№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
58
бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бӛлімдерінің
бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға кӛп кӛмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану
ыңғайлы және оларда ӛзін-ӛзі тексеру жүйесі бар. Бұл электронды оқулықтың
артықшылығы болып табылады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер,
видеокӛріністер, дыбыс және музыка тыңдатып кӛрсетуге болады. Бұл әрине,
мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі
қиын сабақтарды компьютердің кӛмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа
деген баланың құштарлығы оянады.
Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін,
шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық,
эстететикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға кӛмектеседі, ал кӛрнекі
құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің
дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып ӛсуіне,
рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп.
Мектептердің білім деңгейін кӛтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану
арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге кӛтеру, мектеп ұстаздарының,
басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп
есептейміз.
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер
әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық,
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық
технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына
үнемі
зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы мол.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша,
ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың
информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда
мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты
дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап
етеді.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі
оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар
мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – ӛздерінің кәсіби мүмкіндіктерінің
қалыптасуына жол ашады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007.
2 Аяпова Т., Ұқбаев Д. Ағылшын тілі. Оқыту әдістемесі. – Алматы: Атамұра,
2001.
3 Smart-education: келешекке бағытталған білім.
4 «Педагогика» журналы. – №2. – 2009.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
59
РАЗУЕВА Бахыт Тҧрсынахуновна,
«№41 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
«Ағылшын тілі» пәнінің1 санатты мҧғалімі, Семей қаласы,
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ЖАҚСЫБАЕВА Ардақ Ерсоветовна,
«№41 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
«Тарих» пәнінің2 санатты мҧғалімі, Семей қаласы,
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІН ГУМАНИЗАЦИЯЛАУ АЯСЫНДА
ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
Ұстаз бойында педагогикалық әдеп,
ғылымилық, ілтипаттылық
– ең басты қасиеттердің бірі болуға тиіс.
Әр баланың өмір тіршілігі өзінше бір тағдыр...
Сабаққа қызықпаса, себебіне үңіл,
себебін өзіңнен ізде...
Балаға сыйлы боламын десең,
баланың өзін сыйла...
баға құнды емес,
бала құнды.
В. Синица
Тұңғыш рет адамзат тарихында идеяның және дүниенің, адам дамуына
қарағанда қарқындырақ ӛзгеріп, дамып бара жатқаны байқалады. Жаңа ғылыми-
ақпараттық, инновациялық технологияларға кӛшу, жаһандық үрдістердің кӛбеюі –
адамзаттың даму парадигмасының ӛзгерісіне себепші болады.
Бұл жағдайда әрқашан ӛзін ӛзгертуге және жетілдіруге дайын жеке тұлғаның
даму деңгейі маңыздырақ. Дәл осы мәселе әр маманның бәсекеге қабілеттілігін
анықтайды, демек жалпы мемлекеттің де бәсекеге қабілеттілігі анықталады. Міне,
сондықтан да жеке тұлғаның даму деңгейін айқындайтын білім беру жүйесі кӛптеген
әлем елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да жалпыұлттық басымдық болып
табылады.
Мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер білім беру
жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойып отырғандықтан ХХІ ғасырда білім мен
ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту қажеттілігі басты
назарда. Бұған дәлел, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан – 2050» мемлекеттік стратегиялық жолдауында: «Біз «білім – ғылым –
инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып
келеміз, бірінішіден, бұл – уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры», - деп
атап кӛрсетілген болатын.
Екіншіден, инновациялық әдісте оқыту, яғни, ӛздігінен жаңалық ашу, алдын
ала болжау аса маңызды.
Үшіншіден, оқытудың белсенді әдісі (Майхнер) инновация (лат. сӛзінен
«жаңа») деген ұғымды береді.
Э. Роджерс: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея», -
десе, Майлс: «Инновация – арнайы жаңа ӛзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің