Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,51 Mb.
Pdf просмотр
бет9/20
Дата20.11.2018
өлшемі1,51 Mb.
#22000
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

15 



5.6.1.7 Шу-дірілді  қондырғылар  бар  үй-жайларды  ұйықтайтын  бөлмелер  үстіне 

немесе астына жанастыра орналастыруға болмайды.  

5.6.1.8 Ұйықтайтын үй-жайлар шу көздерінен оқшау орналастырылуға тиіс.  

5.6.1.9 Стационарлық  сауықтыру  ұйымдарындағы  ұйықтайтын,  мәдени-бұқаралық 

мақсаттағы және әкімшілік үй-жайлар тек жер үстіндегі қабаттарда орналастырылуға тиіс.  

 

5.6.2 Тұратын үй-жайлар 

 

5.6.2.1 Тұруға арналған үй-жайлар тобының құрамында мыналар болуға тиіс: 



а) тұрғын бөлмелер; 

б) санитарлық тораптар; 

в) күндіз болатын бөлмелер (немесе дәліздер); 

г) ұстаздарға арналған санитарлық тораптар бар тұрғын бөлмелер; 

д) жалпы мақсаттағы тұрмыстық қызмет көрсету үй-жайлары.  

5.6.2.2 Жыл бойғы лагерьлерде (мектеппен бірлескен кешендегі лагерьлерден басқа) 

келіп-кетуге  арналған  үй-жайлардың  жайлылық  деңгейі  бөлмедегі  орындар  санына, 

аумағына  және  тиісті  санитарлық-технологиялық  қондырғылардың  болуына  байланысты 

болады.  

5.6.2.3  Әр  жасақтың  (топтың)  үй-жайларында  дербес  аумаққа  шығатын  жол  болуға 

тиіс. 

 

5.6.3 Тамақтану үй-жайлары 



 

5.6.3.1 Тамақтануға арналған үй-жайлар тобы қосымша келесі топтарға бөлінуі тиіс: 

тамақ  үлестірілетін  тамақтану  залы,  өндірістік  үй-жайлар,  азық-түлікті  қабылдау,  сақтау 

үй-жайлары мен қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар.  

5.6.3.2 Бас жоспарда тамақтану блогы лагерьге көлікпен жақындауға болатын есікке 

жақын  орналасуы  және  қолданыстағы  нормативтік  құжаттар  талаптарына  сәйкес  тұрғын 

үй-жайлардан бірдей қашықтықта орналасуға тиіс.  

5.6.3.3 Көлемдік-жоспарлық  және  конструктивтік  шешімдер  жолымен  шикі  азық-

түліктердің  қарама-қарсы  ағынын  болдырмай,  технологиялық  процестер  реттілігін,  

жартылай  дайындалған  өнімдер  мен  дайын  өнімдердің,  таза  және  қолданылған  ыдыс-

аяқтардың, келушілер мен қызметкерлердің қарсы жүрісін қарастырған жөн.  

5.6.3.4 Тамақтанатын залдарды лагерь топтары, жасақтар мен бөлімшелердің белгілі 

бір жайлылығы үшін шағын аймақтарға бөлу қажет.   

5.6.3.5 Тамақтану  үй-жайларында  шикізатпен  немесе  жартылай  фабрикаттық  

өнімдермен жұмыс істейтін ас әзірлейтін блок қарастырылады.  

 

5.6.4 Мәдени-көпшілік мақсаттағы үй-жайлар  

 

5.6.4.1 Мәдени-көпшілік  мақсаттағы  үй-жайлар  тобы  қосымша  келесі  топтардан 



тұрады:  ойын-сауық,  саяси-көпшілік,  клуб-өндірістік  және  спорттық,  сондай-ақ  арнайы 

жобалау тапсырмасы бойынша - еңбекке оқыту үй-жайлары.  




ҚР ҚН 3.02-16-2014 

 

16 



5.6.4.2 Жоғарғы  сынып  оқушыларына  арналып  жобаланатын  лагерьлер  үй-

жайларының  құрамында  міндетті  түрде  кино  және  бейнефильмдерді  көруге,  түрлі 

жиындарды,  кештерді,  дәрістер  мен  басқа  да  көпшілік  шараларды  өткізуге  арналған 

әмбебап залдар болуы тиіс.   

5.6.4.3 Әмбебап  залдар  амфитеатрмен  жабдықталуы  тиіс  және  жүктеу  пандустары 

бойынша жүзеге асырылады. 

5.6.4.4 Саяси-көпшілік,  мәдени-көпшілік  және  спорттық  мақсаттағы  алаңдар 

жасақтық шараларды өткізу мүмкіндігін есепке ала отырып жобалануға тиіс.  

5.6.4.5 Мәдени-бұқаралық  үй-жайлар  құрамында  оқу  залы  бар  кітапхана,  көрмелер 

өткізуге  арналған  орын,  ойындарға  арналған  үстелдері  бар  ойын  бөлмелері  және  ойын 

залдары болуы тиіс.  

5.6.4.6 Барлық 

лагерьлерде 

кино 


және 

бейнефильмдерді, 

концерттерді, 

көркемөнерпаздар  қатысушыларының  орындауларын  көруге  арналған  эстрада  бар  ашық 

немесе жабық алаң, сондай-ақ бұқаралық іс-әрекеттер алаңы болуы тиіс.  

5.6.4.7 Клуб-өндірістік  шағын  топтар  құрамында  техникалық  және  көркемөнер 

шығармашылығына арналған қосалқы үй-жайлар бар әмбебап шеберханалар болуы тиіс.  

 

5.6.5 Әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы үй-жайлар 

 

5.6.5.1 Әкімшілік-шаруашылық  мақсаттағы  үй-жайлар  тобына  келесі  шағын  топтар 



кіруі тиіс: әкімшілік, шаруашылық және тұрмыстық. 

5.6.5.2 Қабылдау-вестибюльдік топтар үй-жайына келесідей шағын топтар енуі тиіс: 

вестибюльдік немесе медициналық. 

5.6.5.3 Арнайы  киімдерді  сақтауға  арналған  бөлмені  киімдер  мен  аяқ  киімдерді 

кептіруге  арналған  үй-жаймен  біріктіріп,  оларды  ұйықтау  бөлмелерінің  барлық 

топтарынан бөлек орналастыру қажет.  

5.6.5.4 Әкімшілік-шаруашылық  мақсаттағы  аумақта  инженерлік  құрылымдар, 

қоймалар,  шеберханалар,  гараждар,  дербес  көлікке  арналған  автотұрақтар  мен 

қызметкерлерге арналған тұрғын үй-жайлар орналастырылады.  

5.6.5.5 Әкімшілік-шаруашылық  мақсаттағы  аумақ  негізгі  ғимараттарға  қатысты 

желді  ық  жақтан  есепке ала отырып,  ас әзірлейтін бөліктің өндірістік үй-жайларына ену 

жағынан орналастырылуға тиіс және оның жеке кіру жолы болуы тиіс.  

5.6.5.6 Жертөлелерде  қоймалық  және  қосалқы  үй-жайлар,  желдету  камералары, 

көтергіш-лифтілер мен басқа да қосымша қызметтер болуы тиіс.  

 

5.6.6 Медициналық үй-жайлар  

 

5.6.6.1 Үй-жай  құрамы  қысқартылған  лагерьлерден  басқа,  барлық  типтегі 



лагерьлерде медициналық шағын топ құрамына медициналық пункт қарастырылуы тиіс. 

5.6.6.2 Медициналық  пункт  үй-жайларының  ең  төменгі  жиынтығында  –  дәрігер 

кабинеті, ем жасау кабинеті, сонымен қатар изолятор палатасы қарастырылады.  

5.6.6.3 Изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс.  




жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау