Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


Ақпараттану жəне қатынастық ақпараттар технологиясында сы- ныптан тыс жұмыстың келесідей түрлері атап көрсетіледі:  -



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет76/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113

231
Ақпараттану жəне қатынастық ақпараттар технологиясында сы-
ныптан тыс жұмыстың келесідей түрлері атап көрсетіледі: 
-   өтетін орны (сыныпта немесе сыныптан тыс (мектептен тыс));
-   уақытша жүргізу (сабақта жəне сабақтан тыс);
-   берілген тапсырмаларды шешуге деген құлшынысы (оқуда 
жəне оқудан тыс).
Сыныпта сыныптық жəне сыныптан тыс тапсырмалар болады. 
Көптеген сыныптық жұмыстар сыныптан тыс жерде жүргізіледі 
(табиғаттану сабағы саябақта, дене шынықтыру спорт залдарда). 
Жоғарыда атап кеткендей сыныптық жəне сабақтық, сыныптан 
тыс жəне сабақтан тыс деп қарастыруымызға болады. 
Сабақтық жəне сабақтан тыс орындалатын тапсырмалар-
ды байланыстыруға болмайды, өйткені сабақта сыныпта отырып 
шешетін тапсырмалар қарастырылады. Көптеген сыныптан тыс 
орындалатын факультатив сабақтар мен жеке шығармалар сыныптан 
тыс тапсырмалар болып есептелінеді. Көркем əдебиеттер, театрлық 
студиялар, спорт секциялары сыныптан тыс бос уақытта жүргізілуі 
тиіс. 
Сабақтан тыс жұмыс – оқушылардың мектептегі сабақтық-
тəрбиелілік негізін қалыптастыратын негізгі кезеңнің бірі. Сабақтан 
тыс (сыныптан тыс) бағыттар, əдіс-тəсілдер сонымен қатар 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану 
бұл кезеңде тапсырмалардың барлығы дерлік сəйкес келеді. 
Сабақтан тыс жұмыстар сыныптастар арасында немесе қатар 
сыныптар арасында жүргізілетін сыныптан тыс əлеуметтік-
педагогикалық жəне тəрбие беру мақсатында жүзеге асатын дис-
куссиялар, кездесулер, саяхат жасау, музей жəне театрларға бару, 
еңбекпен айналысуға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар. 
Сабақтан тыс жұмыстар өзін-өзі басқаруға жəне сынып арасын-
да жүргізілетін оқушылардың қарым-қатынасын жақсартуға 
көмектеседі. Көп жоспарлық сыныптан тыс жұмыстар барысында 
оқушылардың мəдениеті қалыптасады. 
Сабақтан тыс жұмыстар балалардың қосымша білім алуы-
мен тығыз байланысты, себебі осы бағытта оқушының көркем 
əдебиетте, техникада, экология-биологиялық, спорттық жəне т.б 
да бағыттары қалыптасады. Оқушылардың қосымша білімі – жас 
жеткіншектердің қосымша программаларды меңгеруге, білім жəне 
тəрбие бағытында өз қалаулары бойынша таңдау алуға мүмкіндік 
беретін негізгі бағыт. Алайда қосымша білім беру бағыты мектептегі 


232
оқу-тəрбиелік үдеріспен жəне сабақтан тыс уақытта қатар жүргізілуі 
керек. 
Сыныптан (сабақтан) тыс қосымша білім берудің мақсаты – 
оқушының шығармашылық танымдылығын арттыру, өмірге дұрыс 
көзқараспен бейімделуге мүмкіндік беру, көпшілік қоғамда өзін 
қалай ұстауға тəрбиелеу. 
Балалардың сабақтан тыс жұмыс пен қосымша білім арасын 
байланыстыратын түйін əр түрлі факультатив сабақтар, мектептегі 
ғылыми қоғамдар, кəсіби бағытталудың бірлесуі, таңдау курста-
ры болып табылады. Жұмыстың мазмұны мен əдісі шешілетін 
мақсаттар мен тапсырмаларға байланысты оларды басқа да білім 
беру үдерісіне жатқызуға болады. Оқушылардың қосымша білім 
алуы əрекеттің нақты бағытындағы жəне білім аясындағы қосымша 
білім бағдарламаларын дамытуды қамтамасыз ететінін естен 
шығармау керек.
Жалпы орта білім беру жүйесінде сабақтан тыс жұмыстың 
артықшылығы оқу бағытына - оқушылардың оқу қызметіне беріледі.
Оқу əрекеті – теориялық білімдерді жəне оқу тапсырмала-
рын шешу үдерісіндегі əрекет əдістеріне бағытталған оқушылар 
əрекеттері түрінің негізгі бір түрі.
Өз кезегінде оқудан тыс əрекет – оқудың əлеуметтенуіне, оқудан 
тыс уақыттағы оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің 
өсуіне бағытталған оқушылар əрекеттері түрінің бірі.
Жоғарыда саналған оқушылар əрекетінің барлық түрлері 
тұлғалық өзіндік мінездеменің бар болуына қарамастан бір-
бірімен тығыз байланысқан, ол оқу əрекетінің бағыты жəне 
оқушылардың түрлі əрекеттерін ақпараттандыруда қолданылатын 
ақпараттық құралдар мен ресурстар бағытымен сəйкестіндірілген 
ақпараттандыру үдерісінің дамуында көрінуі тиіс. 
Оқытушылар алдындағы аталған ерекшеліктерді ескере отырып, 
ақпараттық жəне қатынастық технологиялардың артықшылықтарын 
қолдану мен қамтамасыз етуші. Оқушылардың оқудан тыс əрекетін 
ұйымдастыру міндеті қойылады: 
-  оқудан жəне сабақтан тыс əрекеттердің тиімділігі мен 
сапасының жоғарылауы; 
-   оқушылардың танымдық жəне шығармашылық əрекетінің оқу 
ақпаратын компьютерлік визуализациясы, ойын жағдайлары-
ның қосылуы, басқару мүмкіндіктері, оқушылардың оқудан 
тыс əрекеттері режимін таңдау есебіндегі активизациялау;


233
-   қазіргі өңдеу құралдарын қолдану, сақтау, ақпаратты беру, со-
нымен қатар түрлі пəн аясындағы міндеттерді шешудегі (мы-
салы, автоматтандырылған, тұлғалық оқу жүйелері, оқудан 
тыс мерекелік шаралары мен бос уақыттарды ұйымдастыруда 
қолданылатын электрондық оқулықтар) жəне аудиовизуалдық 
пəнаралық байланыстардың тереңдетілуі;
-   оқудан тыс мерекелік шаралар аясында алынған білімнің 
практикалық бағытталуының жоғарылауы;
-   информатика жəне ақпараттық технологиялар аясындағы білім, 
білік жəне дағдылардың бекітілуі; 
-   оқушылардың ақпараттық-қатынастық технологиялар 
құралдары көмегімен дамыған тұлғалық-шығармақшылық 
əрекетіне танымдық қызығушылығының құрастырылуы;
-   оқудан тыс əрекет формаларының тəрбиелік əсерінің өсуі;
-   оқушылармен жұмыс даралау мен саралауды іске асыру; 
-   қазіргі қатынастық құралдар көмегімен оқушылардың еркін 
мəдениетті əңгімелесу мүмкіндіктерінің дамуы;
Оқушылардың оқудан тыс жəне сабақтан тыс əрекеттерін 
ақпараттандыру мақсаттарының негізгілері:
-   біркелкі ақпараттық кеңістіктің құрылуына мектепті тарту;
-   оқушыларда ашық ақпараттық қоғам дүние танымының 
құралуы, ақпараттық қоғам мүшелерінің дайындығы;
-   компьютерге əңгімелеу, оқу, өзін көрсету, шығармашылық 
қарым-қатынас жасауды құрастыру;
-   оқушылардың шығармашылық, өзіндік ойлау қабілетінің да-
муы, өзіндік іздеудің білімі мен біліктілігінің құрастырылуы, 
ақпаратты талдау мен бағалау, ақпараттық технологияларды 
қолдану дағдысына ие болуды дамыту;
-   оқушылардың танымдық жəне шығармашылық белсенділігінің 
дамуы;
-   оқушылардың тұлғалық-шығармашылық əрекетке танымдық 
қызығушылығының орнықты қалыптастырылуы;
-   назар, ес, елестету, кабылдау, ойлау, ұғымдылықтың дамуы;
-   сабақтан тыс əрекеттің барлық формаларының тəрбиелік 
əсерінің жоғарылауы;
-   жалпы орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық 
қорлардың дамуы;
-   оқытушылар, оқушылар мен ата-аналар арасындағы тиімді 
ақпараттық қарым-қатынасының ұйымдастырылуы; 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау