№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
60
жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді. Олай болса, инновация – жаңаны кӛру,
жаңаға ену, жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет.
Инновация кең салалы, кең қолданыста, педагогика ғылымында ӛзіндік
категориясы болмаса да, педагог зерттеуші ғалымдар: «Білім беру жүйесіндегі
жаңалық енгізу», - деп пайдалануда.
Білім беру жүйесіндегі гуманизм – оқушының жан-жақты білім алуы, қоршаған
ортамен ашық қарым-қатынас жасап, диалогқа түсуі, сонымен қатар тек қана ӛз
еліңнің ғана емес, әлемдегі болып жатқан саяси, экономикалық, мәдени үдерістерді
түсінуі. Заман талабына сай білім беру жүйесін, нақтырақ айтқанда, мектеп жүйесін
қайта құрылымдау мәселесі демократиялаудың басты міндеті болып табылады. Дәл
осы мектептен бала ӛзіне керек білімдер мен қабілеттер жиынтығын алып,
келешекте тұлға болып қалыптасуына, ӛмірде ӛз орнын тауып, қоғамға, отбасына,
ӛзіне пайда келтірер талант иесі болатыны белгілі.
Осыған байланысты бүгінгі күннің маңызды проблемасы мектептің
демократияландыруы мен гуманизациясы, ол – балаға деген бетбұрыс, баланың жан-
жақты дамуына барлық мүмкін жағдайды жасау, олардың қызығушылығы мен
мүмкіншіліктеріне сай білім берудің қол жетімділігі. Осы орайда, гуманизацияның
гуманитарлық пәндермен тығыз байланысын кӛруге болады, ӛйткені гуманитарлық
пәндерді оқытуда нақты гуманистік ұлтаралық дүниетанымның қалыптасуына кең
мүмкіндік береді. Тіл мамандары немесе тарих пәнінің мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен жаңа ииновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы
оқушылардың қиялына ерік беріп, ой-ӛрісін дамытып, сыни ойлауға жетелейтін, сӛз
шеберлігі мен сӛйлеу мәдениетін қалыптатыратын сабақтар ӛткізуге болады.
Шын мәнінде, қазіргі кезеңде қоғамның ӛркендеп ӛсуі білім жүйесінің сапасын
жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы
ұстаздар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне
жеткізуді, нарық экономикасына бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті
мамандар дайындауды негізгі стратегиялық межеге жатқызады.
Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық
үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып,
оқушының рухани ӛсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға құмбыл,
ӛз әрекетіне ӛзгеріс енгізе алатын, ӛзгермелі ӛмірге оқушыны да, ӛзін де даярлай
білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Осыған орай, педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру курстарының үшінші базалық деңгейлік бағдарламасы бойынша
оқыған курс нәтижесі біздің де заманауи педагогикаға деген кӛзқарасымыз мен
дүниетанымның ӛзгеруіне зор үлесін қосты.
Ендеше осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту?
Ол – қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды,
сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады. Бұл
жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар ӛздігінен ары қарай
дамыту, іздену, ойлану, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б.
жайлар қолға алынбайды.
Мұндай білімнің аясы тар, кӛбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді.
Сондықтан кӛбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың
тӛменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске
асырылмайды. Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда, керісінше, мұнда басты
басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гӛрі оқушы кӛп ойланып, кӛп талқылап,
достарымен кӛп сӛйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен ӛз сабақтарын
оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп
ұйымдастыру талап етіледі.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
61
Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін ӛз
деңгейінде кӛрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнды ойларын білдіре
алатындай пікір-кӛзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін ӛрістетуге
орайластырылып құрылады. Бұл жерде: «Маған айт, мен оны ұмытамын, кӛрсет,
мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін», - деген қытай
мақалының түпкі мағынасына терең бойлауға тура келеді. Ғалымдар оқыған, естіген,
кӛрген т.б. әрекеттерден гӛрі адамның ӛзі ӛзгелерге түсіндірген білім кӛп есте
сақталатынын айтады.
Білім беру жүйесіндегі технологиялық амалдың маңызды белгілерінің бірі
мұғалімге ӛзі мен оқушылардың жұмысын бағалауға және түзету енгізуге мүмкіндік
беретін мақсаттардың бар болуы.
Ең тиімдісі – оқыту мақсаттарының оқушылар әрекеттері арқылы кӛрінетін
оқыту нәтижелері түрінде берілуі. Ол үшін әр сабаққа:
1) мақсаттардың деңгейленген нақты жүйесін (таксономиясын) жасау;
2) мақсаттарды айқын және нақты тілмен сипаттау.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді
тетіктерін мектеп тәжірибесіне жедел және жүйелі енгізу үшін Б. Блумның «Толық
меңгерту теориясы» сапалы білім алып, бағалаудың критериалдық жүйесін де
меңгертетін, нәтижеге бағытталған таксономия пайдаланылады.
Блум таксономиясы
Білім игеруге бағытталған 6 қадам
Бағдарламаның басты жаңа бағыты – іс-әрекет арқылы зерттеу болып
табылады. Ағылшын ғалымдары теориялық білімдерін міндетті түрде мектептерде
қолданып, оның дұрыс-бұрыс жақтарына терең талдау жасап отырады екен. Осы
бағытта әрбір жаңашыл мұғалімнен ӛзі сабағында қолданған жаңа тәсілдердің
дұрыс-бұрыс жағын терең талдап, зерттеу жүргізу талап етіледі. Құндылықтар мен
ұстаным, мәдениет дегеніміз не, мәдениетаралық оқушыны қалыптастыру,
Білу, тану
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |