-ӛрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың тӛбесіне,
шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
«Арқармүйіз» деп аталатын ою-ӛрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі.
Бұл элемент «қошқармүйізге» ӛте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып,
тармағы одан кӛбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй
жиһаздарында кездеседі).
«Қошқармүйіз» ою-ӛрнегі қойдың тӛбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз
бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір
шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың
тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек,
ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған
бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық ӛрнек
түрінде де тігіледі.
«Қырықмүйіз» ою-ӛрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп
мүйізден құралған ою-ӛрнектің бір түрі. Ол кӛбінесе дӛңгелек не тӛртбұрыш ішінде
бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-
бірімен қосылған бірнеше тармақты кӛп мүйізді оюлардан құралады. Тұскиіз, тон,
кежім, сырмақ, текемет, архитектура-сәулет ӛнерінде молырақ кездеседі.
«Сынықмүйіз» морт сынған тік тӛртбұрыш жасап, тӛрт рет ішке қарай иіледі.
Бұл ою-ӛрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі
қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт кӛрінісі малдың сынған мүйізіне
ұқсайды.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
151
«Ӛркеш» ою-ӛрнегі түйенің қос ӛркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет,
тұскиіздерге салынатын ою-ӛрнек композициясында кӛбірек кездесетін элемент.
Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос ӛркешін, биенің қос емшегін
бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-
бірліктің, кӛбеюдің символын білдіреді.
«Шыныгүл» ою-ӛрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл ӛрнек «тӛртайшық»,
«итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-ӛрнегі айға, мүйізге, жапыраққа
ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі ұшына жапырақ
қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады.
«Гүл» ою-ӛрнегі гүл ӛсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл
ӛрнектің түрі үш жапырақты ою-ӛрнектен басталып, он екі жапырақты ою-ӛрнекке
дейін қолӛнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің
жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
«Шытырман» ою-ӛрнегі кӛп жапырақты есімдік пен кӛп тармақты мүйіз және
геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі ӛрнек. Мұндай ӛрнектер заттардың
бетіне кӛп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық
дала, кең сахара) мегзеп жасалады.
«Түйетабан» ою-ӛрнегі түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-ӛрнек. Ол
кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-ӛрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді
екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша
дӛңгеленіп келетін ою. Түйетабан деп аталатын кӛп гүлді, үлпек басты тікені бар
есімдік, ол да түйенің табанына ұқсас екі жарты, оны кей жерлерде «табақ» ӛрнегі
деп атайды.
«Сыңарӛкеш» ою-ӛрнегі «сыңармүйіз» оюында айтылғандай, мүйіздің бір
сыңары етіктің басына ұқсап, қайқиып, қайталанып, шексіздікке ұласа береді. Бұл
ӛрнек негізінен «қошқармүйіз» элементінен жасалады.
«Балдақ» ою-ернегі бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары
басы балдақ сияқты жарты шығыр формасында келеді. Балдақ ӛрнегі бір-бірімен
қосыла, шеңберге ілмелене келіп, күрделі ӛрнек түзейді. Бұл ӛрнек киіз бұйымдарын
әшекейлеуде, кесте тігуде, зат бетіне оюлы бедер салуда қолданылады.
«Қармақ» ою-ӛрнегі кәдімгі балық аулайтын қармақтың ілмегін тұспалдайды.
Қармақ ӛрнегінде екі-үш, кейде одан да кӛп тармақ болады, оны кейде «зәкір таңба»
деп те атайды.
«Тарақ» үлгідегі ӛрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш
тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл ӛрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда
қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.
«Қосалқа» ою-ӛрнегі әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас
болып келеді. Қазақ оюларының ішіндегі ең кӛп тараған оюдың түрі. Ӛте шебер
келісім тауып құрастырылған «қосалқа» оюлары бір тұтас композиция ӛрнек
жүйесін жасайды. Ою-ӛрнек алқаның, сырғаның, жүзіктің кӛзіне салынып, кебінесе
зергерлік бұйымдарда қолданылады.
«Су ӛрнегі» деп әрбір ӛрнекті беліп тұрған жолақты айтады. Су ӛрнегі екі қатар
сызық аралығында ирек сызық арқылы дӛңгелек, тӛртбұрыш бейнелерді жасайды.
Бұл ою-ӛрнекті «бессаусақ», кейде «бесгүл» деп те атайды.
«Аалаша», «Аламыш» ою-ӛрнектері жарыса жасалған кӛп түрлі-түсті
жолақтардан құралады. Кейде сол жолақтардың ішінде геометриялық фигуралар
тектес не «мүйіз» ӛрнектерінің желілі түрлерінен құралған түрлі-түсті оюлар
болады. Бұл «аламыш» ӛрнегі шахмат тақтасының алаша сызығы сияқты жарыса
салынған қысқа, кейде ұзын сызықтардан тұрады. Бұл ӛрнек ши орауда, терме
бауларда, кілем, алаша, сүйек ӛрнектерінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |